Материалдар / Сабақ жоспары "Мақсат – жетістік желкені. "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Мақсат – жетістік желкені. "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға алдарына мақсат қоя білуді үйрету және жеткен жетістіктеріне мақтан тұтуларын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мектеп: №17 И.И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясы

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені. № 5-6

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: ұқыптылық, өз-өзіне сенімділік.

Мұғалімі: Суюндикова Индира Шонгербаевна

Сынып – 8

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өз болашағына деген жауапкершілікке, сенімділікке дағдыланады.


Сабақтың мақсаты: - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап мақсат қоя білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері: : - оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру.


Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу.


Тыныштық сәті. Орманға саяхат


2. Үй тапсырмасын тексеру: «Үш ағайынды жігіт» тақырыбындағы аңыз әңгімені сұрау.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

Б. Қажымұханов

А. Беляев

3. Дәйексөз:

«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық» деген қанатты сөзге оқушылардың назарын аударту.

- Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?



4. Әңгімелесу (сұхбат) «Үш ағайынды жігіт» атты аңыз әңгімені талдау және сұрақтар қою.

- Мақсат адамға не үшін қажет?

- Қалай ойлайсыңдар адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?

- Өзің қайсысының пікірімен келісесің?


Аңыз әңгіме


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар «Бүгінен – жарқын болашағым!» тақырыбында жоба, (мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже құру) ұсынылады.


Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»


әні: Ш. Қалдаяқов сөзі: Ғ. Қайырбеков


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей

Көзіңнен танимын.




7. Үй тапсырмасы. № 1 «Менің - мақсатым» деген тақырыпта эссе жазу.

Келесі сабақ. № 2 Аңыз әңгіме оқу және оқулықтағы түйіндемелермен танысу.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет бар жерде, дұрыс іс-әрекет, дұрыс іс-әрекет» бүкіл әлемде.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!