Сабақ жоспары "Мен тұратын үй." 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Мен тұратын үй." 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қоршаған ортаны аялауды, адамдарға құрметпен қарауды меңгерту; Оқушыларды үйде тазалық пен тәртіп сақтай білуге қалыптастыру; Балаларды көршілермен тату бола білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Дүниетану

Сыныбы:

3 «б»

Уақыты

14.03.2012

Сабақтың тақырыбы:

Мен тұратын үй

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:


А) Ақпараттық құзыреттілік


Ә) Коммуникативтік құзыреттілік


Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі




Оқушыларға қоршаған ортаны аялауды, адамдарға құрметпен қарауды меңгерту;

Оқушыларды үйде тазалық пен тәртіп сақтай білуге қалыптастыру;

Балаларды көршілермен тату бола білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру.

Оқыту құралдары:

Фотосуреттер: 1. Балалардың тұратын үйлерінің суреттері. 2. Балалардың ойнап, спортпен айналысып, ауланы қоқыстан тазартып жатқан суреттері.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі

- Сәлеметсіздер ме

оқушылар? Отырыңыздар.

- Көңіл күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

- Құралдарымызды шығарып, мұқият тыңдап, сабағымызды бастайық.


Орындарынан тұ

рып мұғаліммен амандасады. Құрал – жабдықтарын алдарына дайындап шығарып қояды. Зейіндерін

мұғалімге аударады.

Оқушылардың құрал – жабдықтары түгел болады.






Табиғат және сабақ күнтізбесімен жұмыс


  • Оқушылар, қазір қай жыл мезгілі?

  • Көктем туралы кім өлең, мақал – мәтел, жұмбақ біледі?



- Жарайсыңдар балалар!

Енді барлығымыз терезеге қарайықшы.

Бүгін ауа райы қалай?

Бұлтты ма, әлде ашық па?

Күн салқын ба, жылы ма?

Күн шығып тұр ма?

-Көктем.

Білетін өлеңдерін, мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын айтады.



Оқушылар барлығы терезеге қарайды. Ауа райының қандай екенін айтады.



Ауа райының белгілерін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, біз алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік?

- Үй тапсырмасына кім дайын?

- Қане, кім айтады, неге қаладағы жұмыс ауылдағыдан мүлде басқаша?

- Қала мен ауыл.

- Барлығымыз.

- Оқушылар өз ойларын айтып шығады.

Үй тапсырмасына жақсы, мұқият дайындалып келгендіктерін көрсетті.

Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материлды қабылдауға дайындық.


Тақырыпқа кіріспе:

Күннің өзі, білсеңдер,

Біздер үшін жаралған.

Жарығымен жақұсылық

Іздеу үшін жаралған.

От та біздің досымыз,

Суда біздің досымыз.

Түсінсеңдер біз осы –

Бар әлемнің досымыз.

(Ә. Тәжібаев)

Мұқият тыңдайды.








Балалар қлеңді оқиды.

Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық жасайды.

Жаңа материалды түсіндіру

-Барлығымыз дәптерлерімізді ашып күннің жадын, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып қояйық.

-Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз “Мен тұратын үй”.

- Жер – біздің ортақ үйіміз, біз бүгін сол туралы әңгімелесеміз.

- Балалар, сендер үшін үй деген сөз қандай мағына береді?



Балалар, ендіше оқулығымызды ашыңдар. «Мен тұратын үй» мәтінін мен оқып шығам, сендер мені мұхият тыңдаңдар.

Қайрат пен Айгүл ата – анасымен қалада тұрады. Ал олардың әжесі мен атасы – ауылда. Бір күні әжесі мен атасы немерелеріне қонаққа келеді. Қайрат пен Айгүл оларды үйдің кіреберісінен қарсы алып, өздерінің пәтеріне ертіп жүрді. Пәтер алтыншы қабатта болғандықтан, бәрі лифтіге мінді. Лифт алтыншы қабатқа жетіп тоқтады. Олар басқыш алаңына шықты. Алаңда төрт пәтер бар. Қайрат №24 пәтердің қоңырауын басты. Есікті апасы ашты. Ол өзінің ата – анасымен амандасып, үйге кіргізді.

Қайрат пен Айгүл әжесі мен атасына пәтерді көрсетті.

  • Мынау – асүй. Мұнда апам тамақ дайындайды.

  • Мынау – ас ішетін бөлме. Біз мұнда ертеңгі, түскі және кешкі асты ішеміз.

  • Мынау – қонақжай. Мұнда бүкіл отбасымызбен демаламыз, теледидар қараймыз.

  • Мынау - әке-шешеміздің жатын бөлмесі.

  • Мынау – біздің бөлме. Екі жатын бөлмеде де балкон бар.

  • Мыныу – жуынатын бөлме және әжетхана.


Әжесі мен атасы біраз күн қонақ болғаннан кейін ауылға қайтты. Олар Қайрат пен Айгүлді өздерімен бірге ала кетті.

Ауылдағы үйлері бір қабатты. Көшелері қаладағыдай кең емес. әр үйдің үлкен ауласы бар.

Әжесі мен атасы сиыр, қой, тауық және ит ұстайды. Таңертең ерте сиыр мен қойларды өріске жібереді. Олар күні бойы жайылып, шөпке тойып, кешке қайтып оралады. Атасы сиырды сиыр қораға кіргізіді. әжесі сиыр сауды, немерелеріне жаңа сауылған сүт берді. Сүт жылы әрі дәмді. Атасы қойларды қой қораға қамады. Аулада тауықтар жүр. Айгүл оларға жем шашты. Ол жем шашқанда: «Шеп-шеп-шеп!»-деп дауыстады. Тауықтар жүгіріп келіп, жем жеді. Кешкісін өздері тауық қораға кіріп, қонақтады.

Атасының үйі үш бөлме және асүйден тұрады. Ұйықтайтын бөлме екеу: біреуі – атасы мен әжесінікі, екіншісі – немерелеріне арналған және шағын асүй мен қонақ жай бар. Мұнда бөлме жоқ, бірақ оның есесіне монша бар.

Атасы монша жақты. Моншаның қабырғасы мен сөрелер ағаштан жасалған. Монша қызғанда, ағаштың жағымды иісі шығады. Қайың сыпырғышпен немересінің арқасын сабалады.

Кешкі аста бауырсақпен шай ішіп, бәрі әзіл – қалжың айтысып отырды.

«Шай, шай ішсең көңілің жай», - деді атасы.


Сұрақтар:

  1. Қайраттың пәтері туралы айт.

  2. Атасының үйі қандай?

  3. Қаладағы үй мен ауылдағы үйдің айырмашылығы неде?

  4. Онда тұрғындар үшін қандай қолайлы жағдай жасалған?

Дәптерлерін ашып күннің жадын, бүгінгі өтетін тақырыпты жазады.




Оқушылар осы берілген сұраққа өз ойларымен жауап береді.







Оқушылар оқулыққа қарап, қолдарын жүргізіп отырады.







Осы сөйлемдер оқылып жатқанда суреттері көрсетіледі.











Мұғалі мәтін бойынша қойылған сұрақтарға өз ойларымен нақты жауап беріп оырады.





















Берілгекн сұрақтарға жауап береді.

Жаңа материалды мұқият түсініп алды.















Үйлер жайлы толық мәлімет алады.


















Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып түсінікті болады.

























Сана сезімдері оянады.


Қорытындылау

-Сабақта қандай қызықты жайттардан хабардар болдың?



  1. Өмір сүру үшін адамдарға не қажет?

  2. Үй, ауланың сен үшін қандай маңызы бар?

  3. Сен көрші үйлердегі қарттармен қандай қарым – қатынас жасайсың?

Әркім өзінің сабақта хабардар болған қызықты жайттарын айтады.


Өз ойларын айтады.

Қорытынды сұрақтарға ойлана отырып, мұқиятжауап берді.

Бағалау.

Үйге тапсырма

-Сабаққа белсене араласып, қатысып, сабақ айтқан оқушыларды бағалаймын.


Үйге тапсырма: Қайрат пен Айгүлдің атасы мен әжесіне қыдырып барғаны, көрген–білгені жайлы әңгіме құрастырып келеміз.



-Сау болыңдар!

Тиісті бағаларын алады.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


-Сау болыңыз!

Оқушыларды бағалау олардың қызығушылықтарын арттырды.

Үй тапсырмасын түсініп алды.


Сабақ аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2018
2252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі