Материалдар / Сабақ жоспары «Менің отбасым және достарым» 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары «Менің отбасым және достарым» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2-бөлім «Менің отбасым және достарым»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
6430
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Менің отбасым және достарым»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну

2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Көптеген оқушылар: мұғалім көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды

Кейбір оқушылар: өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Тыңдаған мәтіннің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін анықтайды.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Tілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Қамқор, қамқорлық, көмекші

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша.., біздің ойымызшы...

Құндылықтарды дарыту

Отбасына қамқорлық, мейірімділік көрсетуге үйрету

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Оқушыларды топтарға бөлу.

Әр топқа ақ қағаз беру. Сол ақ қағазды «пицца» деп есептейді. Бес отбасы мүшелерін «пицаның» бөліктеріне жазады. ( ата, әже, әке, ана, аға) Әр топ мүшелері «пицаның» бір бөлігін алып, сол бөлікте жазылған сөзге сөйлем құрастырады.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

33 минут

(МК Ұ) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.

Кішкентай қарындасым

«Ағатайым келді!» -деп,

Қара көзің күлімдеп,

Қарсы аласың елжіреп,

Қарындасым –

Қарлығашым!

Сен құшасың күлімдеп,

Мен құшамын «гүлім» - деп,

Жайнай берші, күнім боп.

Қарындасым –

Қарлығашым!

авторы Ә. Табылды

(Ұ) Оқушылар өлеңді дауыстап, бір мезетте хормен оқиды.

Өлеңді оқығаннан кейін сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Өлең кімге арналған?

  2. Үлкендер кішілерге қандай қамқорлық көрсетеді?

  3. Кішілер үлкендерге қалай көмектеседі?

Дескриптор:

  1. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сергіту сәті

           «Қаражорға» биін билеп қимылдарды бір оқушы атап, қалған оқушылар айтып көрсетеді (билейтін таулар, толқын, самал жел, домбыра, жорға, қызғалдақ)


(Ұ) Тыңда және жауап бер.

Динаның әпкесі бар. Ол Динаға ертек оқып береді. Сабағына көмектеседі. Ол өте білімді.

Ал Надяның ағасы оны сабаққа апарады, оған коньки тебуді үйретеді. Ол ағасымен мақтанады.Себебі ол мәнерлеп сырғанаудан чемпион.


Сұрақтар:

1.Дина кімді өте жақсы көреді?

2. Надя кіммен мақтанады?

3. Динаның әпкесі қандай?

4.Дина мен Надяға кімдер көмектеседі?

Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Дәптермен жұмыс:


Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар

отбасына қатысты басым сөздерді суреттер бойынша әңгімелейді.




Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді.


Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау




Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!