Материалдар / Сабақ жоспары Өлкетану 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Өлкетану 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне өлкетану сабақтарын жоспарлауда көмек ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
10327
103 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары. Өлкетану

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Мектеп: № 20 ЖОББМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Топонимдер—өткен заманның куәгерлері (өлке тарихы атауларында)


Оқу мақсаты

6.2.2.6. жергілікті жер, қала, өзен, көл, тау атауларының шығу тарихын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: өзі тұратын өлкеде қандай жер-сулар бар екенін біледі;

Көпшілігі: туған өлкенің жер-су атауларының неге байланысты пайда болғанын анықтайды;

Кейбірі: туған өлкенің жер-су атауларының тарихын сипаттай алады;

Бағалау критерийі

- өлкені жер-сулары туралы жұптық жұмыста талдайды

- туған өлке тарихына қатысты жер-су атауларының неге байланысты қойылғанын оқулықпен жұмыстана отырып сипаттама жасайды;

- Тапсырмаларды орындау арқылы туған өлке жер-суларының тарихын біледі;

Тілдік мақсаттар

(А) Жер-су атауларының тарихын талдайды, түсіндіреді

(Ж) Жер-су атауларына байланысты кестемен жұмыстанады, қажетті ұғымдар мен термин сөздерді дәптерлеріне жазады;

(Т) Топонимикалық жер-су атауларының тарихынан мәліметтер тыңдайды;

(О) Оқулықпен жұмыстануда өлке атауларының тарихына қатысты аңыздар мен жырлардан үзінділер оқиды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология: топоним, топонимика

Диалог: Мұғалім -оқушы, оқушы – оқушы

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Тарихи концепт (фокус)

Дәлел

Алдыңғы білім

Туған жердің жер-сулары атаулары



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

басы












Мұғалім.  Сабағымызды бастамас бұрын: бір-бірімізге тілек айтайық. Сабақтың ұраны: «Бір-бірімізді тыңдаймыз, Қате кетсе түзейміз,

Ойымызды толықтырамыз, Белсенді боламыз».


Миға шабуыл

1. Туған жерімізде қатысты қандай өзендербар?

2. БҚО-дағы қандай көлдерді білесіңдер?

3.Жайық өзені атауы туралы, тарихы туралы не білесіңдер?

4. Өздерің туып-өскен аудан, ауылдың қандай жер-су атауларының тарихын білесіңдер?










Сабақ ортасы





























БЫМ. фотосуреттер

ЖЖ. Өлкенің өзен-көлдері, жер атаулары бойынша кластер құрастырады

Дескриптор: білім алушы

- өлкенің жер-сулары бойынша кластер құрастырады

Бағалау. «Қошемет»


Тапсырма

Мәтінмен жұмыс (талдау жасайды)

Топоним, топонимика термин сөздерінің мағынасын ашады

Тапсырма. Орал қаласы мен Жайық өзені атауы тарихынан мәліметтерді анықтайды

Жайық атауы 1775 жылға дейін қолданылып келді. ІІ Екатерина патшайымның жарлығымен, Пугачев көтерілісі жеңілгеннен кейін оны халық санансынан біржола өшіру үшін Жайық өзені Орал, ал Жайық қалашығы Орал (Уралск) болып өзгертіледі.

Орал қаласы –БҚО орталығы.Көне атауы-Теке.


Тапсырма ЖЖ.

Атақты жыраулардың жырларында өлкеге қатысты жер-су атауларының кездесуін анықтау.

Шалкиіз жырау «Қырымның қырық батыры»

Мұрын Сеңгірбекұлы «Қарға бойлы Қазтуған»

М.Мөңкеұлы жырлары

Аңыз «Қуырдақ» ел-мекенінің атауына байланысты.


Жайық өзені, Шалқыр көлі, т.б. Фотосуреттер, ҚР картасы

(оқулық)





«Өлкетану» оқулығы


Сабақтың соңы
















Жеке жұмыс. кестемен жұмыс

Дескриптор: білім алушы

-тарихи оқиғаларға байланысты жер-су атауларының тарихын анықтайды;

-табиғат жағдайына байланысты жер-су атауларының тарихын анықтайды;

-тарихи тұлғаның атына байланысты жер-су атауларын анықтайды;

-пайдалы қазбаларына байланысты жер-су атауларын анықтайды;

Бағалау. «Басбармақ» әдісі

Рефлексия (кері байланыс)

Үйге тапсырма. 1 жер-су атауының шығу тарихын анықтап келу










Саралау:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Топтарға тапсырма

Оқушыларға сабақ басында фотосуреттер көрсете отырып, жұппен жұмыстануға қолдау көрсетуді жоспарлаймын. Сабақ барысында жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс жүзеге асады.

  • Сабақ барысында кластер құрастырту арқылы оқушыларға қолдау көрсетпекпін.

  • Топтық жұмыс кезінде әр топ мүшелері тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау арқылы ортақ пікірге келе отырып, топта талдайды, одан соң өзге топтарға түсіндіреді, сұрақтарына жауап береді.

  • Жұптық жұмыста кестемен жұмыстану арқылы бір-біріне қолдау көрсетіп, көмектеседі. Кесте толтырып, сұраққа қатысты өз пікірлерін жазады.

  • Жеке жұмыс орындау кезінде барлық оқушылар бір тапсырманы орындайды, қабілеті жоғары оқушылар басқаларына қарағанда тапсырманы толық, нақты жауап бере отырып жұмыс жасайды деп жоспарлап отырмын.

Бағалау:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Оқушылардың

назарын сабаққа шоғырландыру

мақсатында  оқушылар бір-біріне тілек білдіріп, жағымды психологиялық белсенді көңіл-күй тудырдым. Бұл сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Оқушылардың ой-пікірін білу, салыстыру жасау үшін кестемен жұмысты топта орындатамын.

Сабақ соңында кестемен жұмыстану арқылы жаңа сабақ бойынша алған білімді меңгеруі анықталады.

Оқушылардың әр тапсырманы орындауынан соң қолдау көрсете отырып, «Қошемет», ауызша түрде, «Басбармақ» әдістері арқылы жүргіземін.

Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін айтып өтеді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы


Сыныпта санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;


АКТ (интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережесі;


Оқушылардың өзара қарым-қатынасын үнемі өз бақылауымда ұстау


Сабақ бойынша рефлексия:

1. Оқу үдерісінде сабақ өз мақсатына жетті ме?


2.Оқушылар нені меңгере алды?



3.Сабақ барысындағы мақсатқа қол жеткізе алды ма?



4.Оқыту үдерісінде сабақта саралау дұрыс жүзеге асты ма?



5. Оқыту барысында уақыт аралықтары сақталды ма?

Дейінгі рефлексия:

Сабағымның сәтті тұстары

Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқып үйренуге қатысты)

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқып үйренуге қатысты)

1.


2.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!