Материалдар / Сабақ жоспары өндірістік оқу, Мәліметтер қоры кестесін құру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары өндірістік оқу, Мәліметтер қоры кестесін құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің теориялық білімімен ұштастыра отырып, компьютерде жұмыс жасауды және мәліметтер қоры кестесін құруды үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
914
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Аға шебер

____________Ө. Көшеков

«_13_» __11_ 2018 ж



Өндірістік оқудың өтетін жері:

Компьютерлік орталық


Мамандығы : 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Біліктілігі: 1304012 – «Электрондық есептеу машинасының операторы»

Курс, тобы/ группа / Group: II , №17-04

Сабақ жоспары /План урока/ Lesson plan

Сабақтың тақырыбы / Тема урока / The theme of the lesson : Мәліметтер қоры кестесін құру

Сабақтың мақсаты /Цель урока/ Aim:

Білімділік /Образовательная/ Education: Студенттердің теориялық білімімен ұштастыра отырып, компьютерде жұмыс жасауды және мәліметтер қоры кестесін құруды үйрету

Дамытушылық / Развивающая/ Development: Студенттердің орталықта жұмыс жасау кезінде тиянақтылығын, ұқыптылығын дамыту.

Тәрбиелік:/ Воспитательная/ Educational: Студенттерді кәсіптік білімнің ерекшелігіне көзқарасын қалыптастыру, таңдаған мамандығына баулу және қызықтыру.

Сабақтың типі / Тип урока / Type of the lesson: Комплексті жұмыстарды орындау.

Оқыту әдістері / Методы обучения/ Teaching methods: тест сұрақтары, практикалық жұмыс.

Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс / Межпредметная и внутрипредметная связь/ Interclisciplinary communication : Еңбекті қорғау, арнаулы пәндер, электротехника, орыс тілі, ағылшын тілі.

Материалдық –техникалық жабдықтар / Материально- техническое оснащение/ Objects : А)Дербес компьютерлері, интерактивті тақта, слайдттар.

Б) Тапсырмалар.

Сабақ барысы /Ход урока/ Course lesson:

І. Ұйымдастыру бөлімі / Организационная часть/ Organizational part : (5 мин)

1.1. Студенттерді түгендеу

1.2. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау / Вводный инструктаж /Introduction instructions: (40 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

2.2 Студенттердің білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қою;

  1. Деректер қоры дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қорына қандай талаптар қойылады?

  3. Кестелер арасындағы байланыс қандай мүмкіндіктерді береді?

  4. MS Access-ті қалай іске қосады?

  5. Кесте құрудың неше әдісін білесің?

  6. Есеп дегеніміз не?

  7. Сұранысты құрудың неше әдісі бар?

  8. Форма дегеніміз не?

2.3. Техника қауіпсіздігі ережелеріне тоқталу.

2.4.Cтуденттерге жаңа сабаққа нұсқау беру.

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:

1. Жалпы ережелерді;

2. Дербес коспьютерде жұмыс жасау алдындағы;

3. Жұмыс жасау кезіндегі;

4. Апаттық жағдайдағы;

5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

Компьтерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

1.1.Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы

дәрігерлік көмек көрсету

Оқушы компьютермен жұмыс жасау барысында электр тоғымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің төмендегі берілген әрекеттеріне назар аудару қажет:

1. Тоқты өшіру (щиттағы, қалқандағы батырманы басу арқылы);

2. Зақымданушы тоқ әсерінен (сымнан) босату;

3. Дәрігер шақыру;

4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.

1. Күйген жағдайда:

  • Ауырғанды сездірмейтін дәрілер (анальгин, валерьян және т.б.) беру;

  • Күйген жерге арнай май жағу;

  • Зақымданған жерге суық су құю;

  • Алдын – ала жараланған жерді, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.

2. Есінен танып қалған жағдайда:

  • Зақымданушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек.

3. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:

  • Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.

  • Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасау.

1.2. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалану қажет:

1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):

  • Алысқа – жақынға, оңға – солға, жоғары – төмен қарау;

  • Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;

  • Көзді қолмен жауып 1 – 1,5 минут отыру.

2. Басты бұру жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан – жаққа бұру.

3. Саусақтарды жұмып – ашу және қолдың білезігін босаңсыту.

4. Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.

MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т.б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда .mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.

        Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер.

Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, Кестелерде берілгендер сақталады.

Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.

Қалып (форма) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.

Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.

Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.

Модуль Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.

Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.

Деректер қоры негізгі құрылымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте   қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында  бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.

         Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.

         Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар. (1-кесте)

MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.

MS Access ДҚБЖ -де деректердің типтері

1-кесте

Деректер типі

Пайдаланушы

өлшемі

Мәтіндік

Алфавитті-цифрлық деректер

255 байт

Memo өрісі

Алфавитті-цифрлық деректер – сөйлемдер, жаңа жол, мәтіндер

64 кбайт

Сандық

Сандық деректер

1, 2, 8 және 16 байт

Дата/уақыт

Дата және уақыт

8 байт

Ақшалық

Ақша суммасы туралы деректер. Үтірден кейін 4 таңбаға дейін

8 байт

Счетчик

 

4 байт

Логикалық

Логикалық деректер

1 бит

OLE объектісі

Диаграммалар, суреттер және Windows-тың қосымшаларының басқа да объектілері

1 гбайт




Кесте шебері арқылы құру

ДБ-сы терезесінен  Кесте шеберін екі рет шерткен кезде  төмендегі  диалогты терезе көрінеді. Жасайтын  кестемізге  үлгіден  таңдаймыз, кестенің өрістерін таңдай отыра жаңа таблицаға  толтырамыз. Өріс үлгісіндегі  аттарын  өзімізге керегінше өзгерте аламыз. Мысалы суретте «Отчество»-ның орнына  «аты» деген сөз енгізуге әрекет етудеміз. Ол үшін  Отчество сөзін жаңа кесте жаққа апардық, сосын  «переименовать поле»  өрісіне шерттік. Сол кездегі шыққан терезешенің «Имя поля»  өрісіне аты деген  сөзді енгізіп  «ок»-ді түртеміз.Осылайша  қалауымызша  кестенің  бағандарын  жасап аламыз да  кестені  сақтаймыз.


Кестені   конструктор  көмегімен  құру.

Жоғарыда айтылған ДБ-сы  терезесінен  конструктор  режимі деген сөйлемді екі рет шертеміз, төмендегі суреттегідей  кесте терезесі  шығады.


1-сурет

Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады: 
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама. 
Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды. 
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауғ адеректер типі пайдаланылады. 
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру. 
Кестеде келесі өрістер бар: 
• Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет. 
• МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. 
• Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. 
• Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. 
• Ақшалай (Денежный) – ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. 
• Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет. 
• Логикалық (Логический) – логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек. 
• OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. 
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз. 
«Мәліметтер типі» өзі автоматы түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте құрылымы алынады. 
Жұмыстың орындалу реті:

  1. MS Access-ті іске қосыңыз. Бұл үшін MS Office панелінде орналасқан MS Access пиктограммасын басыңыз немесе Іске қосу (Пуск)–Программалар-MS Access командаларын орындаңыз немесе Менің компьютерім терезесінен MS Office папкасы ішінен MS Access пиктограммасын таңдаңыз.

  2. “Деректер қорын құру терезесінен Жаңа деректер қоры”   ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.

  3. “Жаңа деректер қоры файлы терезесінде деректер қоры файлы орналасатын диск және каталогты (папканы) көрсетіп, файл аты өрісіне файлдың атын енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  4. “Деректер қоры” терезесінде “Кесте” батырмасын таңдап, “Құру” батырмасын басыңыз.

  5. “Жаңа кесте” терезесінде жаңа кестенің құрылымын құру режимі – Конструкторды таңдаңыз.

  6. Кестенің Конструктор терезесінде әр өріске ат беріңіз және типін таңдаңыз.

Өрістің типін беру үшін «Деректер типі» бағанындағы сәйкес ұяшықты шертіңіз. Таңдалған ұяшықтың оң жағында пайда болатын тізім символын ашып, керекті типті таңдаңыз.  Әр өріске қасиеттер беріңіз (қасиеттер тізімі деректердің таңдалған типіне тәуелді болады).

Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:

  • байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.

  • бүтін  (целое) –  -32768-ден  32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.

  • Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.

  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар

  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар

Сөзжұмбақ

 

  1. Тінтуірдің ағылшын тілінде аталуы?

  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?

  3. Ағылшын тілінде сөз не деп аталады?

  4. Үй ағылшын тілінде қалай аталады?

  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?

Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді



Сөздік жұмыс


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Қолданба

Приложение

Application

Диалогтық терезелер

Диалоговые окна

Dialog box

Анықтама терезе

Окна справок

Help Windows

Менің компьютерім

Мой компьютер

My computer

Шекаралар

Границы

Scope

Тақырып жолы

Строка заголовка

Header line

Жүйелік меню белгішесі

Значок системного меню

The icon system menu

Жабу батырмасы

Закрывающая кнопка

Closing button

Жималау батырмасы

Кнопка свернуть

The minimize button

Жаймалау батырмасы

Кнопка резвернуть

Turn button

Меню жолы

Строка меню

Menu bar

Құрал-саймандар тақтасы

Панели инструментов

Toolbar

Жұмыс аймағы

Рабочая область


Workspace

Түр

Вид

View

Белгішелер

Значки

Badges

Тізім

Список

List

Кесте

Таблица

Table

Беттер эскизі

Эскизы страниц

Page thumbnails

Құру

Создать

Create




Компьютерде өзіндік жұмысы / Самостоятельная работа на компьютере/

Independent work on the computer: Мәліметтер қоры кестесін құру

24-тапсырма

Access Оқушылардың тізімі деректер базасын жасаңыз. Сіз оқитын оқу орны, сынып жетекшілер туралы ақпаратты қамтуы тиіс

Білімдердің, жасай білудің, машықтанудың бақыланатын түрлері

  • Деректер базасының мақсатын білу

  • Кестелерді жасай білу

  • Кестелерді байланыстыра білу

  • Кестелерді толтыру ережелерін білу

  • Деректері типін білу

  • Сұратулар түрлерін білу

  • Сұрату жасай білу

  • Нысандар жасай білу

  • Есептер жасай білу

  • Басуға шығара білу

Орындаудың мөлшерленген уақыты, мин

180 мин

Тапсырманы орындау бағасының өлшемі

  • Деректер базасының мақсаты

  • Кестелер жасау

  • Кестелердің байланысы

  • Деректер типі

  • Сұратудың түрлері

  • Сұрату жасаудың тәсілдері

  • Нысандар жасаудың тәсілдері

  • Есептер жасаудың тәсілдері

  • Құжаттарды басып шығару

Тапсырмаларды орындау технологиясы

  • Оқушылардың тізімі деректер базасын жасау

  • Оқушылар кестесін жасау. Кестенің жолақтары: оқушының №, А.Т.Ә., мекен-жайы, телефоны, анасының А.Т.Ә., жұмыс орнын, телефонын, әкесінің А.Т.Ә, жұмыс орнын, телефонын. Бас жолағы оқушының №.

  • Сынып жетекшілері кестесін жасау. Кестенің жолақтары: Сынып жетекшісінің А.Т.Ә. №, топтың №, мекен-жайы, телефоны. Бас жолағы Сынып жетекшісінің №.

  • Топатар кестесін жасау. Кестенің жолақтары: топтың №, топтың атауы, лауазымы. Бас жолағы топтың №

  • Деректер кестесін жасау. Кестенің жолақтары: оқүшының №, Сынып жетекшісінің №, топтың №. Бас жолағы жоқ.

  • Деректер типін жолақтардың мағынасына қарай орнату.

  • Кестені Сервис-Сызба меню арқылы мынадай жолақтар бойынша байланыстыру:

Оқушылар мен деректер кестесі – жолақ оқушының №, сынып жетекшілері және деректер кестелерді– Сынып жетекшісі № жолағы.

Топтар мен деректер кестесі – топтың № жолағы

  • Сіз оқитын оқу орнының деректерін пайдаланып кестені толтырыңыз.

  • Кестелерді сақтау.

  • Топтар бойынша сұрату жасау. Таңдау шарты – топтың атауы. Сұрату мына жолақтарды: топтың атауын, оқушының А.Т.Ә., сынып жетекшісінің А.Т.Ә. қамтуға тиіс.

  • Сынып жетекшілері бойынша сұрату жасау. Таңдау шарты – Сынып жетекшісінің .А.Т.Ә. Сұрату мына өрістерді: Сынып жетекшісінің А. Т.Ә., мекен-жайын, топтың атауын қамтуға тиіс.

  • Оқушылар бойынша сауал. Таңдау шарты – оқушының А.Т.Ә. Сауал өрісі: топты, оқушының А.Т.Ә., мекен-жайын, телефонын, анасының А.Т.Ә., жұмыс орнын, телефонын, әкесінің А.Т.Ә., жұмыс орнын, телефонын қамтуы тиіс

  • Барлық Оқушылар сауалын жасау. Сауал мына өрістерді: оқушының А.Т.Ә., топтың атауын, мекен-жайын, телефонын қамтуға тиіс.

  • Оқушылар нысанын жасау. Нысан мына өрістерді: топты, оқушының А.Т.Ә., мекен-жайы, анасының телефоны, жұмыс орны, телефоны, әкесінің А.Т.Ә., жұмыс орны, телефоны.

  • Сынып жетекшілері нысанын жасау. Нысан мына өрістерді: Сынып жетекшісінің А.Т.Ә., мекен-жайын, топтың атауын қамтуға тиіс.

  • Оқушылардың есебін жасау. Есеп мына өрістерді: топтың, оқушының А.Т.Ә., мекен-жайы, телефоны, Анасының А.Т.Ә., жұмыс орнын, телефонын, әкесінің А.Т.Ә., жұмыс орнын, телефонын қамтуға тиіс.

  • Сынып жетекшілерінің есебін жасау. Есеп мына өрістерді: Сынып жетекшінің А.Т.Ә., мекен-жайын, топтың атауын қамтуға тиіс.

  • Жасалған есептерді басуға шығару.

Қажетті жабдықтың тізбесі

OS Windows NT, 2000, XP

MS Access 2003,2007

Принтер



ІІІ.Ағымдық нұсқау / Текущий инструктаж/ The current instruction: (5 сағат)

Өндірістік оқу шебері студенттердің жұмысын бақылау мақсатында қадағалап отыру:

А) Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырлуы;

Б) Техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы ;

В) Берілген жаттығумен дұрыс жұмыс атқаруы;

Г) Студенттерге жеке нұсқау берілуі;

Д) Жаттығу кезінде жіберілген қателіктердің болдырмау жолдарын түсіндіру;

Е) Жұмыс орындарының тазалығын тексеру.

IV.Қорытынды нұсқау / Заключительный инструктаж / Conclusion of instructions (15 мин)

4.1 Студенттердің жұмысын бағалау;

4.2 Кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту;

4.3. Жұмыс орындарын реттеу.

4.4. Үй тапсырмасы: «Мәліметтер қоры кестесін құру» оқу

Базарбаева Айгуль Бакытбаевна,

Қызылорда инженерлік техникалық коллледжі ,

І / бірінші/ санатты өндірістік оқу шебері


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!