Материалдар / Сабақ жоспары. Қ дыбысы мен әріпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары. Қ дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары.Тақырыбы: Қ дыбысы мен әріпі.Сынып: мектепалды даярлық топ. Пәні: сауат ашу. Мақсаты: 0.1.1.1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. 0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп, əңгіме құрастыру. 0.3.3.1. Жазу жолына Қ əрпінің элементтерін жазу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Қ дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ: Кішкенекөл № 1 орта мектебі

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Исенова Жулдыз Маратовна

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау. 0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау. 0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп, əңгіме құрастыру. 0.3.3.1. Жазу жолына Қ əрпінің элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп шағын əңгіме құрастырады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Қ дыбысы – дауыссыз дыбыс, қ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі қ дыбысының орнын ажыратады. Қ əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады. Қ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы қ дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолына əріп элементін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттен қ əрпі бар заттардың атауын атайды. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Қ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады. Қ əрпін бейнелейді.

Тəрбиеленушілер:Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Лақ, қозы, құлын. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.Саған қандай төл ұнайды?


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин




Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, тақпақ айтады

Армысың күн,армысың жер ана,

Армысыңдар достарым

Жақсы тілек тілеймін

Сабақтарың жақсы боп

Өссін өрге ойларың!!!!




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 20мин.


(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

  • Балалар, бүгін біз «Қ» дыбысымен танысамыз. Дыбысты біз естейміз. Мысалға, қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі.

  • Кәне, бәріміз «Қ» деп айтайық.

«Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Міне, осыдан «Қ» дыбысы жасалады. «Қ» – дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

  • Енді өздерің «Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.

  • Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «Қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.


Құлыншағым –құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады

(І.Жансүгіров)

Балалар суреттегі төлдердің іс- əрекетін əңгімелейді. Төлдер туралы əңгіме жүргізіледі. Балалар өз ойларын білдіреді. Жануарлардың құлақтарының суреттерін салады. Құлақ сөзін буынға бөледі, оған дыбыстық талдау жасатады. Лақ , қозы, құлын сөздеріне дыбыстық талдау жасау

(Ұ) Сергіту сəті.

Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

Қояным тұршы

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы!

Енді алға адымдап жүрші!

Жарайсындар!! Ал енді суретпен жұмыс жасайық. Сурет бойынша сұраққа жауап береді, əңгіме құрастырады. Күшік пен мысыққа ат қояды. Мысалы: Мойнақ, Ақмоншақ

Ермексаздан Қ əрпін мүсіндетеді.

Дәптермен жұмыс. Қ әріпін көркем жазу.











Қ əрпінің баспа түрі жазылған плакат.







Əліппе-дəптер.





Суретпен жұмыс


























IV. ҰОҚның қорытындысы.

Рефлексия.

0-3мин

Педагог балалардың белсенділігін талқылайотырып өз білімдерін бағалауын өтінеді. (Ұ,Ө) Рефлексия. Смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!