Материалдар / Сабақ жоспары Қалай дұрыс тамақтану керек? 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Қалай дұрыс тамақтану керек? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. 1 сыныптың Жаратылыстану пәнінен қолдануға ұсынылатын жоспарлау үлгісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2021
608
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Төле би атындағы №8 гимназия

Ортақ тақырып: Мен және менің отбасым

Мұғалімнің аты: Карымбаева К.М.

Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қалай дұрыс тамақтану керек ?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.3.3. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау.

1.1.1.1. Қоршаған әлем құбылыстары , үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажетілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Адамның өсуі мен дамуына пайдалы тағамдардың керек екенін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Адамның өсуі мен дамуына пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратады және өз сөздерімен түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Дұрыс тамақтанудың ережесін құрады және мысал арқылы түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

1. Адамның өмір сүруі мен дамуы үшін пайдалы тағамдарды анықтайды.

2. Қоршаған әлем құбылыстары мен нысандарын зерттейді және қажеттілігін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Пайдалы тағам – полезная пища – healthy food.

Тамақтану пирамидасы – пирамида питания – the food pyramid.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адамның өмір сүруі үшін қажет жағдайлар не ?

  • Пайдалы тағам түрлерін ата?

  • Зиянды тағам түрлерін ата?

  • Дұрыс тамақтану не үшін қажет ?

  • Дұрыс тамақтану ережесін ата?

  • Отбасылық мерекелер қалай өтеді?

  • Қандай тағамдарды сүйіп жейсіндер?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту, үлкенді құрметтеу, сыйлау, ынтымақтастық құндылықтарын бала бойына дарыту. Мәңгілік ел идеясының 3, 4 тармақтарына сәйкес оқушыларды өзін өзі тануына, өздерінің отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. Отбасы татулығы, отбасылық дәстүрлерді сақтау, отбасы құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

«Өзін-өзі тану» пәнінің өзінің таңдауын құрметтеу, оны іске асыру, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тарауларымен байланыстыру. Көркем еңбек – суреттерді бояу. Дүниетану – отбасылық дәстүр.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Пайдалы тағам, тамақтану, тамақ сөздерінің мағынасын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы





1. Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік бәріңе,

Құрметпенен біз. (қимылмен көрсетеді)

Тақтаға жазылған сөздер арқылы бөлінеді

Сусындар, Тәттілер, Жемістер.

  • Адамдар бұл заттарды не үшін қолданады?

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау.

  • Олай болса, бүгін дұрыс тамақтану жолдарын білесіңдер, пайдалы және зиянды тағам түрлерімен танысасыңдар.







Стикер, сурет қиындылары.

Ортасы


1. Сұрақ ілмегі. Ұ.МК.

- Адамдар күніне неше рет тамақтану керек?

- Мөлшері қандай болуы керек?

- Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

- Қай тағамды таңертең, қай тағамды кешке жеген дұрыс?

- Қазақтын ұлттық тағамдарын ата?

Видео көрсету ұлттық тағамдар.

2. «Ойлан, жұптас, бөліс».Т

Тамақтану пирамидасындағы азық-түліктерді ретімен орналастырады. Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған.

Дескриптор:

1. Тамақтану пирамидасындағы заттарды атайды.

2. Пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратады.

3. Тамақтың адам өміріндегі қажеттілігін түсіндіреді.

Кері байланыс: «Серпілген доп» әдісімен оқушылар ойларын жалғастырып айтады.

ҚБ: «Бұрыштар» әдісі бойынша бұрыштарға пайдалы және зиянды тағамдар ілінеді, оқушылар өз таңдауларын жасайды, өз сөздерімен түсіндіреді.

3.Сен білесің бе? МК.

Биенің жаңа сауылған сүті өте пайдалы. Мұндай сусынды саумал деп атайды.

Оның көптеген пайдасы бар.

Сергіту сәті: Қимылмен көрсету

4. Суреттер сөйлейді. Т.



Суреттерге сүйеніп, адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атаңыз.

Өз ойыңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор:

1.Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атайды;

2. Адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралы өз сөзімен әңгімелейді.

Кері байланыс: «Серпілген доп» әдісімен оқушылар ойларын жалғастырып айтады.

ҚБ: «Баспалдақ» әдісімен өздерінің өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді таңдайды.

5. Түсінік корзинасы

Зерттеу. Ж.

Толтырылмаған тамақтану пирамидасы бар қағаз таратылады, өзі жиі тұтынатын азық-түлікті пирамида сатыларына орналастырады.


Shape3


Shape4






Дескриптор:

1.Адам өміріне қажетті азық-түліктерге зерттеу жасайды, қажетілігін түсіндіреді.

2. Пайдалы тағамдар жайында әңгімелейді.

3. Қорытынды жасайды.

Кері байланыс: «Серпілген доп» әдісімен оқушылар ойларын жалғастырып айтады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен түсті қағаздарды көтеру арқылы пайдалы тағамдарды таңдайды: қызыл – пайдалы емес, жасыл – пайдалы.

6. «Сиқырлы қалам».

3 күнге арнап таңғы ас мәзірін дайында.

Бірінші күнгі таңғы асқа қажетті азық-түлікті көк түспен, екінші күндікін жасыл, үшінші күндікін қызыл түспен қоршап сыз.


Дескриптор:

1. Үш күнгі таңғы ас мәзірін анықтайды.

2. Қажетті азақ-түлікті бояйды, қоршап сызады.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» - мұғалім оқушының жауабына қарап екі жетістігін, бір ұсынысын айтады.

Оқулық.


Суреттер, видео көрініс.

https://youtu.be/87DXDvM7RBg



Тамақтану пирамидасы бар парақтар, суреттер.











Видео көрініс.

http://youtu.be/7zrynt1NLh8




























Суреттер.









Тамақтану пирамидасының сызбалық көрінісі.

Бос пирамида.

















Дәптермен жұмыс.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!