Материалдар / Сабақ жоспары: "Қалқанша без, оның гормондарының қызметі" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: "Қалқанша без, оның гормондарының қызметі" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары" тақырыбындағы 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2018
1022
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: ___________ _____ – сабақ

Сынып: 8 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: §9. Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қалқанша без, оның гормондарының қызметі, қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы туралы жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушаларды жеке бастың гигиеналық талаптарын сақтай білуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тақта, бор, кеспе қағаздары, сұрақтар.

Сабақтың әдісі: оқу лекциясы, жаңа технология элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

б) Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

§ 8, 10 параграфты оқу.

1. Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?

2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?

3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?

4. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар қайда түседі?

5. Өсу гормоны жетіспесе не болады?

6. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар.

7. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні неде?

8. Организм қызметіне қалқаншамаңы бездерінің гормондары қалай әсер етеді?

9. Бүйрекүсті бездерінің құрылысы қандай?

10. Бүйрекүсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы қандай?

11. Организм қызметіне адреналин гормоны қалай әсер етеді?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

§ 9. Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.

Қалқанша без – мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын ірі без. Оның салмағы – 15-30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың жетілуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің қозғыштығын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады.

Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тағам құрамында йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Бұл ауру суы мен топырақ құрамында йод жетіспейтін аймақта кездеседі. Сондықтан ауру адам йодты тамақпен бірге йод қосылған калий және натрий арқылы алады. Адам тәулігіне 0,15-0,20 мг йод қабылдауы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады.

Эндемиялық зоб ауруының белгілері: қалқанша бездің 1 кг-ға дейін ұлғайып өсуі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігуді сезінеді, бұл аурумен ауыратын адам балық тағамдарын, иеңіз қырыққабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек. Оқушылар мен балабақша балалары йодомарин қабылдауы тиіс.

Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.

Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де, қатты арықтайды. Сонымен қатар, өте ашуланшақ, қатты терлегіш келеді. Көзқарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады. Бұл ауру базед ауруы немесе бадырақ көз деп аталады. Ауруды хирургиялық жолмен қалқанша бездің бір бөлігін алып тастап, сондай-ық рентген сәулесімен және қалқанша бездің қызметін баяулататын препараттармен емдеуге болады.


4. Сабақты бекіту.

1-тапсырма. Гормондар мен бездердің сәйкестігін анықта.

Гипофиз

5

10

15


Қалқаншамаңы безі

7

9



Қалқанша без

1

4

6

DrawObject2 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1

ГОРМОНДАР




DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6

Жыныс бездері

2

11



Бүйрекүсті безі

8

13

14


Ұйқы безі

3

12



1) Ересек адамда осы гормон жеткіліксіз болса, микедема ауруы дамиды.

2) Бұл бездің гормоны – паратгормон.

3) Бұл бездің гормоны қандағы глюкозаны реттеп, оның мөлшерін төмендетеді.

4) Бұл гормонның артық мөлшерде болуы базед ауруын дамытады.

5) Бұл бездің гормоны нәруыздардың, майлар мен көмірсулардың синтезін қарқындату есебінен организмнің өсуін реттейді.

6) Бұл бездің гормоны - тироксин.

7) Бұл бездің гормондары жетіспегенде қандағы кальцийдің мөлшері кеміп, сүйектер сынғыш және нәзік болады.

8) Бұл бездің гормоны – адреналин.

9) Бұл бездің гормондары артқанда сүйектегі кальций мөлшері төмендейді, кальций бүйректе, бауырда, мида жинақталады.

10) Бұл бездің гормонының жетіспеушілігі ергежейлілікке әкеп соғады.

11) Бұл бездердің гормондары организмнің өсуі мен жетілуін, екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуын реттейдң.

12) Бұл бездің гормоны – гликогенді ыдырытып, оны глюкозаға айналдырады.

13) Бұл бездің гормоны жүрек қан-тамырлары іс-әрекеттеріне әсер етеді.

14) Бұл бездің гормоны көңіл-күй өзгерістері кезінде организмнің болып жатқан жағдайларға бейімделіп, өзін бірқалыпты ұстауға көсектеседі.

15) Бұл бездің гормондары басқа бездердің қызметін реттеуге әсер етеді.

5. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. Анықтамасын беріңдер.

1) Қалқанша без – __________________________________________________

_________________________________________________________________ .

2) Микседема ауруы ________________________________________________

_________________________________________________________________ .

3) Эндемиялық зоб _________________________________________________

_________________________________________________________________ .

4) Базед ауруы __________________________________________________

_________________________________________________________________ .

6. Бағалау. Оқушыларды алған білімдеріне қарай бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру.

§ 9. Парагрфтың соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!