Материалдар / Сабақ жоспары Қаратпа сөз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Қаратпа сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
871
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қаратпа сөз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.     Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

2.     Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Еңбексүйгіштікке баулу.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Плакатка і.Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінен үзінді жазып, тақтаға іліп қою.

 

        Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті...  Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.

-         Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.

-         Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.

Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

-         Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? – деді.

Апасы:

              - Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...

 

Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.

-         Қаратпа сөз дегеніміз не?

-         Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?

Сергіту сәті

1.     Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2.     Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

3.     Сауысқан-ау, сауысқан,

Сақтанасың дауыстан.

4.     Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Ой сергітеді,

шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық диктант.

1.     Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 

2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.

3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар.

4. Рақмет, ...!

Керекті сөздер:  Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.

Қаратпа сөздің ережесі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!