Сабақ жоспары Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуы 11-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектебі: №22 Б Момышұлы орта мектебі

Қазақстанда полиэтникалық Мұғалім: Мамытов Махмутжан

қоғамның қалыптасу тарихы Сыныбы: 11

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • 11.2.1.1. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісі, «аграрлық саясат», «көші-қон саясаты», «моноэтностық құрам» ұғымдарын меңгеру;

  • 11.2.1.2 . Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу

Сабақ мақсаты

  • Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеруі туралы мәтіндерді оқып, маңыздылығы туралы ой тұжырымдау;

  • Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу.

Бағалау критерийлері

  • Қазіргі кезеңдегі қоғамда ұлттық мәдениетті сақтау мен дамуы үрдісін талдау мен бағалау.

  • Ұлттық тәрбие мен дүниетанымның қазақ елінің дамуына әсері дағдысын бағалау.

  • Дәлел келтіріп, өз ой пікірін жеткізе білу

Тілдік мақсаттар


Тілдік біліктілікті дамыту:

Тыңдалым – мұғалімді, сыныптастарының жауаптарын тыңдау арқылы;

Оқылым – мәтіндерді оқу және тақырыптағы негізгі концептіге сәйкес талдау барысында;

Жазылым – практикалық тапсырмаларды жеке және жұппен орындау барысында;

Айтылым – топтық талқылау, мұғалімнің және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап беру барысында жүзеге асады.

Пәнге тән лексика мен терминология:


Рухани құндылықтар, «аграрлық саясат», «көші-қон саясаты», «моноэтностық құрам» ұғымдары


Диалог пен жазу үшін керекті сөз тіркестері:

Аграрлық саясаттың нәтижесінде...

Көші-қон саясатының ерекшеліктері, олар...

Моноэтностық және полиэтностық халықтың мағынасы...

Жаһанданудың әсерінен....біріншіден...

Құндылықтарды

дарыту



Отансүйгіштік, құрмет құндылықтарын оқушы бойына дарыту сабақ мазмұны арқылы іске асырылады.

Топтық/жұптық тапсырманы бірлесіп орындау арқылы ынтымақтастыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.

Бастапқы білім


Қазақстан халқының құрамын, көпұлтты мемлекеттік саясаттың ерекшеліктері тұралы бұрынғы білімдерін қолдана алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ – жаңа білімді игеру және тақырыпты бекіту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Қызығушылықты ояту кезеңі



Кіріспе сұрақтар

  1. Қазақстан қалай көпұлтты елге айналды?

  2. Мемлекеттің көпұлтты елге айналуы қандай саяси-құқықтық мәселелерге әкелуі мүмкін?

(ойларын, болжамдарын тыңдау)

Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстанның көпұлтты елге айналуын қандай кезеңдерге бөлуге болады?

Қазақстан халқының құрамының өзгеруіне қай кезеңдегі көші-қон саясаты қатты әсер етті?

ХХ ғасыр басында Қазақстан халқының этникалық құрамы қалай өзгерді?

Жоспар

  1. ХVІІІ ғасырдағы қоныс аудару саясатының ерекшеліктері

  2. ХІХ ғасыр ортасындағы қоныс аудару саясаты

  3. Столыпиннің «аграрлық саясаты»

  4. Сталиндік депортация



Презентация


Мағынаны тану кезеңі.


Сабақтың ортасы жалпы

20 минут































Қысқаша шолу.

Ұлттық саясаттың қазіргі кезеңдегі маңызы табуы туралы проблемалы баяндау. (оқушылар қажетті ақпаратты жазып конспектілеп отырады)

Бейнематериалдардан үзінді көріп ой бөлісу

- Қазақстан қазір көпұлтты мемлекет деген пікірмен келісесіз бе?

- Елімізде халық санының арту динамикасы немен байланысты?

Зерттеу мен талдау

дереккөздерімен өзіндік жұмыс. Оқушылар таратылып берілген мәтінді оқып, а,в,с сұрақтарына жауап жазады. Тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.

(а) Дереккөздерін және біліміңізді қолданып, Қазақстанның көпұлтты елге айналу себептерін түсіндіріңіз.

(в) Дереккөздерді және біліміңізді қолданып, Қазақстан халқының құрамының өзгеруіне ең көп әсер еткен көші-қон саясатын анықтаңыз.

(с) «Әлемдегі елдердің 90% көпұлтты. Қазақстанның көп ұлтты мемлекетке айналуы тарихи заңдылық». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәйектеңіз

Дескрипторлары:

Деректерді оқып және білімін қолданып көпұлтты мемлекетте ішкі саясаттың маңызын түсіндіріп, фактілер келтіреді;

Деректерді оқып және білімін қолданып, ұлтаралық ынтымақтастықты сақтаудың қажеттілігін негіздейтін фактілер келтіреді;

Ұсынылған пікірді жақтау не жақтамау себептерін түсіндіретін дәйектер келтіріп, ой толғаныс жазады.

Дескрипторларға сәйкес өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады. (с) тапсырмасы сонымен қатар, оқушылардың білімін интерпретациялауға мүмкіндік береді.

Презентация


Елімізде саны 100 мыңнан асатын 9 этнос тұрады. 2018 / https://www.youtube.com/watch?v=tblpn3-EuAU


Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе? 31 янв. 2019 г./ https://www.youtube.com/watch?v=z9NLf5e7K94

Халық саны 18 миллион 388 мыңға жетті. 26 дек. 2018 г./

https://www.youtube.com/watch?v=_BH4ywagH7E


Қосымша 1.

Таратпа материал



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 5-том. – Алматы, 2010.

Сабақтың соңы. Қорытынды бөлім.

15 минут

Рефлексия. Тақырып сұрағына оралып, сабақта алған білімдері арқылы зерттеу сұрағына жауап беруін сұрау. Оқушылар өзара-өздерін бағалайды. Жалпы сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсатына сай, оқушы лардың білім мен біліктері бойынша жетістіктерін өздері не бағалату. Жекелеген тапсырмалар бойынша жетістік тері мен қиыншылықтарын атап өтуін сұрау, қолдау көрсету.

Презентация слайдтары



Қабілеті жоғары оқушыларға дерек көздері арқылы өз бетімен анықтау және кейбір оқушылар ға арнайы берілген құжаттар ұсы ну жоспарланады. Қабілеті жоға ры оқушыларға талдау жасау үшін «сарапшы» ролін ұсынуға болады


Тақырып бойынша білімін баға лау (диагностика) сабақтың кіріс пе бөліміндегі әңгімелесу кезін де іске асырылады. Қалыптасты рушы бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізіледі.

Парталарды топтық жұмыс қа ыңғайлы етіп рналастыру.

Үзілісте кабинеттің ауасын желдетіп, тазартып қою.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2020
965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі