Материалдар / Сабақ жоспары Қорықтар-табиғат қорғаны 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Қорықтар-табиғат қорғаны 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қорықтардың мақсатымен таныстырып, Қазақстанның қорықтарын тереңдетіп оқыту. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу. Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
1316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Қорықтар-табиғат қорғаны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қорықтардың мақсатымен таныстырып, Қазақстанның қорықтарын тереңдетіп оқыту.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның физикалық картасы, тест тапсырмалары, слайд көрсетілімі.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру.

«Көңіл-күйді анықтау» тренингі

А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Кіріспе: Еліміздегі табиғат қорғаудың ең басты саласы мемлекеттік қорықтар.Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды.

«Қорық» деген сөздің түбірінің өзі «қор», «қорғау» ұғымдарымен тікелей тамырласып жатыр.Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи заңдылықтарын анықтау.Қорықтарда тек ғана ғылыми зерттеу, табиғат қорғауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіледі.Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Қазақстанда қазір 9 қорық жұмыс істейді

Топқа бөлу: Сыныптағы барлық оқушы үстелге келіп,өздеріне ұнайтын суреттерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ: Ақсу-Жабағылы

2-топ: Барсакелмес

3-топ: Қорғалжың

Бейнематериал «Қорықтар»

«Кинометафара» әдісі.

(Оқушыларға қорықтар жөнінде бейнематериал көрсетіледі.)

1. Қазақстандағы қорықтар жөнінде не білесіздер?

2. Қорықтар неліктен керек деп ойлайсыздар?

3.Ақсу-Жабағылы қорығында өсімдіктің қанша түрі бар?

4.Наурызым қорығында балықтың неше түрі бар?

1. Сілтеме. Суреттегі белгі нені білдіреді?



Picture 74 Оған қандай анықтама бере алатыныңды төмендегі сөйлемдерден тауып көр. Еліміздегі жойылып кету қаупі бар жануарлар,құстар,өсімдіктерді қорғау үшін тіркелген. Еліміздің табиғи байлығын өз қалпында сақтау,өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу,санын молайту,су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен-көлдерді қорғау мақсатында құрылған. Еліміздегі жойылып кеткен жануарлар, құстар,өсімдіктерді тіркеу үшін шығарылған.

2. Сілтеме. (жұппен жұмыс)

Экологиялық белгілер Қорыққа кірмес бұрын мынадай экологиялық белгілер кездесті? Осы белгілер туралы не айта аласыңдар? Неге мұндай белгілер салынған?

Shape6 Shape7 Shape5 Shape4 Shape3 Shape1 Shape2 Shape8

Shape9

Shape10








3 сілтеме: (жеке жұмыс)

«Сызба-кескін» Қазақстан қорықтарының санын анықта және кескін картаға орналастыр.




«Қорық» сөзжұмбағын шешейік!








Қ

















о

















р

















ы


















қ












  1. Ең алғаш құрылған қорық.

  2. Қазақстандағы қорықтардың бірі.

  3. «Қызыл кітапқа» енген құстың түрі.

  4. Өсімдіктің бір түрі.

  5. Тау жануары.

Қорытынды:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда Қазақстандағы ірі тоғыз қорықты танып, олардың табиғат қорғаны екеніне көз жеткіздік. Өз елінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын біліп өскен әрбір оқушы табиғат- анаға әр уақытта жанашырлықпен қарайды деп ойлаймын.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

Мен түсіндім – жасыл түс;

Мен сенімді емеспін – сары түс;

Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.


Үйге тапсырма: Қорықтардың және ондағы жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін әкелу.

«БЕКІТЕМІН»

Қалалық жас туристер

стансасының директоры

________ А.Бекбергенова

«_____»_________ 2021 ж.











Тақырыбы: «Қорықтар табиғат қорғаны»








Өткізген: Мерекеева Айжан Байғалиқызы

қосымша білім беру педагогы























Ақтөбе 2021 жыл




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!