Материалдар / Сабақ жоспары салауаттылық-өмір негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары салауаттылық-өмір негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға cалауатты өмір салтын ұстану маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары

Мектеп:Павлодар қаласы Ақтоғай ауданының Тіленшін атындағы ЖОББКММ

Мерзiм_____________

Тақырып:Салауаттылық - өмір негізі

Құндылық:Дұрыс іс – әрекет

Қасиеттер: Еңбекқорлық, жауапкершілік, тазалық

Мұғалiм:Айтбай Жансая Имантайқызы Сынып 9«А» Оқушылар саны16

Мақсаты: Оқушыларға cалауатты өмір салтын ұстану маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.




Ресурстар:құралдар, мәліметтер. мәтін, нақылсөздер, үнтаспа, бейнетаспа, плакат, маркер т.б құралдар


Міндеттері:

Білімділігі:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін түсіндіру арқылы еңбекқорлық, жауапкершілік,тазалық қасиеттерін кеңінен түсіндіру.
Дамытушылығы:  Оқушыларға салауаттану- адам жанының да, тәнінің де тазаруы және салауатты өмір салтын дағдыландыру арқылы еңбекқорлық, жауапкершілік, тазалық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбекқорлық, жауапкершілік, тазалық қасиеттерін пайдаланып, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбилеу.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен амандасу,

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену баяу музыка койылады

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Хрустальная грусть

















2. Үй тапсырмасын тексеру

Салауатты –өмір салты тақырыбына эссе жазу


3.Дәйексөз

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.

Т.Карлейль

Дәйексөзден не түсіңдіңіздер?

Дәйексөзді әуелі қыздар дауыстып айтады, одан кейін ұл балалар дауыстап айтады. Және қыздармен ұлдар хормен дауыстап айтады



4.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырлап қоршап алады. Саудагерлер:

-Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер!- деп жар салады.

Дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол жиналып қалған қауымға:

-Алыңдар! Бұл « құдіреттің» басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, ит қаппайды және де ол ешқашан қартаймайды, - депті.

Саудагерлер қуанып кетіп:

-Айтқаныңыздың бәрі рас. Бірақ сіз «құдіретті» жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін қайдан біліп қойдыңыз?! – деп таң қалады.

-Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен күркілдеп жөтеліп ұйықтамайды. Көп ұзамай темекі адамның денсаулығын әлсіретеді де, адам тез қартайып, таяқпен жүруге мәжбүр болады. Таяқпен жүрген адамға қай ит жоласын?! Ол адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей, көз жұмады...

Аңырап қалған жұрт ойланып қалады...

Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?

Зиянды нәрселердің адам деңсаулығына қаншалықты қауіпте екенің білесіндер ме?



5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

1 топ: Салауатты – өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес постерге салу және қорғау

2 топ: «Денсаулықтың достары»Коллаж жасау және қорғау

3 топ: «Салауатты өмір салты » тақырыбына топпен эссе жазу және қорғау



6.Топпен ән айту

Орындаушылар: Дәрібаевтар

Өміріңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев

Тыңда досым, мен айтайын от тілек, 
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,
 
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, 
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,
 
Шақша басың айналса да бақыттан
 

Қайырмасы: 

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым,
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тұсау салып бастатқызбай көш дара, 
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,
 
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, 
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы: 

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым,
 
Өміріңе немқұрайлы қарама,




7.Үй тапсырмасы

Мен салуатты өмір салтын қолдаймын деген тақырыпқа эссе жазу



8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылып тұрады

Оқушылар көздерін жұмып бүгінгі өткен сабақты естеріңізге түсіріңіздер, және әрбіреуіміз жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтаймыз.


Хрустальная грусть̓ ̓ әуені


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!