400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Сабақ жоспары: "Сен және сенің құқығың"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сен және сенің құқығың" тақырыбындағы сыныптан тыс жоспар сынып жетекшілеріне көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сен және сенің құқығың.

Мақсаты: Оқушылардың қоғамдық және азаматтық мәртебесін

қорғау үшін құқықтары мен міндеттерін заңның

талабына сай болуға, өзін - өзі тәрбиелеуге, құқықтық

тұрғыдан қалыптастыруға әсер ету.

Көрнекілігі: Конституция, Балалар құқығы туралы Конвенция.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Балалар бүгінгі біздің шарамыздың ерекшелігі сол, біз өзімізді жай сыныпта отырмыз деп емес, көк теңізді жүзіп келе жатқан кемеде отырмыз деп сезініп, қиялға берілелік.

  • Қане көзімізді жұмып көз алдымызға көк теңізді келтірелік. Құлақтарыңызға көк теңізді келтірелік. Құлақтарыңызға ненің дыбысы келді, көз алдына не елестейді (оқушы қиялын айтқызу).

  • Кенет сигнал түседі.

Мұғалім: Балалар біздің радиоқабылдағышқа сигнал түсті, тыңдап көрелік.

Сигнал оқылады: Біз “сәтсіздік” аралының тұрғындары ақпейілді, мейірімді, жанымызды ұғатын жанашыр адамдардан көмек күтеміз. Арал тұрғындарына жағдайлары өте нашар, алға басқан істері кейін кетіп, сәтсіздікке ұшырауда. Балалар бір – бірімен тіл табыса алмай, олардың арасында айқай – шу, айтыс – тартыс жиі болады, бірін – бірі түсінуден қалды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді ұмытқалы қашан. Жалпы адамдардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін білмей, дал болып отырмыз. Бізді естіп отырғандар болса көмек берулеріңізді сұраймыз.

Мұғалім: Ал балалар “сәтсіздік” аралына адамдардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін айтып, көмек көрсетіп, ақыл – кеңес бере аламыз ба?


  • Ал енді арал тұрғындарына ең бірінші нені білу керек?

  • Заңдарды, құқықтарды.

  • Онда құқық дегенді қалай түсінесіңдер, оларды қайдан оқып, білуге болады?

  • Конститутция, Ата заң.

  • Онда мына сызбаға назар аудара отырып, ең бірінші құқық сақтау нормалары туралы танысып, түсініп, арал тұрғындарына көмек көрсетеміз.


Құқық беру әдісі


Shape1


Shape2

Құқық нормалары


МShape3 індеттеу әдісі

Shape4

Рұхсат ету әдісі


Shape5


Тыйым салу әдісі


Қазір әр каютадағы адамдарғаалдына ҚР баланың құқықтары туралы заңдарының кейбір баптары берілген. Сендер таңдап өздеріңе қатысты баптарды таңдап алып, талдаңдар.

8 – бап

1. Баланың денсаулық сақтауға құқығы.

9 – бап

1. Баланың даралық ерекшеліктеріне және оны сақтауға құқығы.

10 – бап

1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір – қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

15 – бап

1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкесоған тегін орта білім, бастапқы кәсіби білім және конкурстық негізде тегін орта кәсіби және жоғары кәсіби білім алуға кепілдік беріледі.

17 – бап

1. Мемлекеттік органдар ата – анасының қамқарлығынсыз қалған әрбір балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етеді.

24 – бап

1. Ата – анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерінің қабілеті мен қаржы мүмкіндіктері шегінде баланың жан – жақты дамуы үшін қажетті жағдай жасауға міндетті.

24 – бап

2. Ата – анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл – ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.

37 – бап

1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай – ақ баланы тәрбиелеу мен білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмір салтын және алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды екенін насихаттауға міндетті.

37 – бап

2. Балаға алкогольді өнімдер мен темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

35 – бап

1. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата – анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. Балаларды дінге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді.

39 – бап

1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті өршітуге бағытталған тектік – топтық ерекшеліктің соғысты насихаттайтын конститутциялық құрылысты күштеп өзгертуге және ҚР ның аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулері парнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтіретін ойыншықтарды, кинофильмдерді, дыбыс және бейне жазбаларды көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді және прокатқа беруді жүзеге асыруға, әдебиеттерді, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі