Күні: Сыныбы: 3
Сабақтың
тақырыбы: Сен немен сырғанайсың?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жаңа сабақты түсіндіру, тапсырмаларымен таныстыру,
сөздікпен жұмыс жасау, тапсырмалар
орындаттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін, танымдық
іс-әрекеттерін, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке, еңбексүйгіштікке,
парасаттылыққа тәрбиелеу, сауаттылыққа, тазалыққа
үйрету
Сабақтың түрі:
жаңа оқу материалдарын
оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі:
түсіндіру,әңгімелеу,
сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер, кестелер, қосымша
материалдар
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
Айтылым.Тыңдалым.Тілдесім.
Сәлемдесу.Түгендеу.Назарларын
аудару
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Сабаққа дайындықтарың
қалай?
Бүгін кім кезекші? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Сыныпта
кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық
дайындық).
Балалар,алдарыңда жатқан үш түсті шеңбершелерден қазіргі
көңіл - күйлеріңе қайсысы жақын,сол түсті таңдап ала
қойыңдар
Көңіл күйім өте жақсыға:
қызыл
түс
Көңіл күйім жақсыға:
ақ
түс
Көңіл күйім жоққа: көк түс
Олай болса балалар,таңдап болсақ,сабағымызды үй тапсырмасын
сұраудан бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:Айтылым.Тыңдалым.Оқылым
Үйге қандай тапсырма берілді? Ережені
сұраймын. Жауаптарын тыңдаймын.Жазбаша берілген тапсырманы
дәптерлерінен тексеріп шығамын.
III.Білімдерін жан -жақты тексеру:
Айтылым.Тыңдалым.Тілдесім
Қазақ тілінде неше дыбыс бар? Дыбыстар неше түрге
бөлінеді?
Дауысты дыбыстар дегеніміз не? Дауыссыз дыбыстар
дегеніміз не? Қазақ тіліне тән дыбыстар дегеніміз
не?
Қазақ тілінде неше септік бар? Жалғаулары
қандай?
Қане кім атап береді? Сен қай мектепте
оқисың?
Нешінші сыныпта оқисың? Сенің мемлекетік тілің
қандай?
Сен қай мемлекетте тұрасың? Қазір жылдың қай
мезгілі?
ІV. Жаңа сабақ: Сен немен
сырғанайсың?
Айтылым.Тыңдалым.Оқылым.Тілдесім
Сөздікпен жұмыс:
шаңғы– лыжи, шана-
саньки,аққала-
снеговик,мұз-лед,сырғанау-кататься
Сөздікпен жұмыс жасап болғаннан кейін сөз тіркесін
жасаттырамын
1-тапсырма.Суреттер бойынша сөйлемдер
құра.
V.Тапсырмалармен
жұмыс:
Айтылым.Тыңдалым.Тілдесім.Оқылым.Жазылым.
2-тапсырма.Берілген сөздерден сөйлемдер
құрастырыңдар
Айы,қақап,тұр,қаңтар.Аяз,сыртта.Шанамен
барады,ауға.
Бәрі,мұз,жердің.Лақтырысып,қар,ойнайды.
3-тапсырма.Жұмбақты көшіріп жазып,етістіктерді
табыңдар.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
Тікен,тікен,тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Сергіту сәті:
4-тапсырма.Берілген сөздерге ілік септігін жалғап
жазыңдар.
Қыс,қаңтар,аяз,шана,шаңғы,боран,қырау,жел
VI. Сабақты бекіту:
Сабақты бекіту мақсатында
оқушыларға семантикалық карталар таратамын,тест сұрақтарын
беремін.
Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға
сұрақтар қою.
Не білдік? Не түсініксіз? Не
ұнады?
VІІ. Үйге тапсырма
беру:Септіктерді жаттап келу,жіктік жалғауын
жаттау.
«Қыс туралы» өлең жаттап
келіңдер.