Материалдар / Сабақ жоспары: Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш білім беру мамандығы бойынша сабақ беретін арнайы пән оқытушыларына көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
1046
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары.

Мақсаты: Тәрбие жұмысының табыстылығы, оның қорытындысына дұрыс баға беру жайында білімдерін кеңейту.Тәрбие қорытындысын анықтап оған баға беру үшін тұлғаны және ұжымды жан-жақты зерттеу, оның ішкі дүние әлеміне ену, тәрбиешіге тәрбие жұмысының әдістері мен формаларын таңдауға шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беру.


Білімділігі: терең ойлай білу қасиеті арқылы білім алушыларға деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, маман иесін қалыптастыру;

Тәрбиелілігі: дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы өмірде қандай жағдай болса да, мойымай, алға қарай бет ала білуге, кез келген жағдайда табандылық көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: 4 кезең бойынша тапсырмалар, «Болжағыш ағаш», «Ғажайып алаң», «Ромашка» әдісі, семанткалық карта

Қолданылған құралдар: АКТ, суреттер, «Болжау ағашы», жапырақтар, жемістер, презентация

Сабақта қолданылатын технологиялар: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

Пәнаралық байланыс: педагогика


Сабақтың кезеңдері:

1 кезең - ұжымдық жұмыс: «Ғажайып алаңы» бойынша сұрақтарға жауап

2 кезең – жаңа тақырып бойынша таныстырылым жұмысы, «Болжағыш ағаш» әдісі

3 кезең- шығармашылық жұмыстар

4 кезең-қорытынды «Ромашка» әдісі арқылы бекіту.

Рефлексия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психолгиялық дайындық жүргізу

ІІ.Өткенді қайталау:

1 кезең.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды хабарлауға дайындық жүргізу:

А)Жеңіл сұрақтар (5 балл)

1 Ұлттық тәрбие дегеніміз не ?

2 Ұлттық тәрбиенің мақсаты?

3 Ұлттық тәрбие көздеріне нелер жатады?

Ә) Орташа сұрақтар (10балл)

1. Әсемдік және тазалық жөнінде мақалдар айту

2. Еңбек және өнеге тәрбиесінің маңызы қандай?

3. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесінің қағидаларын атаңыз

Б) Күрделі сұрақтар (15балл)

1. Қазақ ағартушыларының ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері

2. Халық ауыз әдебиетінің ұлттық тәлім тәрбие берудегі ролі

3. Оқушыларды тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің мәні

ІІІ. Жаңа сабақ

2-кезең. Жаңа тақырып бойынша таныстырылым жұмысы.

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру үшін «Болжағыш ағаш» сұрақтарына жауап беру:

  1. Баланың мінезін айқындау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

  2. Ата-аналарға сауалнама қандай мақсатта жүргізіледі?

  3. Баланың тәрбиелік картасы дегенді естуіңіз барма?

  4. Сынып жетекші балалардың отбасы жайында мәліметті қандай формада алу жайында не білесіз?

Тақырыбы: Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары.

Жоспары:

  1. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері

  2. Тәрбие қорытындысын бағалау мен есепке алу формалары

  3. Тәрбие ісін бағалаудағы педагогикалық анализ

«Ғылыми психология очерктері» деген еңбегінде «Адамның тәртібін өлшеуге болады. Барлық нәрсе өзгереді, сондықтан қанша өзгерегендігін өлшеу керек.» П.П.Блонский


«Мектепке алты жастан» деген кітабына қатысты да беругеболады. Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты, –  деп есептейді Ш.Амонашвили. 


  • Тәрбие жұмысының табыстылығы, оның қорытындысына дұрыс баға беруменбайланысты. Тәрбие қорытыныдысын анықтап оған баға беру үшін тұлғаны және ұжымды жан-жақты зерттеу, оның ішкі дүние әлеміне ену,тәрбиешіге тәрбие жұмысының әдістері мен формаларын таңдауға шығармашылықпен қарауға мүмкіндік береді. Мектепте іске асырылатын жалпы тәрбие міндеттері бірдей болғанымен, оны орындау жолдары, әдістері, формалары әр түрлі болады. Оқытушылар оқушының тәрбиелік деңгейін білмесе, тәрбие жұмысында қателіктер жібереді, оқушының шамасы келмейтін, жоғары талап қояды немесе қойылатын талап төмендетіледі. Тәрбие міндеттерін нақты шешу үшін әрбір оқушыны зерттеп, тәрбиелік деңгейін анықтау керек.

Тәрбие қорытындысын дұрыс бағалау үшін де, оқушының тәрбиелік деңгейін білуіміз керек. Тәрбие қорытындысы оқушының тәрбиелік деңгейімен, тұлғаның санасындағы, тәртібіндегі нақты өзгеріспен анықталады. Оқушының тәрбиелік деңгейі күн сайын, сағат сайын тексеріледі.

  • 1. Оқушы тәрбиелілігін анықтайтын кешенді диагностика:

Бұл диагностика негізінде ата-аналар, оқытушылар және оқушының өзі үшін ашық құжат – оқушы тәрбиелілігінің картасы жатады.Бастауыш сыныпта бала бойында сана, адамгершілік сезімі, ерік-жігер сияқты қасиеттер негізі қалыптасуы қажет. Бұл құжат жыл сайын толтырылуы тиіс. Бұны тәрбиелік картасы деп атайды. Бұл карта жетекші мен ата-ана ортасында тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыруға септігін тигізеді.

2. Балалардың қабілетін анықтау әдісі:

Бұл әдіс баланың мінезі, қызығушылығы және қабілеті туралы алғашқы хабар алу мақсатында қолданылады. Бұл –« Қызығушылық картасы» немесе « тәуелсіз сарапшылар» әдісі деп аталады.

3.Ата-аналарға арналған нұсқау:

Бұл әдісте ата-аналар балаларының қабілеті, жеке мінезіне, қызығушылығына т.б. мәліметтер береді.

  • Тәрбие ісінде педагогикалық анализдің рөлі ерекше. Терең әрі дәлелденген педагогикалық анализ тәрбие процесі негізін тануға, оның мазмұнына саналы және әсерлі ықпал етуге мүмкіндік береді. Анализдің арқасында әрбір нақты ситуация міндеттемелерін тиімділікпен шешуге болады. Анализ мақсат белгілеу, жобалау, жоспарлау жұмыстарымен тығыз байланысты. Ол неғұрлым терең болса, тәрбиелік әсерлердің мақсаты мен міндеттерін анықтау соғұрлым дұрыс, дәл болады.

Тәрбие ісін анализдеп бағалауда инженер-педагог бірқатар қиыншылықтар мен проблемаларға жолығады. Солардың бірі- анализ схемасы мен жүйесін таңдау. Ол келесідей жағдайларды ерекшелеуді қалайды:

  1. Анализ мақсаты мен міндеті

  2. Жұмыс формаларының ерекшеліктері

  3. Анализ жасауға қатысушы педагог позициясы, тәжірибесі

Тәрбие құрылымын белгілеу критерийлері:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты толық қалыптасуы

  • Жеке тұлғаның адами қасиеттерін жалпы адами құндылықтар,әлеуметтік бағыттар мотивациясы, жеке тұлғаның интеллектуалдық, эмоциялдық және ерік -жігер сфераларының үйлесімділігі негізінде қалыптастыру.т.б.


Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ. Адамзат өмірінде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деген түсінік бар. Ал, біздің болашағымыз – өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндер мен жасөспірімдер. Жас ұрпақ – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – деген де сөз бар емес пе? Сондықтан бастауыш сыныптағы баланың эстетикалық – көркемдік талғамын ұштап, рухани тәрбие беруіміз керек. Баланың тілі шықпай жатып, ойын айта алмайтыны бәрімізге түсінікті болғанымен, бала – жеке тұлға, оның өз түсінігі бар. Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда бала бойында жеке өмірінің құндылығына, өзін-өзі белсендіруге қажетті көзқарасын, өзіндік санасын қалыптастыру қазіргі күннің ауқымды мәселесі.Осы ауқымды мәселенің шешімін табу, жолын көрсету, бағыт-бағдар беру, үлгі ұсыну мұғалімнің қолында. Ал, мұғалім Ш.Амонашвилидің еңбектерін оқымай, өзінің тәжірибесінде қолданбай баланы дамыта алмайды. Бала тілі ана сүтімен бойына дарып, жетілетіні белгілі. Содан кейін мектеп атты ұяда дамып жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып, елін – жерін сүймейді. Сусыз, құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл табысып, оның бойынан білім ұрығын себетін басты тұлға ол – Ұстаз. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету. – Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек, – дейді Ш.Амонашвили.


3 кезең. Шығармашылық жұмыстар:

Шығармашылық жұмысқа берілетін тапсырмалар:

  1. Педагогикалық машық кезінде оқушының зерттеу бағдарламасына сай жеке тұлғаға және ұжымға зерттеу жұмысын жүргізіңіз.

  2. Бір оқушыға бақылау жүргізіп, оның тәрбиелік деңгейін анықтауға материал жинақтаңыз.

  3. Тәрбиелік деңгейі әр түрлі оқушылардың бос уақытын қалай пайдаланатынын зерттеңіз.

  4. Ата-аналарға сауалнама дайындаңыз.


ІҮ.Бекіту:

4 кезең. «Ромашка» әдісі

6 жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысында белгілі бір сұрақ түрі бар. Осылайша, 6 жапырақша - 6 сұрақ:

  1. Қарапайым сұрақтар.

  2. Түсіндірмелі сұрақтар.

  3. Түсіндіру сұрақтары.

  4. Сұрақтарды бағалау.

  5. Шығармашылық сұрақтар.

  6. Практикалық мәселелер.

  1. Тәрбие мониторингі дегеніміз не?

  2. Жинақталған ақпаратқа қойылатын талаптар қандай?

3. Оқушы тәрбиелілігінің картасы дегеніміз не?

4. Оқушы тәрбиелігін анықтайтын кешенді диагностиканы ұйымдастырудың маңызын атаңыз?

5.Оқушының іс-әрекетін сипаттау үшін қандай әдістер пайдаланған тиімді?

6. Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау сызбасын жасаудың әдісін көрсетіңіз


Ү.Корыту:: Матрица Эйзенхауэра әдісі бойынша қорыту.


Таратылған кестеге өз ойларын жазып береді.

ең оңай

ең қиыны


қажеттелігі




ҮІ. Бағалау: Белсенділік танытқан білімгерлерді бағалау.


ҮІІ. Үйге тапсырма:160-170 бетті талқылап, лекцияны толықтыру, сұрақтар дайындап келу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!