Материалдар / Сабақ жоспары Темір және оның қосылыстары 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Темір және оның қосылыстары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары пән мұғалімдеріне және жас мамандарға көмекші құрал ретінде керек. Бұл материал 9 сыныптың оқулығымен қамтылған. Оқушылардың қызығушылығын арттыруда көмек ретінде қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
966
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Темір және оның қосылыстары (темірдің оксидтері мен гидроксидтері І,ІІ). Темір қосылыстарының генетикалық байланысы»

Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Кеңінен таралған темір элементінің атом құрылысы, алынуы және оның қосылыстарының ерекшеліктері мен қолданылуы, қасиеттері туралы түсіндіру және білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын қосымша топша элементтері жайлы білімдерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелілігі: Өздерінің қабілетіне сай ізденіспен еңбектеніп, жеке тұлға екенін сезіне білуге үйрету.

Сабақ түрі : Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, медицина, география, физика

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада: слайдтар, тірек-периодтық жүйе «Темір» жинақтамалары.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (Оқушылармен амандасу, түгелдеу)

ІІ. Табалдырық – бағдарлау кезеңі

ІІІ. Әудем жер – үй тапсырмасын пысықтау кезеңі

ІҮ. Қозы – көш – ойлану, тану кезеңі

Ү. Беласар - жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

ҮІ. Жолайрық - бекіту тапсырмалары

ҮІІ. Алтын көмбе - шығармашылық кезеңі, бағалау

ҮІІІ. Қоржын ілу – үйге тапсырма

-Оқушылар бүгінгі сабағымызды қызықты болу үшін ойын ретінде ұйымдастырып келіп отырмын. Ендеше дайын болсақ

1 – кезең: Табалдырық. Алдарыңызда тор көздерде сөз тіркестері берілген. Сол сөздерден металдарды қатыстыра отырып мақал -мәтел құрайсыздар. Әр дұрыс жауапқа, сіздердің жауап берулеріңізге қарай смайлик береді.

Қызыл

АЛТЫН

Жасыл

Сары

Көк

Түйе

ҚОРҒАСЫН

Қой

Ешкі

Жылқы

Тас

КҮМІС

Ағаш

Жапырақ

Тау

Соқ

ТЕМІР

Ұр

Жар

Бұз

Күміс

БЕСІК

Алюминий

Темір

Алтын

Жауаптары: 1. Қойдың сүті – қорғасын

2. Сабыр түбі – сары алтын

3. Арпа – бидай –ас екен, алтын-күміс тас екен

4. Темірді қызғанда соқ

5. Ел іші –алтын бесік

2- кезең. Әудем жер – үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар табалдырықтан аттап, әудем жерге де келіп жеттік. Ол үшін алдарыңыздағы бағдаршамға абай болыңыздар. Бағдаршамның ішіне үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап берсеңіздер, бағдаршамның қызыл түсі жанады. Әр дұрыс жауапқа смайлик беріледі.

І-Нұсқа

1.Алюминийдің қосылыстарындағы валенттілігі нешеге тең?

А) ІІ ә) ІІІ б) І

2. Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

А) HNO3 , NaCl, KOH ә) H2O, CuCl2, NaOH б) HCl, SO2, KOH

3. Al + O2 = Al2O3 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер саны:

А) 9 ә) 6 б) 7

4. Өндірісте алюминий алу әдісі:

А) озонализ ә) сольватолиз б) электролиз

5. Алитирлеу дегеніміз қандай үдеріс:

А) Балқыту әдісі

Ә) өте қатты алюминий оксидінің кристалдық формасы

Б) шойын мен болаттан жасалған бұйымдарды жемірілуден сақтау үшін қолданылатын қоспа

6. Ұшақ жасауда қолданылатын алюминий құймасы

А) магналий Ә) қола Б) дуралюмин

7. Алюминий атомының сыртқы қабатында неше электрон бар ?

А) 3 ә) 2 Б) 1

8. Al2O3 қандай оксид?

А) екідайлы Ә) негіздік б) қышқылдық

9. Қазақстанда алюминий зауыты қай жыдан бастап жұмыс жасайды?

А) 2000 Ә) 1998 Б) 2007 в) 1992

10. Алюминий сульфаты ерітіндісіне лакмус индикаторының түсі:

А) қызыл ә) көк б) таңқурай түсті в) пиролиз

11. Аl(ОН)3 + 2НСІ реакция нәтижесінде қандай тұз түзіледі?

А) Al(OH)2Cl В)Al(OH)3Cl Д) AlCl3

ІІ-нұсқа

1.Мына физикалық қасиеттердің қайсысы алюминийге тән:

А)Жартылай өткізгіш В)қызғылт-сары түсті

С)электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді Д)ауыр металл

2.Мына қатардағы Al-Ga-In-Tl элементтердің металдық қасиеті қалай өзгереді?

А)артады В)кемиді С)өзгермейді Д)периодты түрде өзгереді.

3.Жемірілуге тұрақты металл ...

А)Ca В) Al С) Fe Д)Mg

4.Мына рекциялардың қайсысы жүрмейді?

А)2Al + Fe2O3 =

В)Al + H2SO4 =

С)Al + HNO3конц=

Д)Al + NaOH =

5.Алюминий атомының сыртқы қабатында қанша электрон бар?

А) 2 В)3 С)1 Д)4

6.Алюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы қандай?

А)ns2 np1 В)ns1 np2 С)ns0 np3 Д)ns3 np0

7.Өнеркәсіпте алюминий алынатын шикізат

А)каолинит В)корунд С)Боксит Д)нефелин

8.Алюминотермиялық әдісті көрсет:

А)2Al2O3 = 4Al + 3O2;

В)2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe;

С)2Al + 3S = Al2S3;

Д)2Al + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2

9.Екідайлы элементті көрсет:

А)Na В)O С)Al Д)Cu

10.Боксит формуласы

А)Al2O3 * nH2O

В) Al2O3

С) Al2O3*2SiO2*2H2O

Д) Al(OH)3

11. Алюминий сульфаты және натрий карбонаты әрекеттескенде қандай зат түзіледі?

А)Аl2(СО3)3 В)Аl(ОН)SО4 С) Аl(ОН)3 Д)NaАlО2

Жауаптары: 1.С 2.А 3.В 4.С 5.В 6.А 7.С 8.В 9.С 10.А 11.А

100%-80%= 5 өте жақсы

79%-60%=4 жақсы

59%-30%=3 қанағаттанарлық

29%-0%=2 нашар

ІІІ – кезең «Қозыкөш»

Ал, енді оқушылар, Қозыкөштің мазмұнымен таныстырып отейін. Бұл кезеңде үш сурет жасырылып, сіздерге балама жауаптары оқылады. Ненің суреті екенін анықтап, осы заттың құрамына қандай элементтер кіретінін айтып бересіздер.

І. Сурет. Суретке балама жауап: 1970 жылы Есіктен табылған бай қазына, мүсін. Жауабы: Алтын адам.

ІІ.Сурет.Суретке балама жауап: Құрамы 7 металдан тұратын, 1399 жылы Түркістанда жасалған баға жетпес қол өнер туындысы. Жауабы: Тайқазан: темір, мырыш, қалайы, мы с, қорғасын, күміс және алтын

ІІІ. Сурет.Суретке балама жауап: Ертедегі ер-азаматтар қолданған, пайдаланған бұйымдар. Жауабы: құрал-саймандар, сауыт, қалқан.

ІҮ. Кезең. Беласар – жаңа тақырыпты меңгерту.

Ал, балалар, өздерің жаңа ғана суретте көргендеріңіздей темір элементін халқымыз дәріптеп, одан көптеген тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған екен. Ендеше беласарда осы элементтің құрылысын, қасиетін тану үшін жаңа тақырыпты баяндайық.

1. Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы

  • 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.

  • 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.

  • 4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы

  • 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:

Fe0 – 2e- Fe+2

Fe0 – 3e- Fe+3

Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.

Табиғатта таралуы

Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл.

Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде аспан және жұлдыз тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

Өнеркәсіпте алынуы:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады: Пирометаллургиялық әдіспен:

  • оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

  • соның ішінде алюминотермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

  • көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

Физикалық қасиеттері: жылтыр, күміс түстес ақшыл металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады.

Химиялық қасиеттері: І. Жай заттармен әрекеттесуі:

Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:

4Fe + 3O2 = 2Fe2O3

3Fe + 2O2 = Fe3O4 (FeO * Fe 2O3)

Ылғалды ауада тат түзіледі:

4Fe + 2H2O + 3O2 =4FeO(OH) темірдің (ІІІ) оксигидроксиді

Темір ауада Fe2O4 түзіп, таттанады.

2) 2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3 темірдің (ІІІ) хлориді

3) 3Fe + C = Fe3C цементит

4) Fe + S= FeS темірдің (ІІ) сульфиді

II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

3Fe + 4H2O (бу) = Fe3 O4 + 4H2 ↑ (800 градус)

Ылғалды ауада тат түзеді:

4Fe0 + 6H2O + 3O2 = 4Fe+3(OH)3

Fe0 – 3е- = Fe+3 4

O20 +4е- = 2О -2 3

Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.

Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:

Fe + 4HNO3 (сұй) = Fe(NO3)3 + NO↑ + 2H2O

Fe + H2SO4 (сұй) = FeSO4 + H2

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

6. Қолданылуы: Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары шойын мен болат көбірек қолданылады.

Шойында (93% Fe) еріген күйінде көміртек (w (C) = 4%) болады, ол таза күйінде немесе қосылыс күйінде цементит жүруі мүмкін. Одан басқа шойында кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де бар.

Шойынның балқымасы қатайған кезде, онда еріген көміртек графит күйінде бөлінеді, сондықтан шойын морт келеді, тез омырылатын зат. Шойын машиналардың қозғалмайтын бөлшектерін жасауда қолданылады. Шойынның негізгі бөлігі болатқа айналдырылады.

Болаттың қасиетін арттырып асылдандыру (Легирлеу) үшін әр түрлі металдар қосылады: Егер болаттың құрамында қалған көміртек неғұрлым көп болса, болат қатты болады; аз болса жұмсақ болады. ОЛ оңай созылады, соғылады, тапталады, өңдеу жеңілдейді.

Темірдің оксидтері және гидроксидтері

Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:

Fe2O3 + CO → 2FeO + CO2

Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:

  1. FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O

  2. FeO + CO2 = FeCO3

Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.

І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O

2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4

3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2

ІІ. Химиялық қасиеттері:

  1. қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O

  2. қышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3

  3. негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O натрий ферриті

Темірдің гидроксидтері:

Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.

Fe (II) гидроксиді ақшыл жасылтым түсті, ал Fe (III) гидроксиді қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.

І. Алынуы: FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl

FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 ↓ + 3NaCl

4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3

Химиялық қасиеттері:

ТShape2 емір (ІІІ) гидроксиді екідайлы болғандықтан, негізбен әрекеттесіп, ферриттер түзеді.

  1. Fe(OH)3 + KOH = KFeO2 + 2H2O

  2. Fe(OH)3 + 3HCl= FeCl3 + 3H2O екідайлы болғандықтан қышқылмен және негізбен де әрекеттеседі

  3. 2Fe (OH)3 = Fe2O3 + 3H2O қыздырғанда айырылады, олар ерімейтін негіздер

  4. Fe(OH)2 = FeO+H2O

  5. Fe(OH)2 + H2SO4 = FeSO4 + 2H2O негіз ретінде қышқылмен

  6. 4Fe(OH)2 + O2 = 4FeO(OH) + 2H2O

Темірдің маңызды қосылыстарын анықтау:

Fe+2 және Fe+3 иондарын сары және қызыл қан тұздарының көмегімен анықтайды.

3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KCl

турунбул көгі

4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

берлин көгі

Қолданылуы:

  • Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;

  • Fe3C – цементит шойында қолданылады.

  • (NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

  • Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.

  • Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады.

Сергіту сәті: (Химиялық портрет) өлеңі оқылады, өлеңде неше элементтің аты аталатынын табу керек.

Алтындай менің ардақтым,

Қорғасындай салмақтым

Көптен көрмей өзіңді

Электрондай зар қақтым

Өзіңсің менің оттегім

Өмірім сенсіз жоқ менің

Мінезің мыстай майысып,

Сынаптай сырғып кетпегін

Шаштарың қара көмірдей

Мүсінің құйған темірдей

Кальцийдей менің аппағым

Өзіңнен асыл таппадым

Жауабы: 8 элемент

Ү-кезең. Жолайрық – білімді бекіту кезеңі

Химиялық диктант

І-нұсқа

  1. Темір ... периодтың, ... топтың ... топшасының элементі.

  2. Қазақстанда ... кендері ... ... беткейінде, ... өңірінде көптеп кездеседі.

  3. ... алу үшін шойынның құрамындағы элементтерден: ...,...,...,...,... тазарту керек.

  4. ... Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

ІІ-нұсқа

  1. Темір ... балқитын, ... ... түсті, ... жылтыры бар

  2. Темір ... .... алуда қолданылады.

  3. Темірді оксидінен ... арқылы ... әрекеттестіріп алады.

  4. Темірдің табиғи минералдары мыналар: ..............................................

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы

  2. Электрондық формуласы

  3. Мүмкін болатын валенттілігі

  4. Тотығу дәрежесі

ІІ деңгей

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

  2. Fe→FeCl2→Fe(OH)2

  3. Темірдің (ІІ) оксиді СО2 әрекеттесіп, ..... түзеді

  4. Қазақстандағы темір және оның құймаларын өндіретін зауыттарды ата

ІІІ деңгей

  1. Shape3 FeCl2→Fe (OH)2→FeO→FeSO4

Shape4 Fe FeCl3Fe(OH)3Fe2O3Fe2 (SO4)3

  1. Массасы 32 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

  2. Темір қағының 4,64 грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24г темір алынды. Темірдің массалық үлесін есептеңдер.

  3. 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер.

  4. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда, темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

ҮІ-кезең. «Алтын көмбе» -кері байланыс

Жеміс-жидектердің суреті салынған стикерлерге сабаққа пікір жазып тақтаға ілінеді.

ҮІІ кезең- Қоржын ілу.

Сабақта түйіндеген білімдеріңізді пайдаланып, үйге төмендегідей тапсырмалар беріледі.

І-нұсқа «Аспан тасы» сөзжұмбақ құрау

ІІ-нұсқа «Цементит» сөзжұмбақ құрау

Барлығына тапсырма: 3 әріптен тұратын 3 элемент

4 әріптен тұратын 4 элемент

5 әріптен тұратын 5 элемент

6 әріптен тұратын 6 элемент

Химиялық диктант

Орындаған оқушының аты-жөні:

І-нұсқа

  1. Темір ____ периодтың, ____топтың _______ топшасының элементі.

  2. Қазақстанда ______ кендері _______ ______ беткейінде, __________ өңірінде көптеп кездеседі.

  3. ______ алу үшін шойынның құрамындағы элементтерден: __,__,__,__,__ тазарту керек.

  4. ______________ Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.

  1. Темір _____ балқитын, _____ _____түсті, _________ жылтыры бар

  2. Темір ______ _________ алуда қолданылады.

  3. Темірді оксидінен ___________ арқылы ___________әрекеттестіріп алады.

  4. Темірдің табиғи минералдары мыналар: _______________________

Орындаған оқушының аты –жөні:

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы

  2. Электрондық формуласы

  3. Мүмкін болатын валенттілігі

  4. Тотығу дәрежесі

Деңгейлік тапсырмалар.

Орындаған оқушының аты –жөні:

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы

  2. Электрондық формуласы

  3. Мүмкін болатын валенттілігі

  4. Тотығу дәрежесі

Деңгейлік тапсырмалар.

Орындаған оқушының аты –жөні:

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы

  2. Электрондық формуласы

  3. Мүмкін болатын валенттілігі

  4. Тотығу дәрежесі

Деңгейлік тапсырмалар.

Орындаған оқушының аты –жөні:

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы

  2. Электрондық формуласы

  3. Мүмкін болатын валенттілігі

  4. Тотығу дәрежесі

Деңгейлік тапсырмалар

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІ деңгей

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

  2. Fe→FeCl2→Fe(OH)2

  3. Темірдің (ІІ) оксиді СО2 әрекеттесіп, ..... түзеді

  4. Қазақстандағы темір және оның құймаларын өндіретін зауыттарды ата

Деңгейлік тапсырмалар

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІ деңгей

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

  2. Fe→FeCl2→Fe(OH)2

  3. Темірдің (ІІ) оксиді СО2 әрекеттесіп, ..... түзеді

  4. Қазақстандағы темір және оның құймаларын өндіретін зауыттарды ата

Деңгейлік тапсырмалар

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІ деңгей

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

  2. Fe→FeCl2→Fe(OH)2

  3. Темірдің (ІІ) оксиді СО2 әрекеттесіп, ..... түзеді

  4. Қазақстандағы темір және оның құймаларын өндіретін зауыттарды ата

Деңгейлік тапсырмалар

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІ деңгей

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны

  2. Fe→FeCl2→Fe(OH)2

  3. Темірдің (ІІ) оксиді СО2 әрекеттесіп, ..... түзеді

  4. Қазақстандағы темір және оның құймаларын өндіретін зауыттарды ата

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІІ деңгей

  1. Shape5 FeCl2→Fe (OH)2→FeO→FeSO4

Shape6 Fe FeCl3Fe(OH)3Fe2O3Fe2 (SO4)3

  1. Массасы 32 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

  2. Темір қағының 4,64 грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24г темір алынды. Темірдің массалық үлесін есептеңдер.

  3. 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер.

  4. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда, темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

Орындаған оқушының аты-жөні:

ІІІ деңгей

  1. Shape7 FeCl2→Fe (OH)2→FeO→FeSO4

Shape8 Fe FeCl3Fe(OH)3Fe2O3Fe2 (SO4)3

  1. Массасы 32 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

  2. Темір қағының 4,64 грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24г темір алынды. Темірдің массалық үлесін есептеңдер.

  3. 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер.

  4. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда, темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

Орындаған оқушының аты –жөні:

ІІІ деңгей

  1. Shape9 FeCl2→Fe (OH)2→FeO→FeSO4

Shape10 Fe FeCl3Fe(OH)3Fe2O3Fe2 (SO4)3

  1. Массасы 32 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет?

  2. Темір қағының 4,64 грамын сутекпен тотықсыздандырғанда 2,24г темір алынды. Темірдің массалық үлесін есептеңдер.

  3. 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер.

  4. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда, темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.

І-Нұсқа

1.Алюминийдің қосылыстарындағы валенттілігі нешеге тең?

А) ІІ ә) ІІІ б) І

2. Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

А) HNO3 , NaCl, KOH ә) H2O, CuCl2, NaOH б) HCl, SO2, KOH

3. Al + O2 = Al2O3 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер саны:

А) 9 ә) 6 б) 7

4. Өндірісте алюминий алу әдісі:

А) озонализ ә) сольватолиз б) электролиз

5. Алитирлеу дегеніміз қандай үдеріс:

А) Балқыту әдісі

Ә) өте қатты алюминий оксидінің кристалдық формасы

Б) шойын мен болаттан жасалған бұйымдарды жемірілуден сақтау үшін қолданылатын қоспа

6. Ұшақ жасауда қолданылатын алюминий құймасы

А) магналий Ә) қола Б) дуралюмин

7. Алюминий атомының сыртқы қабатында неше электрон бар ?

А) 3 ә) 2 Б) 1

8. Al2O3 қандай оксид?

А) екідайлы Ә) негіздік б) қышқылдық

9. Қазақстанда алюминий зауыты қай жыдан бастап жұмыс жасайды?

А) 2000 Ә) 1998 Б) 2007 в) 1992

10. Алюминий сульфаты ерітіндісіне лакмус индикаторының түсі:

А) қызыл ә) көк б) таңқурай түсті в) пиролиз

11. Аl(ОН)3 + 2НСІ реакция нәтижесінде қандай тұз түзіледі?

А) Al(OH)2Cl В)Al(OH)3Cl Д) AlCl3

ІІ-нұсқа

1.Мына физикалық қасиеттердің қайсысы алюминийге тән:

А)Жартылай өткізгіш В)қызғылт-сары түсті

С)электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді Д)ауыр металл

2.Мына қатардағы Al-Ga-In-Tl элементтердің металдық қасиеті қалай өзгереді?

А)артады В)кемиді С)өзгермейді Д)периодты түрде өзгереді.

3.Жемірілуге тұрақты металл ...

А)Ca В) Al С) Fe Д)Mg

4.Мына рекциялардың қайсысы жүрмейді?

А)2Al + Fe2O3 =

В)Al + H2SO4 =

С)Al + HNO3конц=

Д)Al + NaOH =

5.Алюминий атомының сыртқы қабатында қанша электрон бар?

А) 2 В)3 С)1 Д)4

6.Алюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы қандай?

А)ns2 np1 В)ns1 np2 С)ns0 np3 Д)ns3 np0

7.Өнеркәсіпте алюминий алынатын шикізат

А)каолинит В)корунд С)Боксит Д)нефелин

8.Алюминотермиялық әдісті көрсет:

А)2Al2O3 = 4Al + 3O2;

В)2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe;

С)2Al + 3S = Al2S3;

Д)2Al + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2

9.Екідайлы элементті көрсет:

А)Na В)O С)Al Д)Cu

10.Боксит формуласы

А)Al2O3 * nH2O

В) Al2O3

С) Al2O3*2SiO2*2H2O

Д) Al(OH)3

11. Алюминий сульфаты және натрий карбонаты әрекеттескенде қандай зат түзіледі?

А)Аl2(СО3)3 В)Аl(ОН)SО4 С) Аl(ОН)3 Д)NaАlО2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!