Материалдар / Сабақ жоспары "Термин сөздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Термин сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 курс студенттеріне мектепте өткен тақырыпты қайталау еске түсіру мақсатында жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2020
2168
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Мерзімі: 28.02.2020

Курс: 1

Топ: ЭМА-01

Сабақтың тақырыбы

Термин сөздер

Сабақтың мақсаты

Терминдер туралы алған білімдерін толықтыру;

Терминдердің сөз мәдениетіндегі орнын анықтау;

Терминдердің мағынасын дұрыс ұғыну және сөз мәдениетінде дұрыс қолдану.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, кіріктірілген сабақ, қайталау сабағы, бекіту сабағы, сайыс сабағы, жаңа білімді беру, шығармашылық ізденіс сабағы, дебат сабағы, дәстүрлі сабақ, дәстүрлі емес сабағы т.б

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, салыстыру, талдау, СТО, интерактивті, блиц турнир, тестік жұмыс, бағалау парақшасы, семантикалық карта т.б

Көрнекілік

Интерактивті тақта, слайд, суреттер, кестелер, тірек сызбалар, схемалар, карта, компьютер, видеопроектор, карточкалар, техникалық құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы

Оқытушының іс-әрекеті

Білімгердің іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі



1. Кабинеттің сабаққа даярлығы

2. Студенттердің сабаққа қатсысуы

3. Оқу құралдарының даярлығы

4. Студенттердің назарын сабаққа аудару

Білімгерлер оқытушымен амандасады. Сабаққа даярлнып, бар назарларын сабаққа салады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

Оқушылардын берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, ережелер айтады. Дәптер бойынша берілген үй тапсырманы тексртеді.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:
    1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
    2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
    3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.
    Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.
    Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.
    Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
    Мысалы, әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ т. б

Білімгерлер түсіндірілген сабақты тыңдайды. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі

І топ  тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер:    семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, әмбебап-универсам,  устав-жарғы, рынок-нарық

ІІ топ  Баламасы бар термин сөздер: жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, музей-мұражай, семья-отбасы, гимн-әнұран.

1 - жаттығу. Математика, география, биология, тарих пәндері бойынша термин сөздерді жаздыру. Мысалы
Математика терминдері: квадрат, куб, косинус т. Б


Білімгерлер жаңа тақырып бойынша түсінгендерін айтады.

V. Өздік жұмыс

І топ тапсырмасы:

1/Етістіктің тұйық етістік арқылы жасалған терминдер барлық салада қолданылады.
Тіл білімінде: септеу, зат есім,жалғау, т.б
Заң ғылымында: айыптау, беттестіру, тұтқындау, тінту;
Географияда: бұрғылау, шаймалау, сүйірлену, ісіну,т.б
Экономикада: арзандату, несие беру,перделеу,т.б
Әдебиеттануда: шендестіру, әсірелеу, толғау,суреттеу, т.б
4/ Қоғамдық-саяси терминдер:
Адаптация - бейімдеу; адрес - мекенжай;
Анкета - сауалнама; образ - бейне;


ІІ топ тасырмасы:
2/Терминологияда сын есімдердің өзіндік орны бар. Мыс: жай сөйлем, жұқпалы ауру, қалыпты қысым,отты қару,т.б

3/ Терминдерге кейде көнерген сөздер жатады:
Протокол - хаттама; Квота - үлес;
Календарь - күнтізбе; Квитанция - түбіртек;
Устав - жарғы; Подписка - жазылыс;

Берілген тапсырмаларды түсініп, дәптерлеріне орындайды.

VІ. Сабақтың нәтижесі. Білімді бағалау

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Бар түсінгендерін айтады. Жауаптарна қарай бағаланады

VІІ. Үйге тапсырма

Әр түрлі тақырыптағы терминдерді пайдалана отырып, шағын мәтін құрату
- Ата - аналарының істейтін кәсібіне қатысты термин сөздерді қатыстырып әңгіме жазу.

Үйге берілген тапсырманы дәптерге жазып алады


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!