Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жазушы өмірімен, шығармаларымен таныстыру. «Қонақтар» әңгімесін түсініп оқи білуге баулу, мазмұнын өмірмен байланыстыру, талдау, ата-ана мен бала қарым-қатынасын оқушы сезімімен ұштастыру. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төлен Әбдіков

«Қонақтар» әңгімесі

Балгимбекова Гульнур Богембаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазушы өмірімен, шығармаларымен таныстыру. «Қонақтар» әңгімесін түсініп оқи білуге баулу, мазмұнын өмірмен байланыстыру, талдау, ата-ана мен бала қарым-қатынасын оқушы сезімімен ұштастыру. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Әңгіменің мазмұнын меңгереді, композициялық құрылысын талдай отырып тақырыпты ашады.

  2. Кейіпкерлер бейнесіне, мінезіне талдау жасап, өмірмен салыстырады.

  3. Ата-ана алдындағы,туған жер,ел алдындағы парызын түсіне біледі,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Болжау» стратегиясы, жұппен оқу және талқылау «Кім?Қашан?Қайда?,Неге? ойыны, «Кейіпкерге хат», «Автор орындығы», «Ой түю», сатылай комплексті талдау.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:оқулық, интербелсенді тақта, маркер, А1 форматты қағаз, кесте.

Күтілетін нәтиже: Жазушының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Әңгіме сюжетіне, әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне, мінезіне талдау жасап, өмірмен байланыстырады.

Сабақты толық меңгереді.

Өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Бағалау критериі:

Мазмұнын меңгерді, талдай біледі.

Сұрақтарға жауап береді, өмірмен байланыстырады.

Тақырыптан ауытқымайды.

Жеке көзқарасты білдіреді және дәлелдейді.



Сабақтың кезеңі

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушыны

іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:




Психологиялық ахуалды реттеу (тренинг)






Топқа бөлу















«Жүректен- жүрекке» тренинг:






«Жұбыңды тап» ойыны арқылы топқа бөлу


Әр топқа бағалау парағын таратып беру

Сәлемдеседі, түгелдеу.




Ережесімен, мақсатымен таныстырады.

Сәлемдеседі,кезекші сынып оқушылары туралы ақпарат береді.


Әр оқушы өз есімін қатыстыра отырып, тілек тілейді.

Мысалы: «Менің атым Айбек. Достарыма сәттілік тілеймін»


Оқушылар қорап ішінен туыстық атауларды алып, «Отбасы» және «Жеті ата» тобы болып екі топқа бөлінеді.

ІІ.Жаңа сабаққа даярлық

«Болжау» стратегиясы

Интербелсенді тақтадан тірек сөздер мен суреттер топтамасы көрсетіледі. Мысалы: «Отбасы мүшелері» Әке,ана,бала,

т.б.

«Жеті ата» Ата,әке,бала, немере,шөбере, т.б.

Топта өз ара ой бөлісіп, тірек сөздерді қатыстырып өз болжамдарын ұсынады.Болжам оқушының сыни ойлау қабілетіне байланысты болады.

ІІІ. Жаңа сабақ






Мәтінмен жұмыс.

Жұппен оқу және

топпен талқылау

«Кім? Қайда? Қашан? Неге?» ойыны

Топ ішінде «Қонақтар» әңгімесін оқуға тапсырма береді.

Сұрақтар таратылады:

1.Ерғабыл қарт нені армандады?

2. Сапабек қайдан келді?

3.Қонақтарды кім қарсы алды?

4. Сапабек қалаға неге асығыс аттанды?

5. Ерғабыл қарттың ренішіне кім кінәлі?



Оқушылар топта оқып, әңгіме мазмұнын меңгереді. Әр топ әңгіме мазмұнын талдайды, талқылайды.

Shape1









ІҮ. Шығарманы талдау


Әңгімеге сатылай комплексті талдау жасалады


Интербелсенді тақтадан

шығарманы композициялық құрылысына СКТ талдау сызбасы көрсетіледі:


Авторы

ТShape2 ақырыбы Әңгіменің басталуы

2Shape3 .Әңгіменің дамуы.

3Shape4 Shape5 .Әңгіменің байланысуы

4Shape7 Shape6 .Әңгіменің шиеленісуі 5.Шарықтау шегі. 6.Әңгіменің шешімі:

7Shape8 .Қорытынды.

Сызбаға қарап топ мүшелері әңгімеге

СКТ талдау жүргізеді.

Shape9



І топ. І нұсқа

Төлен Әбдіков. «Қонақтар» әңгімесі

Shape10 1.Әңгіменің басталуы Ерғабыл шал мен кемпірдің әңгімесі. Баланы сағыну.

Shape11 2.Әңгіменің дамуы. Ерғабыл қарияның малын іздеуі, ішкі ойы

Shape12 3.Әңгіменің байланысуы Қаладағы баласының келуі, ауыл қонақтары

Shape13 4.Әңгіменің шиеленісуі Сапабек пен әкесінің әңгімелерінің жараспауы. Аспардиярдың әні

Shape14 5.Шарықтау шегі. Мазасы кеткен қарт

Shape15 6.Әңгіменің шешімі: Соңғы үміті

орындалмаған қария

Shape16 7.Қорытынды. Құлазыған көңіл

ІІ топ. ІІ нұсқа

Төлен Әбдіков. «Қонақтар» әңгімесі

Shape17 1.Әңгіменің басталуы Ерғабыл қарттың мазасыздануы. Қарттардың әңгімесі

Shape18 2.Әңгіменің дамуы. Малын іздеген Ерғабыл қарияның қыр басында қиялға берілуі

Shape19 3.Әңгіменің байланысуы Қаладағы жалғыз баласының келу қуанышы, ауыл қонақтары

Shape20 4.Әңгіменің шиеленісуі Сапабек пен әкесінің арасындағы шиеленіс, немерені сұрау

Shape21 5.Шарықтау шегі. Қарттың шешімі. Асығыс аттанған бала

Shape22 6.Әңгіменің шешімі: Үміті орындалмаған қария

Shape23 7.Қорытынды. Жалғыз қалған қарттар

Ү. Сабақты бекіту

Шығармашылық жұмыс





«Кейіпкерге хат»


«Автор орындығы»

Тапсырманың орындалу жолын түсіндіреді

Өз ойларын ашып Сапабекке хат жолдайды( ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас,бүгінгі күн проблемасы).

Еңбектерін «Автор орындығында» оқиды

Shape24

ҮІІ. Сабақты қорытындылау


«Ой түю» стратегиясы.

Сұрақ-рефлексия

Тақтадан сұрақтар көрсетіледі:

1Хикаятты оқығанда мені қызықтырғаны.

2.Мен үшін ең аянышты жері.

3.Хикаяттан алған тәрбием

Сұрақтарға жауап беріп, хикаяттың тәрбиелік мәнін ашады.

Shape25

ҮІ. Үй тапсырмасы

Эссе

Эссені бағалау критериімен таныстырады:

а) тақырыптан ауытқымау

ә)жеке көзқарасты білдіру және дәлелдің болуы


«Ата-ана алдындағы парыз»

ҮІ. Бағалау

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау


Оқушыларға өздерін және бірін-бірі бағалауды ұсынады

Топтар бір- бірін бас бармақ арқылы бағалайды

Бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, топтағы оқушылар өздерін және өзара бағалау жүргізеді.

Топ басшысы бағалау парақшасын толтырады.

Рефлексия


Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсынады:

Сабақ сізге ұнады ма? Несімен?

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз.


Ұсынылған стикерді толтырып, тақтаға іледі

Shape26





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12