Сабақтың
мақсаты: оқушылардың сыйластық пен қамқорлық туралы
түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет жасай білуге
дағдыландыру.
Сабақтың
міндеттері:,
1.
Білімділік: құрмет, ізет туралы түсінік
беру, үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты
түсіндіру.
2. Дамытушылық: сыйластықты қарым-қатынас жасау
іскерліктерін дамыту.
3.
Тәрбиелік: үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар: бейнежазба, себет пен гүлдер.
|
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңi (оқушыларды сабаққа дайындау, оқулық, дәптерлерін
алу)
Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келген
екен «Сәлем- сөздің анасы» деген. Келген қонақтарға сәлем
берейік.
Сендердей
ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен
бүгін өте
қуаныштымын.
Қорытынды: Олай болса, осындай жағымды күймен бүгінгі
сабағымызды бастайық.
|
Ескертулер
|
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
Рақмет, ата!
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп
қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес
жасар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
-
Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.
-
Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды
ғой.
-
Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
-
Гүлнар.
-
Кімнің баласысың?
-
Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын.
Соларды Гүлнарға бердім.
-
Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! деп жүзіме
қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза
болып қоштастым.
Сұрақтар:
1.
Әңгімеде кімдер жайлы айтылған?
2.
Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді көрдік?
3.
Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай
іс-әрекеттерінен аңғаруға болады?
4.
Сендер өз жақын адамдарыңа, достарыңа қандай құрмет
көрсетесіңдер?
Қорытынды: Олай болса, сыйластық отбасынан басталады.
Сондықтан әрдайым жақын адамдарымызға, достарымызға құрметпен
қарап, өзімізді ғана емес, өзгелерді де сыйлап үйренуіміз
керек.
Сурет бойынша әңгімелеу
|
|
3. Жағымды ой-пікір
(дәйексөз)
«Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің»
(халық даналығы)
Оқушыларға дәйексөздің мағынасын
түсіндіру:
-
Құрмет – үлкен адамға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет
– үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы.
Үлкендер кішілерге ізет көрсетсе, ал кішілер үлкендерді құрметтесе,
адамдар арасында өзара сыйластық болады. Егер сен басқа біреуді
сыйласаң, ертең сені де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді
құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең, өмір бойы
сыйлы болып өтесің.
Сұрақтар:
1.
Үлкен адамдарға қалай құрмет көрсетеміз?
2.
Кішілерге қалай қамқорлық жасаймыз?
3.
Өзара сыйластық дегенді қалай түсінесің?
Қорытынды: Олай болса, әрқашан да үлкен адамдарға
құрмет көрсетіп, кішілерге үнемі қамқорлық жасап жүрейік. Сонда
ғана біз өзара сыйластыққа ие
боламыз.
|
|
4. Мұғалімнің сыйы.
Оқушыларға «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты
әлеуметтік бейнежазбаны көрсету.
Сұрақтар:
1.
Оқиға қайда болған?
2.
Бейнежазбадан не байқадыңдар?
3.
Қоғамдық көліктерде үлкендерге қалай құрмет
көрсетеміз?
4.
Сендердің автобуста үлкен адамдарға құрмет көрсеткен кездерің болды
ма?
Қорытынды: Олай болса, қоғамдық жерлерде, көшеде
үлкендерге құрмет көрсетіп, сыйластық танытайық. Үлкейген шағымызда
құрметке бөленгіміз келсе, кейінгілер өзімізді сыйласын десек,
әуелі өзіміз үлгі бола білейік.
|
|
Сергіту сәті: «Көңілді
күн»
5. Шығармашылық
жұмыс.
1. Ойын-жаттығу «Құрмет –
ізет».
Тақтаға
жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған
плакаттар ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш
жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті,
ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер
жазылмаған. Оқушылар
жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын
сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші
ағашқа» іледі. Жапырақтардағы
сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге
рахмет, отырыңыз,
ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой,
тыңдай ғой, кешірім
ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол,
сыпайы бол.
- Балалар, енді
үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан
оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті
білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп
атайық. Рахмет!
Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын. Енді,
оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.
42-бет.
2. Дәптермен
жұмыс: «Менің айтар ақылым» ақыл
хат жазу.
Аспанымыз ашық
болсын! Өміріміз күлкіге
толсын! Деніміз сау,
отбасымыз аман болсын! Әр күніміз
жарық болсын! Жұмыстарыңыз
жемісті болсын! Еліміз тыныш
болсын! Жанұяларыңыз
берекеге толсын! Көк туымыз
биікте желбіресін! Бір - бірімізге
мейірімді болайық! Көңіліміз
мөлдір бұлақтай таза болсын!
Суретпен
жұмыс: Сурет бойынша әңгіме
құрастыру
Сұрақтар:
1.
Үлкен адамдарға құрмет көрсету үшін қандай сөздер
айтамыз?
2.
Ал ізеттілік таныту үшін ше?
3.
Тілалғыш дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытынды: Балалар, әрдайым бір-бірлеріңе жылы-жылы
сөздер айтып, өзгелерге сыйластықпен қараңдар. Сонда ғана
айналадағы адамдар да сендерге сондай көзқараспен қарайды. Сонымен
қатар, біз адамдарға ғана емес, табиғатқа да, жан-жануарларға да,
өсімдіктерге де құрметпен қарауымыз керек. Өйткені, біз де
табиғаттың бір бөлшегіміз. Олай болса, әрдайым бір-бірімізді
құрметтеп, аялап, тек дұрыс әрекетке барайық.
|
|
6. Топпен ән айту.
«Мен әдепті баламын»
Сөзі: У.Бекетов
Әні: И.Нүсіпбаев
1.
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық
таппайды.
Ал
егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен
әдепті баламын,
2.
Тілін алам көшемізде кәрінің,
Көңілінен шығып жүрем бәрінің.
Ата-анамның сөзін ұғып
тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Сұрақтар:
1.
Әннің мазмұнында қандай қасиеттер айтылған?
2.
Осы қасиеттер сендердің бойларыңда кездесе ме?
Қорытынды: Әнде айтылған әдептілік, сыйластық,
қамқорлық, тілалғыштық сияқты қасиеттерді бойымызда сақтап, дұрыс
әрекет жасауға дағдыланайық.
Жүректен
–жүрекке:
Балалар шеңбер болып,
өздерінің үлкендерді қалай сыйлайтынын, ал кішкентай балаларға
қалай көмек көрсететінін жұмсақ жүрекше арқылы айтып
өтеді.
-
Мен үлкендермен
сәлемдесемін.
-
Мен үлкендерге орын
беремін
-
Мен қыздарды
сыйлаймын
-
Мен өзімнен кішілерге қамқор
боламын
-
Мен қыздарға жол
беремін
-
Мен үнемі достарыма
көмектесемін.
|
|