Материалдар / Сабақ жоспары:Екі жиынтық заттары сандарын салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары:Екі жиынтық заттары сандарын салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
560
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Екі жиынтық заттары сандарын салыстыру

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

-Сандарды оқылуы, жазылуы және салыстыруды, қосу және азайту амалдарын тексеру жайлы ұғымдарды түсіндіріп,мәнін ашу;
-          Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін, қиялдау қабілеттерін дамыту,
-          Тақырыпқа берілген оқу материалдарын жинақтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
тірек-сызбалар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Әр тақырыпты тірек- сызбалармен түсіндіру.
( Оқушылар ережелерді дәптерге жазып отырады) 

ондық

Неше жолақша бар?

Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?

  Бір жолақша – бір ондықты білдіреді.

Бірлік

Неше жасыл шаршы бар?

Неше көк шаршы бар?

Барлығы неше шаршы бар?

Бір шаршы – бір бірлікті білдіреді.

Суретте неше жолақша бар?

Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?

Суретте барлығы неше шаршы бар?

Он шаршыдан 10 рет алсақ, барлығы 100 шаршы болады.

Бұл бір жүздікті білдіреді.

(100 санының жазылуы көрсетіледі)

 Көк жолақша нешеу?

Жасыл шаршы нешеу?

Барлығы неше шаршы бар?

1 онд. 4 бірл. =14

1 онд. 6 бірл. =                 4 онд. 8 бірл. =            2 онд. 7 бірл.=                          

1 онд. 9 бірл. =            48 онд . =                              52 бірл.          =                 т.с.с.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сандарды салыстыруға болады.

2 онд. 5 бірл. * 1 онд. 7 бірл.            56 онд. * 7 онд. 8 бірл.

1онд. * 10 бірл                                   1 жүзд. * 100 бірл.                       1 жүзд. * 10 онд.

Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін, үлкен саннан кіші санды азайту керек.

Ұзындықты өлшеу. Метр (м)

10 см = 1 дм,

сондықтан 10см + 1 см = 11 см немесе 1 дм + 1 см = 1 дм 1 см

Ұзындықты өлшегенде 1 сантиметр 100 рет, ал 1 дециметр 10 рет салынса, онда 1 метр (м) болады. Ендеше 100 см = 1 м немесе 10 дм = 1 м .

Есіңе сақта!

1 дм = 10 см     1 м = 10 дм        1 м = 100 см

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

  1. бір таңбалы сандарды өсу ретімен сана;

  2. бір шаршы – неше бірлікті білдіреді?

  3. бір жүздікте неше шаршы (бірлік) бар?

  4. 2 онд. 7 бірл. санын тақтаға жаз.

  5. 47 бірлікті жаз

  6. 1 дм неше см-ге тең?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!