Материалдар / сабақ жоспары:«Саусақ жаттығулары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары:«Саусақ жаттығулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Он, он бес қарындашты үстел үстіне қойып, бір қолмен жинату. Екінші қолмен көмектеспей, қарындаштарды біреуден жинау керек. Қарындаштардың орнына санауғыштарды, басқа да ұсақ заттарды пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2022
782
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Саусақ жаттығулары»
1. Алақанды ашып, саусақтарды біріктіру. Қайтадан
жайлап жұму. Екі қолмен кезекпен қайталау.

2. Қолды үстел бетіне қойып, саусақарды ретімен бүгу.
Екі қолмен кезекпен қайталау.

3. Саусақтарды жазып, оларды кезекпен біріктіру: аты
жоқ пен шынашақты, сұқ саусақ пен ортаңғыны.

4. Жұдырықты түйіп, білекті түрлі бағытта айналдыру.
Алғашқыда кезекпен, кейін екі қолмен қатар.
5. Алақанды жоғары қаратып қойып, әр саусақты
кезекпен көтеру. Кері ретпен қайталау.
6. Алақандарды үстел үстіне қойып, саусақтарды бірге
ретімен көтеру. Шынашақтан бастап.
7. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алу.
Саусақтарды ашу, бүгу.

8. Он, он бес қарындашты үстел үстіне қойып, бір
қолмен
жинату.
Екінші
қолмен
көмектеспей,
қарындаштарды біреуден жинау керек. Қарындаштардың
орнына санауғыштарды, басқа да ұсақ заттарды
пайдалануға болады.

9. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алып,
«жүгіру» жаттығуын жасау.

10. Екі кішкентай допты не грек жаңғағын алып, алақан
арасына салып айналдыру (саусақтар түзу тұру керек).
Енді бір қолмен түрлі бағытта айналдыру керек.

11. Барлық саусақтың бастарын бас бармаққа қосу
керек. Оң қолда сұқ саусақпен бас бармақты қосудан
бастаса, сол қолда бас бармақ пен шынашақты қосудан
бастайды. Жаттығуды екі қолмен қатар істейді.

12. Балалар тәрбиешінің жасаған саусақ қимылдарын қайталайды:
а) қолды жоғары көтеріп, саусақтарды жазып, сұқ саусақ
пен ортаңғы саусақта айқастыру.

б) енді аты жоқ пен шынашақты айқастырады;

в) барлық саусақты кезекпен бас бармаққа қосу арқылы
сақиналар жасау;

г) тез арада бірден онға дейінгі бір санды атау, бала
сәйкес саусағын көрсетуі керек;
13. сұқ саусақ пен бас бармақ арқылы сақина жасап,
оның арасынан саусақтарды өткізіп, сақиналар жасау.
Осылайша әр саусақпен кезектестіріп орындау.

Қосымша №5
Байланыстырып сөйлеу тілі дамуын тексеру (сурет бойынша
әңгіме құрастыру,әңгімелеу);
Суретке қарап әңгімеле.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу. Мысалы,
«Отбасы мүшелері» тақырыбында суретке қарап ата, әже, әке, ана, аға,
қарындасты көрсетіп, атап шығу.
Қыс туралы әңгіме құрастыру.
Қысты күні барлық жерді қар басады. Ағаштар ақ тонға оранғандай.
Күн шығып тұрғанмен, аса жылыта қоймайды. Салқын! Үйде пеш жағылады.
Адамдар құстарды тамақтандырып, үй жануарларына қамқор болады.
Балаларға қыста көңіл көтерген ұнайды: олар шаңғы, шана, коньки теуіп,

хоккей, қар атысып ойнайды. Балалар аққала жасап, қардан қамау жасағанды
ұнатады.
Сурет -1 «Қыс мезгіліне» сурет

«Менің сүйікті ойыншықтарым »
Шарты:қуыршақ және машина ойыншықтарын алып және олардың
бір-бірінен айырмашылықтарын айта келе, әңгімелеу.
Мақсаты:Әкем менің туған күніме қуыршақ сатып әперді. Ал ініме
машина сатып әперді. Әкем маған қуыршақты көрсеткен уақытта мен
«Алақай»-деп қатты қуандым. Менің қуыршағымның көйлегі қызыл түсті,
басында әдемі қалпағы, сүйкімді сөмкесі бар т.б.
Бағалау:
5- одан жоғары бал- байланыстырып сөйлеу тілі жоғары
3-4 бал байланыстырып сөйлеу тілі орта
0-2 бал байланыстырып сөйлеу тілі төмен
3 бала байланыстырып сөйлеу тілін тексеруде орташа деңгей көрсетті,
Қалған 2 бала төмен деңгей көрсетті. Жоғары деңгей көрсеткен бала жоқ.
Төмен деңгей көрсеткен балалар,суреттерді көрсеткенде қателер
жіберді. Әр нәрсенің құрылыстарын ажырата алмады. Берілген суреттердегі
бейнелерді шатастырды.
Орташа деңгей көрсеткен балалар, берілген суреттерді дұрыс айтты,
оларды ажырата алды, бірақ жалпы берілген сөздерді суретте берілгенді атай
алмады. Түстерді дұрыс берілген бейнелер бойынша ажырата алды.
2. Сөздік қорын тексеру (сурет бойынша немесе көрсетілген
заттың,оның бөлшектерінің атауы, бір сөзбен атауы,мамандықтар,
заттың сынын білдіретін сөздер, зат есімге сын есімді табуы, етістікті
пайдалануы, «не істейді?»);
«Ойлан тап»;Іс-әрекетті білдіретін сөздерге заттың атын білдіретін
сөздерді табу ұсынылды.
Жүгіреді (бала, ит, мысық, ат);

Секіреді (қыз, бақа, мысық);
Жатыр (ата, апа, аға, күшік, ит);
Ұшады (ұшақ, шыбын, торғай, ара, қоңыз).
«Бір сөзбен айт»;Балаларға жалпылама атауын қалыптастыру
тақырыбы бойынша бірнеше суреттер көрсетілді (ойыншық, үй жануарлары,
т.б.). Логопед суреттердегі заттарды дұрыс ата, сосын бұл заттарды бір
сөзбен қалай аталатынын сұрадық.
"Заттарды топтастыр";Заттарды топтарға бөлуге үйрету. Балаға бірнеше
заттардың суреттері берілді. Сол суреттерді бала тиісті карзинаға салуы
қажет.
Мысалы:
Үй жануарлары
Жабайы жануарлар
Ит
қасқыр
Мысық
түлкі
Түйе
аю
Жылқы
қоян
Бағалау:
5- одан жоғары бал- сөздік қоры жоғары
3-4 бал сөздік қоры орта
0-2 бал сөздік қоры төмен
3 бала сөздік қорын тексеруде орташа деңгей көрсетті. Қалған 2 бала
төмен деңгей көрсетті. Жоғары деңгей көрсеткен бала жоқ.
Төмен деңгей көрсеткен балалар,суреттерді көрсеткенде заттарды
атауда қателер жіберді. Әр нәрсенің құрылыстарын ажырата алмады.
Берілген суреттердегі бейнелерді шатастырды.
Орташа деңгей көрсеткен балалар, берілген суреттерді дұрыс айтты,
оларды ажырата алды, бірақ жалпы берілген сөздерді суретте берілгенді атай
алмады. Түстерді дұрыс берілген бейнелер бойынша ажырата алды.
3. Дыбыстарды айтуы және естіп ажыратуын тексеру («с», «з»,
«ц», «ш», «ж», «ч», «щ», «л», «р», «й», «қ»),
Д/о: «Керісінше айт» (ыстық-суық, жақын-алыс, жаман-жақсы, биік –
аласа, ұзын-қысқа, астында- үстінде, ішінде-сыртында)
Д/о: «Сөздерді жекеше –көпше түрде айтып үйрену» (қасқырқасқырлар, арыстан-арыстандар.)
Д/о: «Тыңда байқа!» Мен бірінші, сөз айтам, ал сен сөзде «С»
дыбысын естісең қол көтер – суреттерді қолданамыз (аю, қасқыр,
түлкі,қоян, арыстан, кірпі, асық, сиыр, мысық, су, сары, сусиыр, асық)
Д/о: «Не артық?» (қасқыр , сиыр, сусыр арыстан)
Д/о: «Дыбыс сөздің қай жерінде естіледі?» (бас, қас,тас, автобус,
күнбағыс)
Бағалау:
5- одан жоғары бал- дыбыстарды айтуы және естіп ажыратуы жоғары
3-4 бал дыбыстарды айтуы және естіп ажыратуы орта
0-2 бал дыбыстарды айтуы және естіп ажыратуы төмен

3 бала дыбыстарды айтуы және естіп ажыратуда орташа деңгей
көрсетті. Қалған 2 бала төмен деңгей көрсетті. Жоғары деңгей көрсеткен
бала жоқ.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!