Материалдар / Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға дескриптор құру қаншалықты тиімді?

Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға дескриптор құру қаншалықты тиімді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсатына сай тапсырмаларға дескрипторлар құру жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
200
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:27.10.2022 жыл

Коуч: Жанбаева Ж.К.

Коучинг сабағының тақырыбы:

Сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға дескриптор құру қаншалықты тиімді?

Коучингтіңмақсаты:

Оқу үдерісінде оқыту технологияларының элементтерін енгізе отырып, сабақ мақсатына негізделген тапсырмаларға сай дескриптор құру арқылы оқушының нені меңгергенін, нені жасай алғанын, жетістікке қалай жеткенін оқушының өзі саралап түсінетеніндей жағдай туғызу


Бағалау

критерийлері

Бағалаудың мағынасын ажырата алады;

Бағалаудың әдісітерін, формаларын білетін болады;

Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді;


Коуч жазбалары




Уақыт

Коучтің әрекеті



Коучингіге қатысушылар

дың іс –әрекеті

Ресурстар



3 минут










3 минут

1.Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Тренинг

«Шығыс базары»

Үш стикерге өз есімдерін жазуды ұсынамын. Мен бәрін жинап алып, араластырып, қайтадан үш стикерден таратамын. Базарды аралап жүріп әркім өз есімі жазылған стикерді сатып алады.


Топқа бөлу

«Броундық қозғалыс» әдісі және «Flippity» платформасы арқылы топқа бөлемін. Сынып бөлмесінің әр жеріне 1-20 дейінге сандар жазылған стикерлерді жабыстырып қоямын. Қатысушаларға бір-бір стикерден алуды ұсынамын.Соңында экранға назар аударуларын сұранамын. «Flippity» платформасы арқылы органайзерде айналдыра отырып екі топқа бөлемін.

Бастапқы қадам. Проблемалық сұрақ.

1.Бағалау критерийлерін қалай анықтауға болады?

2.Дескриптор дегеніміз не?

3.Дескрипторларды қалай құруға болады?

(ауызша сұрақ-жауап)

Постер

Үш стикерге өз есімдерін жазады, қайтадан сатып алады.







Коучингке қатысушалар сынып бөлмесін аралап жүріп бір-бір стикерден алады. Қатысушылар экранда көрсетілген нумерация бойынша екі топқа бөлінеді.

І. Критерий

ІІ. Дескриптор


Қатысушылар топта дескриптор туралы ойларын ортада талқылап, жұмыс тәжірибесінде қалай қолданып жүргендігі жайлы ой бөліседі.

Постермен жұмыс


Стикерлер,

Экран










https://flippity.net/rp.php?c=1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20&t=2nd%20Period%20Math












А3 форматта ақ, парақ,маркер







5 минут

2.Қызығушылықты ояту.

Топтық жұмыс

І топ «Блум» таксономиясының қадамдарын реттіілігімен орналастыру.

ІІ топ дескрипторды құру қадамдарын реттілігімен орналастыру

Критерийі:

1.Өзара топта талқылау

2..Берілген қима-қағаздарды қадам бойынша орналастыру

Екі топқа қима-қағаздар таратамын, әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша реттілігімен орналастыру керек.

«Wordwall»

платформасы арқылы тақтада сәйкестендіреді



І топ «Блум» таксономиясының қадамдарын ретімен орналастырады.

1.Білу

2.Түсіну

3.Қолдану

4.Талдау

5.Жинақтау

6.Бағалау

ІІ топ дескрипторды құру қадамдарын ретімен орналасытарады

1.Оқу мақсаты

2.Бағалау критерийі

3.Ойлау дағдысы

4.Тапсырмалар

5.Дескрипторлар



Қима-қағаздар, А3 форматта ақ парақ,маркер

«Wordwall»

платформасы

https://wordwall.net/ru/resource/37372545


3 минут

Психологиялық тренинг

« Жұлдыздар саяхат» қиылған жұлдызшаларды топ мүшелеріне бір-бірден таратып беремін. Ережесімен таныстырамын. Әр қайсысы өз есімдерін жазып «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша бір бірімен сағат тілі бойынша жұлдызшалармен алмасады. Сол жұлдызшаларға көршісіне арнап тілек жазады. Жұлдызша өзіне қайтып айналып келгенше бір-бірімен алмасып жаза береді. Өз жұлдызшасы келген соң жұлдызшаны көкіректеріне қойып, көздерін жұмып өздерін бір жұлдыз әлемінде жүргендей сезінеді

Қатысушылар бір-бір жұлдызшадан нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындап отырады.

Нәтижесінде көңілдері көтеріліп бір жақсы сезімде болады,.

Қағаздан қиылған түрлі түсті жұлдызшалар

3 минут

3. «Мағынаны ажырату»

Power point (слайд көрсету) теорияға тоқталу

1.Сабақтаға тапсырмаларға дескриптор құрудың маңыздылығын түсіндіру. қандай мақсатпен алынатыны жайлы , оның қандай түрлері болатыны жайлы мәлімет беру.

2.Дескриптордың мұғалімдер және оқушылар үшін маңызы жайлы мәлімет беру.

3.Дескрипторды ұсынғанда және оны алғандағы ұстанатын басты ережелермен таныстыру

Қатысушылар өздеріне қажет ақпараттарды түртіп отырады

Интербелсенді тақта, слайд

8 минут

8. Шығармашылық жұмыс:

Екі топқа екі тапсырма мақсатымен беремін. Әр топ берілген тапсырмаға мақсатқа сай бағалау критерийін, ойлау дағдысы, дескриптор құрады.

І. «Критерийлер» тобы

Мақсат:3.5.1.2** есептерді шығаруда "бір заттың массасы", "саны", "жалпы масса"/"бір затқа жіберілген шығын", "заттардың саны", "жалпы шығын" ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану;

Тапсырма: Ағаштан жасалған 8 ыдысқа 40 л қымыз құйылды. 30 л қымызды құю үшін осындай неше ыдыс қажет?

Критерий:

1.Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруда формуланы қолданады

Ойлау дағдысы. Қолдану

Дескриптор:

1.Есептің қысқаша шартын құрады.

2.Амалдарды дұрыс таңдап,өрнек құрады.

3.Формуланы қолданып өрнектің мәнін табады.

4.Есептің жауабын жазады

ІІ. «Дескрипторлар» тобы

Мақсат: 3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Тапсырма: Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Өнерлі әжей» тақырыбына әңгіме құрастырып айт.

Тірек сөздер: ауыл, әжесінің өнері, түрлі түсті оюлар, текемет басу, әшекей, өрнекті сырмақ сыру, тоқылған алаша, көздің жауын алу, немересіне үйрету, қуану, риза болу. Жоспар:

1. Әжесін сағыну

2.Әженің өнері

3.Өнер үйрену

4. Ризашылық

Критерий:

1.Тірек сөздерді орынды қолданады

2.Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды

Ойлау дағдысы. Қолдану

Дескриптор.

-жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

- тірек сөздерді орынды пайдаланады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

Топпен жұмыс жүргізеді Қатысушылар ойлана отырып топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Берілген мақсатқа сай критерий құрып,ойлау дағдысын анықтап,дескриптор құрады.

Қағаз, маркер,интербелсенді тақта

3 минут

Кері байланыс

«Docs.Google.com» қатысушыларға Гугл формада жасалған кері байланыстың сілтемесін жібермін

1.Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма?

2.Тапсырмаларға дескриптор құру маңызды ма?

3.Дескриптор құруда Блум таксономиясына сүйену маңызды ма?

Қатысушылар сілтеме арқылы кіріп «Иә» немесе «Жоқ» деген жауаптардың бірін таңдайды.

«docs.google.

com»

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScOhLBoIeebbo5XAs7jUgAA8ZnTEwHf1uHYcevkIDg4efspqg/viewform?usp=sf_link
























































ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен  білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының  себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат (2,22 -б)

Қорытындылай келгенде тиімді кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;

Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл

2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ