Материалдар / Сабақ Математика Логикалық есептер шығарамыз 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ Математика Логикалық есептер шығарамыз 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдармен алмасу, әдіс-тәсілдермен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2019
1238
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Логикалық есептер шығарамыз

Мектеп:

Күні :

математика

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады;


  1. тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр топтың санына сәйкес:

  1. санақ таяқшасы немесе сіріңке;


  1. геометриялық фигуралар жиынтығы: 20 үшбұрыш,­ 20 тіктөртбұрыш, 20 шаршы және т.б.

Тірек сөздер

Логикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Логикалық геометриялық есептермен, ауыстырып салуға берілген тапсырмалармен таныстыру, есептерді шешкен кезде әртүрлі тәсілді таңдай білу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Осы сабақта фигураларды санау жолымен және жаңа фигура алу үшін таяқшалардың орнын ауыстырумен шешілетін геометриялық тапсырма­ лар мен мәтін есептерге көңіл бөлу. Мәтін есеп қолданбалы сипатқа ие және тәжірибелік жолмен шешіледі. Оқушыларды сабақта танграммен таныстырамын. Танграм — бұл жаңа күрделі (жануарды, адамды бейнелейтін т.б.) фигура алу үшін жеті жазық геометриялық фигураны әртүрлі тәсілмен орналастыру арқылы орындалатын басқатырма. Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөлемін (топ төрт адамнан кем болмауы керек; бөлу үшін түрлі түсті геометриялық фигураларды пайдаланамын). Сабақтың басында топтар арасына бейімділікке жарыс өткізу.

Әр топқа санақ таяқшаларының жиынтығын дайындау немесе сіріңкені шашу.

Оқушыларға таяқшалардан: 1) күн; 2) үй; 3) кірпі жасауды ұсыну. Бір-бірінің жасаған жұмысын көру үшін әр топтың ауысып отыруын қадағалау.

Оқушылар үшін бірнеше бөлікке қиылған әртүрлі төртбұрышты дайындау. Топтар арасында берілген бөліктерден фигура жинау жылдамдығына жарыс ұйымдастыру.

Топтарға танграм әзірлеу. Оқушыларға оны бөліктерге кесуді ұсынамын. Бөліктерден аңдардың фигураларын құрастыртамын. Оқушыларға көмекке интерактивті тақтадан дайын нұсқаларын беру (түлкі, қоян, түйеқұс, мысық).

Дайын аппликацияларды тақтаға бекіту. Қоры­ тынды жасау, оқушыларды жұмысы үшін мадақтау.

Логикалық тапсырмаларды бөліктерді құрасты­ ру немесе алмастыру арқылы және т.б. тәсілдерді қолданып, тәжірибелік жолмен шешуге болатынын айту.

Оқулықпен танысу.

Фигураларды сана. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыну. Оларға фигураларды санатып, өзінің алған жауабын айтуға мүмкіндік беру. Тақтаға фигура бейнелерін шығару және оқушыларға қалай есеп жүргізгенін көрсетуді ұсыну. Суретте бір фигура үстіне екінші фигураны салғанда жаңа бір фигура шығатынына оқушылардың назарын аударту.

Жауабы:

тіктөртбұрыш — 3, үшбұрыш — 5.

Ойлан. Оқушыларға ұсынылған әрекетті ойша жасап және сұрақтарға жауап беру керегін ескерту. Егер оқушылар тапсырманы орындауда қиындыққа кезіксе, сурет түрінде көрсетуді ұсыну.

Жауабы:

4 бөлік.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен тәжірибе түрінде орындауды ұсыну. Ол үшін әрбір топқа қағаздан жасалған 6 алмұрт пен 2 алма таратып беру. Осы жемістерден әртүрлі нұсқамен төрт жемісті алуды ұсынамын. Нұсқаларды қағазға жазып отыруды ескерту. Әрбір топқа неше нұсқа жазғанын айтқызып, содан кейін бір нұсқаны дауыстап оқыту.


Жауабы:

барлығы 3 нұсқа: 4 алмұрт;

2 алма және 2 алмұрт;


3 алмұрт және 1 алма.


Сіріңке таяқшасымен берілген тапсырма.


Оқушыларға дұрыс жауабын ламинатталған қағазға жазуды ұсыну. Бірнеше нұсқаны жасап және оны тексеріп, дұрыс жауабын таба алады. Жауабы:


а) 1 + 4 = 5; ә) 9 – 9 = 0.


Жабайы аңдар. Оқушыларға сөйлемдерді оқып және оларды дұрыс немесе жалған тұжырымдарға бөлуді ұсыну.

Орындап көр. Оқушыларға суреттегідей сірің­ ке шилерінен үй құрастыруды ұсыну. Үйдің қай жаққа қарап тұрғанын сұрау. Одан кейін 1 шиді ауыстырып қою арқылы, үйді басқа жаққа қарап тұратындай етіп бұруды ұсыну.


Үй жануарлары. Оқушыларға тапсырманы топпен орындауды ұсыну. Олар есепке әртүрлі нұсқадағы жауаптарды құрастыра алады. Тапсырманы орындап болған соң топтарға өз пікірлерімен алмасуды ұсыну.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Логикалық тапсырмалар оқушылардың талқылай­ білу, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыта­ды­. Олардың толық жауап беруін, өз шешімін түсіндіруін­ бақылауз. Оқушыларға әзіл тапсырмалар­ ұсыну, жауап алдында талқылап алуды сұрау­.

Әзіл тапсырмалар:


Атызда 5 сауысқан отыр. Оларға тағы 3-еуі ұшып келді. Мысық жасырынып келіп, бір сауысқан­ ды ұстап алды. Атызда неше сауысқан қалды? (Бір сауысқан­ қалды, өйткені қалған сауысқандар ұшып кетті.)


Алмұрт ағашында 10 алмұрт өсті, ал ақ тал-да одан 2 алмұрт кем. Ақ талда неше алмұрт өсті? (Ештеңе, өйткені ақ талда алмұрт өспейді.)


Бұтақта 4 қарға отыр. Аңшы келіп біреуін атып өлтірді. Қанша қарға қалды? (Бір қарға қалды, өйт­ кені қалғандары ұшып кетті.)


Оқушыларға логикалық тапсырманы шешкен кезде бірден есептеуге кіріспеу керектігін айтып ескерту. Алғашында есептің шартымен жақсылап танысып,­ сосын шешімін болжау керек.

Дәптермен жұмыс. Шарлар. Оқушылар шарларды тапсырманың шартына дәл келетіндей етіп бояулары қажет.

Жауабы:

жасыл, қызыл, сары.

Пирамида. Оқушылар пирамиданың сақина­ ларын тапсырмаға сай келетіндей етіп бояйды.

Жауабы:

сары, қызыл, жасыл, көк, қоңыр.

Тышқан, мысық және шұжық. Оқушылар кес­ тедегі тұжырымдарды оқып, “ақиқат” және “жалған” екенін анықтап, белгілейді.

Жауабы:

1 — ақиқат, 2 — жалған, 3 — жалған, 4 — жалған, 5 — ақиқат.

Сөздер. Оқушылар есептің шартын оқып және оның шығарылуына дәл келетін сызбаны таңдайды.

Жауабы:

үшінші сызба.

Спорт түрлері. Қызығушылық танытқан оқу­ шыларға бұл тапсырманы саралап оқытуда қолдануға болады. Оқушылар кестені толтырып, аттарын жазады.

Жауабы:

Қанат — шахматшы, Арман — жүзгіш, Марат — боксшы.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түрлі логикалық есептер шығару тәсілдерін­ табуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойу:

Мәтін есептің шартын тыңдағанда қандай болуымыз керек? (Зейінді.)

Қазір неше сұрақ естігендеріңді айтыңдаршы.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалайды.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!