Материалдар / Сабақ тақырыбы сақтар жайлы олардың әдет құрыпы салт санасы. Тұрмыс тіршілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ тақырыбы сақтар жайлы олардың әдет құрыпы салт санасы. Тұрмыс тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліміңді одан әрі дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2020
636
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:Қазақстан тарихы

5 теориялық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Энеолит (мысты тас дәуірі).

Сабақтың сұрақтары: Мыс құрал-жабдықтарының пайда болуы. Энолиттік ескерткіштер


 

 Неолит дәуірінен соң келетін келесі тарихи кезең – энеолит дәуірі деп аталады. Ол мысты-тас дәуірі деген мағынаны береді. Осы энеолит дәуірінде адамдар мыс балқытуды толық игеріп, оны тұрмыста кеңінен қолдана бастады. Энеолит дәуірі б.з.б. 3 – 2 мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі, жоғарыда атап өткеніміздей – металл өңдеуді игеру болып табылды. Осы дәуірде тас құралдар жасау ісі құлдырап, олардың орнына мыс қосылған бұйымдар жасала бастады. Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан жасалған пышақтар, шаппа-шоттар пайда болды, мыстан инелер мен түйреуіштер де жасалды. Тастан жасалған шапқыға қарағанда мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың жұмыс істеу тиімділігі көп есе артты. Мыстан жасалған құралдар тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз болған құралдар да ойлап табылды. Осының бәрі энеолит дәуірінің басты ерекшелігі болып табылатын.

Энеолит дәуірі мал шаруашылығы басым дамыған Қазақстан далаларына да үлкен өзгерістер әкелді. Бұл дәуірде климат ылғалды болатын, сондықтан да мұндай табиғи орта сүт қоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малының көбеюіне жағдай жасады. Бұрын бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударатын аңшы тайпалар өздерінің көшу аумақтарын қысқартып, бір орында ұзақ уақыт тұрақтай бастады. Аң аулау алқаптарының босауы мал санының одан ары ұлғаюына әкелді. Ал энеолит тұрғындары төрт түлік малды, әсіресе жылқыларды көптеп қолға үйретіп, анағұрлым үлкен аумақтарда шаруашылықтың бір түрімен шұғылдана бастады. Осыдан олардың неолит кездегіден бөлек өз дербес мәдениеттері пайда болды.

Ботай мәдениеті. Бұл мәдениет Қазақстанның солтүстік өңірлерінің далалық энеолитін сипаттайды, мерзімі б.з.б. 3 – 2 мыңжылдықтар арасы. Ақмола облысының Ботай қыстағы атымен аталған. Ботай мәдениетін қазақстандық археолог В. Зайберт ашқан. Ботай мәдениетінің үлкен ерекшелігі осындағы Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйегі табылған. Бұл оның тұрғындарының негізгі шаруашылығы жылқы өсіру болғанын көрсетеді. 2010 жылы британ ғалымдары ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінде, жер шарындағы жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстанның далалық аймағы, соның ішінде Ботай қонысы екенін анықтады.

Археологтар В. Логвин мен С. Қалиева Ботай мәдениетінің батыс жағынан зерттелген энеолит ескерткіштерінің ерекшеліктерін аңғарып, жеке Терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын байқалған және кейбір ескерткіштері б.з.б. 4 мыңжылдыққа да жатуы мүмкін болған. Қостанай облысы аумағынан Ботай мәдениетіне ұқсас бірнеше қоныс ашылған, олар: Бестамақ, Тұздыкөл 1, Құмкешу, Қожай, Дүзбай 3, Ақмола облысынан – Ботай, Красный Яр, Васильков 4 қоныстары. Барлығы 20-дан астам қоныстар белгілі.

Қоныстар әдетте Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалы сияқты шағын дала өзендерінің биік алаптарында орналасқан. Олардың көлемдері 2-3 гектардан 15 гектарға дейін жетеді. Бұл қоныстардың ішінде жақсы зерттелгені – Ботай қонысы. Ол шамамен б.з.б. 24-22 ғасырлар аралығында 200 жылдай өмір сүрген. Қазірге дейін 158 тұрғын үйдің орны табылған. Қоныстың тұрғын үйлері тығыз орналасып, бір-бірімен жалғасатын өзінше бір кварталдарды құраған. Бұлардың біреуінде 30-ға дейін үйлер болған.

Тұрғын үйлер жерден 1 метрге дейін шұңқыр қазылып, шығарылған топырақ оның жиегіне дуал етіліп үйілген және оған қабырғалар ретінде төбесі тарыла беретін бағаналар қойылған. Осы күмбез тәріздес құрылыс бұтақтармен және шым қабаттармен жабылған. Тұрғын үйлердің ішінде ошақтар және төбесінде түтін шығатын тесіктері де болған.

 Шаруашылығы. Қазақстанның энеолит дәуірінің тұрғындары мал шаруашылығымен айналысқаны жоғарыда айтылды. Мысты-тас дәуірі болса да олар әлі де өндірістік құралдарды тастан, сүйектен, саз балшықтан жасаған. Аттың жүгендері, кісендері сүйек бөлшектерін қосу арқылы жасалған. Бұл олардың жылқыны қолға үйреткенін тағы бір дәлелдейді. Тастан жасалған жебе, сүңгі, найза ұштары, пышақтар табылған. Бұлар аң және балық аулау құралдарына жатады. Ежелгі тұрғындар аң аулаумен де айналысқан, Ботай қонысынан мыңдаған жылқы сүйектерімен қатар бұланның, еліктің, зубрдың, турдың, аюдың, түлкінің, қоянның, қарсақтың, қабанның, құстардың сүйектері де көптеп табылған. Үй салу үшін ағаш өңдейтін балталар, шоттар, қырғыштар, кескіштер, қашаулар сияқты саймандарды пайдаланған. Тері өңдеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, жонғыштар, тері жұмсарту үшін сүйек келілер қолданылған. Киім тігуге қажетті инелер, тескіштер мен біздер де кездеседі.

Жерлеу ғұрпы мен басқа да белгілер энеолит тұрғындарында тотемизмнің, бабалар әруағына табынудың болғандығын көрсетеді. Адамдарды қоныстағы ескі тұрғын-жайларға жерлеп, қабірлерін айналдыра жылқының бас сүйектерін қойған. Тұрғын үйлердің бірінен, қабырғадағы сөреден ер адамның саз балшықпен мумияланған бас сүйегі табылған. Тұрғын үйлердің табалдырығы астына иттің көмілуі де жиі кездеседі, бұл да сол кезеңдегі рәсімдік сипат болып табылған. Жылқы бас сүйектерінің қойылуы жылқы тотемін, яғни жылқыға табынуды білдіруі мүмкін.

Энеолит дәуірінің жекелеген ескерткіштері Маңқыстаудан да табылған. Бірақ ғалымдардың пікірінше, ол б.з.б. 5 мыңжылдық аяғы – 4 мыңжылдық басында солтүстік және оңтүстік-шығыстан келген мәдениеті өзгеше екі толқыннан құралған.








Пән:Қазақстан тарихы

6 теориялық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірі (б.д.д ХVІІІ –ХІХ ғ.ғ.).


Сабақтың сұрақтары: Малшаруашылығын дамыту. Патриархат. Андроновтық мәдениеті.


Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. 1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. 2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді». 3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған. Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. Ыдысты жасау әдістері: а) таспалық әдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) үңгіп қазу әдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды. Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді. Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған. Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!