Материалдар / Сабақ Тазалық- денсаулық кепілі 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ Тазалық- денсаулық кепілі 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламамен оқитын 1- сынып сабағын жоспарлау үшін қажетті материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
914
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Тазалық – денсаулық кепілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Денсаулық және жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын түсіндіру. Жеке бас гигиенасы» ұғымымен таныстыру. Оның ережелерін анықтауға және айта білуге үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Денсаулық және жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын түсінеді, «Жеке бас гигиенасы» ұғымымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін үйренеді, оның денсаулыққа маңыздылығын дәлелдейді.

Кейбір оқушылар:

Мектепте және үйде жеке бас гигиенасын сақтау ережесін құрастырады, салыстырады.

Алдыңғы оқу

3 минут

«Сұрақ-жауап» әдісі:

Дене мүшелерін атап шық және суреттен көрсет.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

.

Басталуы

1 мин







3 мин

Психологиялық ахуал

Қоян,қоян тұршы

Бетін, қолын жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Секірші, жүгірші

Орныңа отыршы.


«Ыстық орындық» әдісі Тұтыну заттарының пайдасын ата.

Ресурстар

Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, плакаттар, жұмбақтар,ағаш бұтақтары,ермексаз

Ширату жаттығуы


5 минут

«Мойдодыр» мультфильмінің үзіндісін қарау, талқылау.

Сұрақтар:

1.Кірқожалақтың іс-әрекетіне достары қалай жауап берді?

2.Оның іс-әрекеті туралы не айтуға болады?




Ортасы.

Тақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу






3 минут















2 минут
















2 минут





Аяқталуы

6 минут

Жеке бас гигиенасы құралдары арқылы  топқа бөлу.





Жұмбақтар шешу.


1.      Табан–табан-ай,

Табаны жалпақ қоян-ай

Көлеңкесі күмістен

Күліп тұрған қоян-ай (айна)

2.      Үйде жездем жатыр,

Жез белбеуін орап жатыр    (сыпырғыш)

3.      Өзі кірді ашады,

Суға салса қашады   (сабын)

4.      Қолы жоқ, сөзі жоқ,

Бірақ тәттісі бар,

Басымен ісі бар      (тарақ)

5.      Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолынды

Сүртеді жонынды    (сүлгі)


Сұрақ: Осы заттар не үшін қажет?


1 -тапсырма.















Суреттерді салыстыр

  • Балалар туралы не айтасың?

  • Тазалық сақтау неліктен маңызды?

  • Ол үшін не істеу қажет?


2 – тапсырма.

Дәптермен жұмыс. Сәйкестендіру.


Щетка сүртеді

Сабын тазалайды

Сүлгі тарайды

Т арақ жуады


3-тапсырма.








  • Суреттерге қарап, жеке бас гигиенасының ережелерін құрастыр.


  • Ол ережелерді басқа топтарға айтып бер.

































Қорытынды






  1. минут

-Қолды қашан жуу қажет?

  • Тісті күніне неше рет жуу керек?

  • Адамдар не үшін шаш тарайды?

  • Күніне неше рет жуыну керек?

  • Адам ауырмау үшін не істеу керек?


  1. Ермексаздан, ағаш бұтақтарынан тіс щеткасын жаса.

Рефлексия

2 мин

«Тазалық сандығы» Тазалыққа қажетті заттарды сандықшаға теріп салайық.Тазалыққа байланысты сөздерді 3 тілде айтайық. Денсаулық-здоровье-health, гигиена-гигиена-hygiene, тазалық-чистота-cleanliness

Қосымша ақпарат

Сен білесің бе?

Ежелгі мысырлықтар ауыз қуысының гигиенасы туралы ойланған. Олар тіс щеткасының ұштарын шашақталған ағаш бұтақтарынан жасаған.


Саралау

-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

Оқушылар:

  • «денсаулық», «жеке бас гигиенасы» ұғымдарын білді;

  • Гигиена ережесін құрастыруды үйренді;

  • Салыстыру мен талқылаудың тәжірибелік дағдыларын және іскерлігін бекітті

Өзара бағалау «Сэндвич»

Бағалау парағы (жетондар)

Пәнаралық байланыс


АКТ, еңбекке баулу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!