Сабақ үдерісін қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру Қазіргі заманда білім беру саласын оқытудың әртүрлі техникалық құралдарынсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан заман талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті.Осыған орай еліміздің білім беру жүйелерінде ХХI ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар қарқынды жүргізілуде.Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру,жаңа технологияларды сабақта тиімдң пайдалана білу. “Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес’’ ,-деп В.А.Сухомлинский айтқандай, ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлық қалыптасады.Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі.Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой өрісін дамытуға әсер етеді. Тілдің дамуына да , ақыл ой дамуына да көмектеседі , бала ойын үстінде заттармен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады.Ойын түрі сабақтың тақырыбымен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса , оның танымдық, тәрбиелік маңызыда арта түседі.Баланың әдепті,көрегенді,қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екендігі мәлім. Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл-әрекет, логикалық, ұлттық ,грамматикалық,дидактикалық,рөлді-сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап,берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады , ерік қасиеті артады, эмотциялық әсері артады,қиял елестері дамиды,белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойынарқылы өзі өмір сүріп отырған бегілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын терапиясы- күрделі жұмыс. Бұл – бала психикасын дәрісіз емдеу,көңіл-күйіне,өзіне,қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзерту ,пәнге қызығушылын арттыру іскерлік,белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы тиімді әдісі. Ойын дегеніміз- ұшқын,оны «білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта- ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруға болады.Педагокикалық мүмкүндіктерне сәйкес ойын түрлері: 1.Білім беретін ойындар. 2.Тәрбиелейтін ойындар 3.Дамытатын ойындар 4.Жеке тұлғаны әлеуметтердіретін ойындар. 5.Диагностикалық ойындар.Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысты нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізілген жөн.Психалогиялық ойын-жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді.Баланың сезім, әрекетінен әсерлендірушілік деңгейін анықтау үшін қолданылалы. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте күрделі процесс.Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балалардың ұжымға бейімделуінде,білімді меңгеруде кедергі болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танмдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық,сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркінділік , топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психикалық жаттығулар өткізу керек.