Материалдар / Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау. Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
863
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ

      Уақыты:



Коучинг сабақтың тақырыбы

Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы

Жалпы мақсаты


Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау. Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

    Күтілетін нәтиже

- Тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек

беретінін түсінеді;

-Оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыс құра алатын жағдайда болады;

-Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады.

Әдебиет

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016 жыл

2. Үлестірме материалдар 2016 жыл

3. http://cpm.kz/ru/blogs/?page=post&blog=u24894-blog-s1&post_id=24853

Жаттығулар:

Бірлескен жұмысқа

негізделген

тәсіл

            Коучтің  әрекеті

Тыңдаушылардың

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Комплименттер бұрқасыны» тренингісі

Түрлі-түсті шарлар таратамын

Шарға тілектер жазады, шарларды басқаларға лақтырады, тілектерді оқиды.

Шапалақтау арқылы

Шарлар, маркерлер

Топқа бөлу

Шар түстері арқылы топқа бөлемін (қызылдар, көктер, жасылдар)

Шар түстері арқылы топқа бөлінеді

Мадақтау

Шарлар, парақтар



Бастапқы кері байланыс


Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау үшін алдын ала таратылып қойған смайликтерден қалағанын көрсетуді сұраймын

С майликтерді көтереді


Смайлик

Көңіл-күй смайликтері

Топтық ереже

Топтық ережелерді құрамын, плакатқа ілемін


Ойларын айтады

Бас бармақ

Топтық ережелер, плакат

Тақырыпты ашу

"Гүл салу" стратегиясы бойынша гүлдің суретін салуды бастап, мені дамыту үшін кері байланыс берулерін сұраймын

Ойларын айтады (сабағын, жапырағын т.б.)

Смайлик

Түрлі-түсті борлар, тақта

"Күріш" (кері байланыс)


Видеоролик көресетемін

Оқушыға жағымды ахуал тудырғанда ғана оның дамитындығын түсінеді

Шапалақтау

Компьютер, проектор, интерактивті тақта, видеоролик


Бірлескен талдау

Сабақ үдерісіндегі кері байланыс дегенді қалай түсінесіз?

Кері байланыс жайлы алдын ала дайындалған мәтінді топтарға таратамын


Мәтінді мұқият оқып, топ арасында талқылап, ойларын А3 форматына түсіріп, спикер постер қорғайды, бір-бірін бағалайды

Екі жұлдыз, бір тілек

А3 парақтары, маркер, қалам



Шағын дәріс

Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беремін (слайд бойынша).

Мұғалімдер керек деген тұстарын түртіп алады

Смайлик

Слайдтар, видеоролик

Жазба жұмыстарындағы кері кері байланыстың жүргізілуі

Жазба жұмыстарындағы кері кері байланыстың жүргізілуін көреді



Слайдтар


Кері байланыс

Мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын анықтау мақсатында «Тазалық» ойынын ойнатамын. Тақтаға чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреттері бейнеленген парақты ілемін. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарын "чемоданға", сабақтағы керек емес артық нәрсені "қоқыс жәшігіне", ақпараттың ішінде әлі толықтыруым керек деген ойларын "еттартқышқа салуын" (жазбаша) өтінемін.


Стикерлерге ойларын жазып, керек деген "заттарға" салады.


Смайликтер

Стикерлер, қаламсап, чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі бейнеленген парақтар



































Коучинг сабаққа рефлексивті есеп


Коучинг сабақ, мен үшін ересектерді оқытудағы алғашқы тәжірибем. Сондықтан мен ересек мұғалімдердің тәжірибесін, жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып жоспарладым. Бұл оларға қалыптасқан мақсат қою тәжірибелерін жаңаша құрылымда іске асыруға мүмкіндік береді. Коучинг - (ағылшынша coaching) сөзбе-сөз аудармасы - тәлім етуғ дайындау, жаттықтыру. оның барысында қолданысағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек даытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді (МАН, 87-бет).

Осы бағдарламаны меңгеруге келгенімде мен кері байланыстың түрлі әдістерімен таныс болдым. Олар менің көңілімнен шығып, сабақта қолдануға өте тиімді екендігін түсіндім. Менің ойымша сабақ үдерісінде баламен кері байланыс жасаудың әлі де жеткіліксіз екендігін өзімнің сабағымнан және әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында енген сабақтарымнан байқап жүретінмін. бірақ оны қалай дамытудың жолдарын білмей, интернетке жүгінетінмін. Алайда кері бйланыс туралы материалдар тапқанмен, оншалқты түсінбейтінмін. Педагогикалық шеберлік орталығында ПҚМК бағдарламасы аясында кері байланыс түрлерімен танысып, оны қолданудың тиімді тәсілдерін үйрендім және осы үйренгендерімді әріптестеріммен бөлісу мақсатында "Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы " тақырыбында коучинг өткізуді жоспарлап отырмын.

Коучингке мұғалімдерді қалай тартатынымды А4 есебімде айтып кеткен болатынмын. Алдымен жағымды психологиялық ахуал туғызуға «Комплименттер бұрқасыны» тренингісін өткізуге түрлі-түсті шарлар таратамын. Қатысушылар таратылған шарларға тілектер жазады да, басқаларға лақтырады, олар тілектерді оқиды, сосын жалпы сыныпқа да жақсы көңіл-күй сыйлау үшін шапалақтау арқылы бағалаймын.

Шар түстері арқылы топқа бөлемін (қызылдар, көктер, жасылдар), көңіл-күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс жасау мақсатымен мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау үшін алдын ала таратылып қойған смайликтерден қалағанын көрсетуді сұраймын. Тақырыбымды айтпас бұрын «Гүл салу» әдісі арқылы гүлдің суретін шала салу арқылы мұғалімдер не түсінгендігін айтып, сыни ойлануларына ықпал ете отырып, пікірлерін ортаға салуды қарастырамын. Бұл арқылы өз ойын сыни тұрғыда жеткізіп, тақырыпты аша білген топқа жұлдызша беру арқылы бағалауды көздеймін. Видеоролик көрсету арқылы миға шабуыл жасатамын деп жоспарлаймын. Сосын неліктен бір құтыдағы күріш қана өсіп жетілді? Қалған құтыдағы күріштерге не болды? Неліктен бұлай болды? деген сияқты сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдаймын да, тұщымды ойлармен бөліскен әріптестерімді смайликтер арқылы бағалауды ойладым. Бұл тапсырма арқылы мұғалімдердің тыңдауын, сыни ойлауын, оқуын, ынтасын арттыруды, кері байланыс жүргізуді көздедім. Бірлескен талдау жасау үшін "Сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?" деген сұрақ аясында білетіндерін А3 форматына түсіріп, топ мүшесі (спикер) қорғайды және бұл жұмысты "екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалаймын деп ойлап отырмын. Шағын дәріс беру мақсатында Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беремін (слайд бойынша). Жазба жұмыстарындағы кері кері байланыстың жүргізілуін көреді. Мұғалімдер керек деген тұстарын түртіп алып, өз тәжірибелерінде қолданады деп ойлаймын. Мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын анықтау мақсатында «Тазалық» ойынын ойнатамын. Қатысушыларға чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреттері бейнеленген парақ беремін. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарын "чемоданға", сабақтағы керек емес артық нәрсені "қоқыс жәшігіне", ақпараттың ішінде әлі толықтыруым керек деген ойларын "еттартқышқа салуын" (жазбаша) өтінемін. Стикерлерге ойларын жазып, керек деген "заттарға салады".

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!