Материалдар / Сабақ Үй құстары 2 сынып

Сабақ Үй құстары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың психикалық дамуы кешеуілдеген оқушылармен жұмыс жасауда дефектологтарға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
835
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Тұрсұмұрат Әлия Нұрланқызы


Алматы қаласы, Әуезов ауданы № 72 жалпы білім беретін мектептің мұғалім-дефектологы

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары

Сабақтың мақсаты: үй құстарын саралау

Түзету білімділік: құстардың жалпыланған түсінігін бекіту.

Түзету дамытушылық: сөйлеу тілін және моториканы дамыту;ойлау қабілетін , зейінді және есте сақтауды дамыту.

түзету-тәрбиелік: үй құстарының түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі :  үй құстарының макеті, заттық суреттер және олардың контурлық бейнесі.

І .Ұйымдастыру  кезеңі

Дефектолог: балалар бүгін біз керемет құстар әлеміне  барамыз.

Онда біз құстардың түр-түрін жолықтырамыз .

(балалар құстарды тамашалайды)

Дефектолог:

–  Бұл құстарды қалай атаймыз?( Үй құстары)

–   Неге біз оларды солай атаймыз?(

Себебі олар адамдардың қасында өмір сүреді және адамдарға пайда  әкеледі)

–  Бұл жердегі құстардың бәрі үй құстары ма? ( Жоқ)

–  Қандай құс артық? (Қарлығаш және қарға)



2. Суретпен және контурлы бейнелермен жұмыс .

Әр балаға үй құсының контурлы бейнесі таратылады.

Дефектолог: – Сендерде не бейнеленген?  Енді осы құсты үстел үстінен тауып алыңдар.   (Заттық суреттер үстел үстінде жатады, бала үстел қасына келіп өзіннің контурлы бейесіндегі құсты табады да қайта орнына отырады).



Үй құстары

Әтеш Тауық




Күркетауық Қаз

Үйрек Балапан







3. Дефектолог: Ал енді балалар жұмбақ шешейік? Кім жұмбақтың шешімін тапса, онда сол құстың бейнесін жоғары көтеріп дауыстап айтады.

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (…)

  1. Кеудесі қайқандап, жүреді байпаңдап. (...)

  2. Суға түссе балықтай, жүзе береді жалықпай. (…)

  3. Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы. (…)



  1. Сергіту сәті.

  2. Ал енді балалар сөздердің арасынан тек үй құстарын теріп жазамыз.

Әтеш, қарлығаш, сауысқан, қаз, шағала, торғай, балапан, аққу, үйрек, қарға, көкек, тауық, үкі, тырна, күркетауық.



7. Не артық ойыны. Берілген сурет ішінен қандай құс артық?

1.Әтеш, қарлығаш, сауысқан, қарға

2.Әтеш, қаз, үйрек, шағала

3.Қасқыр, қоян, үйрек, мысық

4.Үкі, тырна, тауық, сауысқан

8. «Қиылған суреттерден жина» . 

Әр балаға қиылған сурет беріледі.

Дефектолог: - Кәнеки қандай жануарды жинап құрастырдың , ал сенің досын қандай жануарды құрастырды?( сөйлем құрастыру).

Қорытынды: 

Балалар,сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ?  Саяхатымызда қандай құстармен таныстық ? Қандай үй құстарын білдік? ?Тағы да саяхатқа барамыз ба? Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ