Сабақта мақал-мәтелдерді тиімді қолданып,оқушылардың қызығушылығын арттыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақта мақал-мәтелдерді тиімді қолданып,оқушылардың қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдің екінші сыңарын табу,сұраққа мақалмен жауап беру,математикалық мақалды жалғастыру.Оқушының тапқырлығын,жылдамдығын,есте сақтау қабілетін арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім мақалдардың басын айтады, ал оқушылар мақалдың жалғасын табуы керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.



1. Отансыз адам 8. Ақыл көпке жеткізеді,

Ормансыз бұлбұл. Өнер көкке жеткізеді.

2. Ел ағасыз болмас, 9. Ер еңбегімен озады,

Тон жағасыз болмас. Еріншек езулігімен озады.

3. Мың балаң болғанша 10. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Бір балаң ғалым болсын. Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4. Ер салмағын ел көтереді, 11. Өзің білмегенді кісіден сұра

Ел салмағын жер көтереді. Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

5. Тасқа егін шықпас, 12. Ақымақ бұзуға бар,

Қос жаманға білім жұқпас. Түзеуге жоқ.

6. Шешенннің сөзі мерген, 13. Тау тасымен көрікті,

Шебердің көзі мерген. Ел жасымен көрікті.

7. Өнер алды – бірлік, 14. Отан – елдің анасы,

Ырыс алды – тірлік. Ел – ердің анасы.

15. Тіліңмен жүгірме, 18. Білім мәңгілік,

Біліміңмен жүгір. Дүние әз күндік.

16. Қарт кісіні қадірле, 19. Ағасы бардың жағасы бар,

Өзің де қарт боласың. Інісі бардың тынысы бар.

17. Қыран баласына қанат сыйлайды, 20. Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ұстаз шәкіртіне білім сыйлайды. Ақылыңа ақыл қос.



Мұғалім мақалды сұрақ түрінде береді,оқушы сұраққа мақалмен жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.


1. Инемен құдық қазуға бола ма?

(Білім инемен құдақ қазғандай)

2. Аппақ қарға бола ма?

(Қарға баласын «аппағым» дейді)

3. Ең тәтті не?

(Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

4. Қар жана ма?

(Қалауын тапса, қар жанады)

5. Тауық түс көре ме?

(Тауықтың түсіне тары кіреді)

6. Оттан да ыстық не?

(Отан оттан да ыстық)

7. Ер қаруы нешеу?

(Ер қаруы бес қару)

8. Кімнен кім жаман?

(Олақтан салақ жаман)

9. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?

(Шашу оңай, жинау қиын)

10. Білгенің қанша, білмегенің қанша?

(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

11. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

(Көз – қорқақ, қол - батыр)

12. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?

(Қолыңнан келсе қонышыңнан бас)

13. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

(Отан үшін отқа түс күймейсің)

14. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?

(Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)



Күнделікті өмірде қолданылатын тұрақты тіркестердің мағынасын ашу. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


1. Ақ ауыз қылды – алдап кетті

2. Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

3. Еңбегін сауды – адал күн кешті

4. Бас білдіру – үйрету

5. Кәріне міну – ашулану

6. Иін тірескен - өте көп

7. Ит болу – қор болу

8. Қанатын қию – сорлату

9. Қанына сіңу - әдеттену

10. Қанына тарту – туысына ұқсау

11. Мүйіз шығу – қарық болу

12. Ләмпи ауыз – ашық ауыз

13. Маңдайы ашық – жолы болу

14. Құлағын бұрау – үгіттеу

15. Қара жаяу емес – құра алқан емес

16. Өрісі тар – ақылы аз

17. Сақинасы бар – ұстама ауруы бар

19. Іші жарылу – зерігу

20. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау




Мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.


Ат ердің................ (қанаты )
Берегеннің қолынан,..........( беремегеннің жолынан )
Ер аралаған..............(сыншы болар)
Отан оттан да.............(ыстық)
Өз елім өлең............. (төсегім)
Әркімнің өзі жері....... (жұмақ)
Туған жер............ ( тұғырың )
Туған ел.............. (қыдырың )
Кісі елінде............(күркірегенше,)
Өз еліңде............... (дүркіре )
Төртеу түгел болса..............(төбедегі келеді )
Ынтымақ түбі................(игілік )
Сонымен мақал мәтелдер не туралы екен? ( туған ел, туған жеріміз жайлы )





Математикалық мақал – мәтелдерді жалғастыру


1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас,
(екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға –
(екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)
9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2023
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі