Сабақта оқушылардың
белсенді қызметін ынталандырудағы заманауи әдіс-тәсілдер. Жаңашыл
білім беру мазмұнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру
технологиялары.
Тіл – адам қатынасының аса
маңызды құралы. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп
жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да
ұйымдастыруы. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын
ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік
азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны
ерекше. Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының
оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше
көрінісі. Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес,
білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің
күрделі үрдісі». Оқушылардың танымдық
белсенділігі оқу үрдісінде
қалыптасады.
Қазіргі мұғалімдердің алдында
тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың
бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге
өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар
аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық
технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін
қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы
өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз
етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық,
күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Оқытуда
мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор. Сондықтан
мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды
оқулықты жиі қолданамын. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі
мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі
бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек,
олар:
– Оқушының пәнге деген
жеке қызығушылығын оятады;
– Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
– Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
– Оқытушының уақытын үнемдейді;
– Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер
береді;
Оқушының оқу және танымдық
әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік
мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін
тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының
өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар. Тиімді белгілерінің
бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі
сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық
жұмысты ұсынуға болады. Сабақтың бас кезінде
оқушылардың көңіл күйін көтеріп жіберу үшін және бір-біріне
бойларын үйрету үшін «стартер» деп аталатын әдіс-тәсілдердің
кейбірін қолданамын. Бұл әдістерді қолданғанда өткен тақырып
бойынша тапсырма бергенді дұрыс деп ойлаймын, сонда оқушылардың
өткен сабақтағы білімін тез және оңай жолмен байқай аламын.
Мысалы «Қарлы кесек», «Артығын
алып таста», «Пазл» «Сәйкестендір», «Сөйлемді толықтыр», «Жоқ
сөздерді тап», «Домино», «Білім ағашы», «Жұбын
тап», т.б. көптеген әдістерді
қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау қиын
емес. Бұл әдістер - кәдімгі үй жұмысын сұрау. Яғни балалар үй
жұмысын толықтай айтып бере алады.
Әдебиет сабағына арналған
пазлдар. Балаларға құрастыру үшін қиылып беріледі (кез келген пәнге
арнап жасап алуға болады).
Тыңдалым дегеніміз – өте
маңызды тілдік дағдыны қалыптастырады. Мендельсон (1995) айтып
өткендей, оқушылардың білімін тексеруге емес, оның тыңдалым
дағдыларын машықтандыруға қатты назар аударамын. Яғни оқушылардың
тыңдалым дағдысын шыңдау арқылы тіл байлығын арттыруға қол
жеткіземін. Тыңдалымға аудио, видео, конспект,
сұхбат т.б. жұмыс түрлерін
қолданамын. Бұдан басқа көптеген әдіс-тәсілдерді келтіруге болады,
мысалы: «Рөлге бөліп оқу»,
«Көріністер», «Бейнебаян»
т.б. Тыңдалымнан оқушылар
ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге
дағдыланады және тілдік қорлары
дамиды.
Айтылым бірнеше мақсатта
орындалады: қатысу үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін
байқату үшін сөйлеу, бағалау үшін сөйлеу т.б. Айтылым дағдысына
үйрету де жоспарлы түрде жүзеге асуы қажет деп ойлаймын. Айтылымда
баланың сөйлеу тілі дамиды, сондықтан әр сабақта айтылымға
байланысты мынандай әдіс-тәсілдерді қолданған
жөн: «Дебат», «Егер мен...»,
«Қарлы кесек», «Сиқырлы сандық», «Мен кіммін?» «Шындық па, жалған
ба?» немесе «Дұрыс па, бұрыс па?». (бастауыш
сыныптарда).
Оқылым белсенді немесе
бейтарап болуы мүмкін. Яғни әңгімені
түсініп
оқу немесе көз жүгіртіп
оқу. Бастауыш
сыныптарда оқу жылдамдығын
арттыруда қолданамын.
Ол жүгіртіп оқуға жатады.
Мәтін ішіндегі цифрды немесе бір маңызды даталарды тауып алуда
жүгіртіп оқу жүзеге асады. Ал жоғарғы сыныпта мәтіннің мазмұнын
айту үшін оқуда, түсініп оқу жүзеге асырылады. Оқылым бөліміндегі
әдіс-тәсілдер мәтін бойынша
сұрақтар қоя білуге, мәтіннің
идеясын, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасай білуге дағдылану
үшін қолданамын. Оқылымға мынандай «Бір
мәтінмен жұмыс» әдісі тиімді: сыныпты бірнеше топқа
бөлемін.
Бірінші топ – әңгіменің
мазмұнын айтады.
Екінші топ – әңгімені
зерттейді (мысалы антоним, синонимді
табады)
Үшінші топ – жоғары деңгейлі
сұрақтар құрастырады
Төртінші топ – әңгіме бойынша
сурет салады
Бесінші топ – әңгімеге
байланысты өлең құрастырады.
Сыныпта бала саны аз болса
жұптарға бөліп немесе кейбір тапсырманы алып тастап өзім қажет деп
санайтын тапсырмаларды қосамын.
Жазылым әр сабақта жүзеге
асатын қалыпты жұмыс. Оқушылар жазылымды үй жұмысын орындағанда,
сондай ақ құттықтау, эссе жазу, хат жазу сияқты жұмыстарды
орындауға қолданамын. Жазылым кезінде қатесіз жазу, оқып алып жазу
немесе өз ойыңды жазу, суретке қарап жазу және естігеніңді жазу
сияқты бірнеше түрлерін қолданамын. Жазылымға сөздік және көру
диктанттары, шығармалар т.б. жатады. Жазылым үшін әр балаға
суреттер таратып беремін, сол суретке байланысты қысқаша әңгіме
құрастырыңыздар деген тапсырманы ұсынамын. Бастауыш сыныптарға
«Аялдама» ойын түрін қолданамын: автобустың артына сөйлемдерді
жалғастырып мәтін құрастыруы тиіс.
Қорытындылауға арналған
әдіс-тәсілдердің бірі «Бес бармақ», «Т кестесі», «Бір ауыз сөз»,
«Бір сөйлеммен түйіндеу» немесе «Графикалық
органайзер», «ПОПС
формуласы»
Бірінші сөйлем: «Менің
ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен
оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына
фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған
байланысты мен мынадай қорытынды шешімге
келдім...»
Логикаға арналған тапсырмалар
(барлық пәндерге қолдануға болады). Суреттердің астындағы жеке
дөңгелектерді қиып немесе барлық дөңгелектерді қиып бергенде бала
қайсысын қай жерге орналастыруды табады. Қорытындылауға арналған
әдіс-тәсілдердің бірі «Бес бармақ», «Т кестесі»,
«Бір ауыз сөз», «Бір сөйлеммен түйіндеу», «Графикалық
оргнайзер» немесе «Пирамида»
әдісі. Яғни бөлімдегі тақырыптарға
байланысты көптеген суреттер дайындаймын. Таңдалған 4 суреттен
мазмұны бар, қызықты постер құрады да тақырып қойып бір әңгіме
немесе ертегі құрастырып шығарады.
Оқушыларды кәсіптік
білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі
қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп
тәрбиелеу.