Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сабақта ОүБ қолдану әдістемесі
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер жоспарлауда тиімді оқыту идеяларын қолдану арқылы оқу үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі туралы білімдерін көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1516
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
15-күн | 1-сабақ |
Тақырыбы: | Сабақта ОүБ қолдану әдістемесі |
Мақсаты: | Мұғалімдер жоспарлауда тиімді оқыту идеяларын қолдану арқылы оқу үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі туралы білімдерін көрсетеді. |
Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер оқу үшін бағалау әдістерін қолданып, сабақ жоспарын әзірлейді және оқу үдерісін жетілдіру үшін оның қолдану әдістемесін өзара бағалауды жүзеге асырады. |
Түйінді идеялар: | Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің бағдарлама идеяларын іс-тәжірибеде қолдану арқылы түсінуді талап етеді. Курс қатысушылары өз бетімен әзірлеген әдістерді қолдана отырып, дереккөздер мен әріптестердің тәжірибесін талдау нәтижесінде өздерінің сабақ жоспарларын жасайды. |
Сабақ барысы: | |
1-сабақ09.00-10.30 5 минут 30 минут 15 минут 20 минут 20 минут | Сергіту жаттығуы Қатысушылар бір-біріне стикерлерде алдын ала жазылған сөздерді дауыстап айтып ("Сен ..."ақылдысың", "алғырсың", "тапқырсың", "жүйріксің", "дарындысың"), "Сен қандайсың?" тренингі арқылы бір-біріне мадақтау айтып шығады. Стикерлердегі сөздермен "Ақылдылар", "Алғырлар", "Тапқырлар", "Жүйріктер", "Дарындылар" топтары құрылады. Тақырыптық тапсырмаАқпараттар жұпта талқылауға ұсынылады. (Ресурстар беріледі)1-жұп. Үй жұмысына арналған буклет (Білім беру платформасы. 15-күн. 273-284 беттер)2-жұп. Оқу үшін бағалау.(Білім беру платформасы. 15-күн. 285-292 беттер)3-жұп. Өзара бағалауға жағдай жасау.(Білім беру платформасы. 15-күн.)4-жұп. Әріптестермен бірлесіп іс-тәжірибені жетілдіру. (Білім беру платформасы. 15-күн.)5-жұп. Өзара бағалауға жағдай жасау. (Білім беру платформасы. 15-күн.)6. Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу. (Білім беру платформасы. 15-күн.297-298 беттер)8. Рефлексиялық журналдағы рефлексия. (Білім беру платформасы. 15-күн.299- бет)9. Ойлануға арналған журнал жүргізу. (Білім беру платформасы. 15-күн.) Әр топ негізгі ойды білдіретін 3 тезисті белгілейді және бір-бірімен бөліседі. Кері байланыс жасалынады.Топтардың бірін-бірі бағалауы жүзеге асырылады.Шағын дәріс Оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстыру(мақсат – оқушылар мен сабақ мақсаттары арасындағы байланыс орнату) жəнеСабақтың табыс критерийлерін ұсыну жəне талқылау(мақсат - оқушылардың оқу мақсатына жетуі үшін олар жасауға тиіс қадамдардынемесе оны ұғыну деңгейін түсіндіру).Кейде бұл оқушылармен бірлесіп жасалады.)Сонымен қатар, оқу үдерісінде Оқыту мақсаттары/Табыс критерийлері және ниеттер деген ұғымдардың нені білдіретіндігін түсінуде оқушылардың біршама шатасып қалуы мүмкін. Олардың анықтамалары: Оқыту мақсаттары (немесе ниеттері - Сіз қай ұғымды пайдаланатыныңызды өзіңіз шеше аласыз) балалардың нені оқығанын қалайтыныңызды білдіреді. Олар оқушылар не білуі, не түсінуі тиіс екендігін немесе сабақтың соңына немесе бірнеше сабақтан кейін олардың не істеуге қабілетті екендіктерін сипаттайды. Табыс критерийлері (ТК) мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жұмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері. Бастауыш мектептен алынған мысалдар Төменде бастауыш мектептегі жаратылыстану сабақтарынан алынған сұрақтың мәнін көрсететін кейбір мысалдар келтірілген: A. СүзуОқыту мақсаты: 1. Суда ерімейтін қатты бөліктерді сүзу арқылы бөліп алуға болатынын оқыту.2. сүзу үдерісін орындап, оны сипаттай алуы.Табыс критерийлері:1. Сүзгі ұсақ торға ұқсайтынын білемін. 2. Сүзгі сұйық заттан қатты бөліктерді бөле алатынын және оны тазартатынын білемін. 3. Сүзу сұйық заттан барлық қатты бөліктерді бөле алмайтынын білемін. B. Қайтымды және қайтымсыз өзгерістер.Оқыту мақсаттары:1. Материалдар бірге араласып кеткенде не болатындығын түсіну.2. Өзгерістер қайтымды немесе қайтымсыз болатынын түсіну. Табыс критерийлері:1. Мен әртүрлі қатты бөліктер мен сұйықтықты бірге араластырған кезде болатын, көзге көрінетін өзгерістерді бақылай аламын. 2. Мен қайтымды және қайтымсыз деген ұғымдарды түсіндіре аламын. 3. Мен қандай қоспалар толығымен өзгеруі мүмкін екендігін сәйкестендіре аламын. C. Тіс және тамақтануОқыту мақсаты:1. Адамдарда болатын әртүрлі тістерді атай алу. 2. Әрбір тістің не істейтіндігін түсіндіре алу.3. Тістің пішіндері оларға түрлі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретінін білу. Табыс критерийлері:1. қандай тістер азу, ұры және күрек тіс екендігін атай аламын. 2. Азу тіс шайнауға, ұры тіс жаруға, күрек тіс кесуге арналғандығын білемін. 3. Түрлі тістер қандай пішінде болатынын білемін. Тақырыптық тапсырмаМұғалімдер пән бойынша топтарға бірігеді және сабақты жоспарлауды барлық кезеңдерге қалыптастырушы бағалауды енгізіп, жүзеге асырады.Мысалы, қызығушылықты ояту кезеңінде, үй жұмысын өзара бағалау кезеңінде, жаңа материалды зерделеу кезеңінде, іс-тәжірибе кезеңінде, рефлексия кезеңінде. Кері байланыс арқылы бағаланады.Рефлексия жүзеге асырылады. ТәжірибеКейстер әдісі бойынша тапсырма "Жарнама"1-топ." Сүт өнімдері"2-топ. "Тоқыма бұйымдар"3-топ. "Ет өнімдері"4-топ. "Астық өнімдері" Әр топта жеке критерийлер жасалып, ортақ критерий құрылады. Критерийлер:1. Отандық өнім.2. Сапасы (қолдану мерзімінің ұзақтығы).3. Денсаулыққа пайдасы.4. Қолжетімділігі.Кері байланыс."Сатып алғым келеді"Рефлексия. "Неге арзанға бағаладым?" |
2-сабақ 5 минут 10 минут 20 минут 5 минут 10 минут 30 минут 10 минут | Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. Кері байланысПән бойынша топтарға біріккен мұғалімдер жоспарлауды жалғастырады. Жұмыс барысында тренер мұғалімдердің әрқайсысына жекелей кері байланыс береді.Жұптық өзара бағалау. Топтарда сабақ жоспарын бағалау критерийлерін бірлесіп талқылау. Тренер сабақ жоспарының критерийлерін тақтаға жазады. Тиімді сабақтың ортақ критерийлерінің үлгісі: 1.Мақсат пен нәтиженің нақтылығы.2.Бірлескен оқудың тиімдң ұйымдастырылуы.3.Бағалау әдістерінің тиімді қолданылуы.4.Зейінді шоғырландыру жаттығуларының тақырыпқа сәйкестігі.5.Тақырыптың ашылуы.6.Тапсырманың нақтылығы.7. Тәжірибенің жүзеге асуы.8. Уақыттың тиімді бөлінуі.9. Мұғалімнің шеберлігі.10. Кері байланыс пен рефлексия мазмұны оқыту сапасы мен бірлескен оқуда көрініс табуы. Кері байланыс. Рефлексия. Тәжірибе"Бір сұрақ-бір жауап" Жоспарды өзара бағалаған кезде не нәрсеге назар аударамыз? Тәжірибе "Дөңгелек стөл" "Үздік сабақтың" алты белгісіТалқыланатын сұрақтар:1.Мұғалімнің көпсөзділігінің сабаққа әсері.2.Оқыту қашан орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталады?3.Оқушыларға қандай сабақтар ұнайды?4.Оқушылардың табысқа қол жеткізуі деген не?5.Бағалау оқыту мен оқуға тиімді әсер ете ме?6.Тиімді сабақтағы сұрақтардың орны.Ресурс:(Үлестірме материалдар. 122-125 беттер) Жұптық жұмысТренер әр түрлі пән мұғалімдерін араластырып, жұптарды ұйымдастырады. Олар бір-біріне сабақ жоспарларын ұсынады және сол жоспар шынымен де оқуды қолдауға арналғаны туралы түсініктеме береді.Түсініктеме берудің басты міндеті оқушыларды әңгімеге тарту,олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатындәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.(Білім беру платформасы. 15-күн.) Қатысушылар рефлексиясы. "Мен сізге ... үшін алғыс білдіремін".Мұғалімдер осы сабақта өздеріне ықпал еткен әріптестерін атайды.Қосымша оқу:Оқу үшін бағалау (Білім беру платформасын қараңыз)"Қара жәшік ішіндегі жұмыс"(Білім беру платформасын қараңыз)Диалогты бағалау(Білім беру платформасын қараңыз)Педагогикалық диалог №2 (8) 2014(Білім беру платформасын қараңыз) |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)