Сабақтан тыс жұмыс: "§11. Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері" 7-10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтан тыс жұмыс: "§11. Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері" 7-10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтанттыс жұмыс. Оқушыларға қосымша ақпарат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

§11. Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері

 

Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келген. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі.

Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20–50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6–8 мм, ені 3–4 мм, қалыңдығы шамамен 2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45–50 жасқа дейін өседі.

Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді; 2) тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді; 3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

Ауру белгілері: Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді. Қалқаншамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді.

Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді (8-сурет).

Бүйрекүсті бездері. Құрылысы: бұл – бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6–7 г, екеуін қосқандағы салмағы шамамен 12–14 г. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні – үшбұрыш, сол жақтағының пішіні – жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасының 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртысты қабаты 90%-ын алып жатады. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гормондар түзіледі.

Қызметі: 1) бездің қыртыс қабатынан түзілетін гормондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздан түзілуін реттейді; 2) тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді; 3) қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді; 4) жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі қабатынан адреналин гормоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді; қанда глюкозаның мөлшерін арттырады; бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады; қанның ұюын тездетеді; ұлпаның оттегін қабылдауы жылдамдайды; қуық пен бронхылардың бұлшықеттерін босаңсытады. Адреналин – жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон. Адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде адреналин көп бөлінеді. Сондықтан оны кейде «көңіл күй» гормоны деп те атайды.

Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе (жетіспесе): 1) қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады; 2) су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді; 3) қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды.

Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының әр түрлі аурудан және жарақаттануынан туатын ауру Аддисон ауруы деп аталады. Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері Т.Аддисон алғаш рет сипаттаған.

Аурудың белгілері: ауру адам өте әлсіз болып, тез шаршайды; қан қысымы төмен (70/30 мм сын. бағ.); асқа тәбеті тартпайды; терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді. Бұл аурудың екінші атын «қола ауруы» дейді (теріде жиналатын пигментке байланысты). Асқынбай тұрғанда ауруды құрамында натрий мен көмірсулары көп, калийі аз тағаммен емдейді.

Біз ішкі секреция бездерінің кейбіреулеріне ғана тоқталдық. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігерді эндокринолог дейді.

1. Қанда адреналиннің көбеюі жылудың түзілуін:

A) Қалпына келтіреді.

B) Күшейтеді.*

C) Тоқтатады.

D) Жылу берілуін теңестіреді.

E) Баяулатады.


2.Aдреналин гормонын бөлетін-
A) жас бездері.
B) сілекей бездері.
C) Бүйрекүсті без.
*
D) қалқанша без.
E) алқым безі.

3.Адреналин бөлінетін без

A) Гипофиз

B) Қалқанша безі

C) Бүйрек үсті *

D) Үйқы безі

E) Жыныс безі


4.Адреналин бөлінетін без

A) Гипофиз

B) Қалқанша безі

C) Бүйрек үсті безі*

D) Үйқы безі

E) Жыныс безі


5.Жүректің жұмысын реттейтін гормон:

А) Вазопрессин

В)Окситоцин

С)Адреналин *

Д) Иисулин

Е) Паратгормон


6.Бүйрек үсті безінің ішкі қабатынан бөлінетін гормон

A) Инсулин

B) Тимозин

C) Паратгормон

D) Тироксин

E) Адреналин*

Жүрек жиырылуын жиілететін, кан қысымын арттыратын гормон:

А)тироксин.

В) паратгормон.

С) инсулии.

D) эстроген.

Е)адреналин. *


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.03.2024
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі