Материалдар / сабақтан тыс жұмыс:Химия әлеміне саяхат 8сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақтан тыс жұмыс:Химия әлеміне саяхат 8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, сабақтан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
946
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі
















тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат». (химиядан сыныптан тыс жұмыс)







Химия пәнінің мұғалімі: Зейнуллина Гульнара Есламбековна














2020-2021оқу жылы





Тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат».

Мақсаты: Оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, химик-ғалымдардың еңбектерін жастарға үлгі ету.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, слайд сөзжұмбақ,т.б.

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов «Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары»демекші,шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.

8Ә сыныбының оқушылар арасындағы таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Химия әлеміне саяхат» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын- демекші

Сайысқа түсушілерге сәттілік пен жеңіс тілеймін.

Бүгінгі  «Химия әлеміне саяхат» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар. І – кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» (сұрақ-жауап) II- кезең «Полиглот» III- кезең «Мықты болсаң тауып көр» IV-кезең «Қызықты 5 сұрақ» V- кезең «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

Мұғалімнің сөзі: Көруге бұл сайысқа жиылғандар, Д. И. Менделеевке құрметпенен сыйынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Бүгінгі сайысымызға 8Ә сынып оқушылары қатысып,өз білімдерін ортаға салып, көрсетеді.

Мұғалімнің сөзі: Сайысымызды бастамас бұрын ойыншыларымызды және олардың ойынын тең дәрежеде бағалап, әділ шешім беретін, әділ-қазылар мүшелерімен таныстырамыз.Әрбір кезеңдегі сұрақтардың дұрыс жауаптарына 1ұпайдан беріледі.

Мұғалімнің сөзі:Енді ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.

І – кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» 11 сұраққа жауап беріңіздер.Ұпай жинағандар "Өткелден" өтіп келесі кезеңге бағыт алады. 1.Сүйекті қаптайтын элемент. (кальций) 2.Атом - молекулалық теория негізін қалаушы ғалым. (М.В.Ломоносов) 3.Периодтық кестеде неше период бар? (7) 4.Тыныс алғанда бөліп шығатын газ? (СО2) 5.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл ? (I2) 6.Сілтілік металдар нешінші топта,топшада орналасқан? (І топ,негізгі топша немесе А-топша) 7.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (HCl) 8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль) 9.Қанның құрамына кіретін металл (Ғе) 10.Хлордың салыстырмалы атомдық массасы (35,5) 11.Жану қандай құбылысқа жатады ? (химиялық)

Мұғалімнің сөзі: Ой жинақтау кезеңін қорытындылай отырып, келесі кезең «Полиглот».Әр сайыскерге жеке тапсырма оқылады.Жауабын үш тілде айта білуі керек (қазақша, орысша, латынша).


  • Иісі, түсі, өңі жоқ Табиғатта онсыз өмір жоқ Өсімдіктен аламын Өміріме нәр қыламын. (оттек,кислород,оксигениум)

  • Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық Буланбас қайнатсаңда отынды үріп, Көрсететін суықты , жылуды анық Қандай зат құрал жасар соны құйып. (сынап,ртуть,гидраргирум)

  • Өшпейтін өмір жоқ, Сынбайтын ... жоқ. (темір,железо,феррум)

  • Ең жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутек,водород,гидрогениум)

  • Жылтырағаннын бәрі ........емес (алтын,золото,аурум)

  • Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар. Жеңілдігін ескерсең пайдаланар жері табылар. (алюминий 3)

Мұғалімнің сөзі: әділ-қазылардың шешімі бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі «Мықты болсаң тауып көр» кезеңіне өтеді.Бұл кезеңде әртүрлі тақырыптардағы ұяшықтар берілген.Осы ұяшықтардағы сұрақтар жеңіл түрден күрделі түрге ауысады. Периодтық жүйе 10 Үшінші периодта неше элемент орналасқан? (18) Периодтық жүйе 20 Оң зарядталған ион? (катион) Периодтық жүйе 30 ІІІ-ші периодта d-элементтері кездесе ме? (ия) Периодтық жүйе 40 Оны сіріңке өндірісінде қолданады Жай зат бейметалл, сары түсті (күкірт) Әр түрлі10 Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз болады? (Оларда табиғи тұздар ерітінділері болмағандықтан дәмсіз). Әр түрлі20 Темір элементтің адам ағзасына тигізетін пайдасы? (Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.) Әр түрлі30 Жасушаны зерттейтін ғылым саласы? (цитология) Әр түрлі40 Ауаның негізгі құрам бөлігі? (оттек) Химиялық элемент 10 Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы? (ас тұзы) Химиялық элемент 20 Атомдық массасы 65 болатын химиялық элемент (мырыш) Химиялық элемент 30 Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (H2O) Химиялық элемент 40 Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? (фтор) Медицина 10 Екі газдан алынатын сұйық зат (H2O) Медицина 20 Ауада оттек неше пайыз болады? (21%) Медицина 30 Ең жеңіл газ (сутегі)

Медицина 40 Адам тыныс алатын газ? (оттегі)

Мұғалімнің сөзі: әділ-қазылардың шешімі бойынша жоғары ұпай жинаған екі оқушы келесі ««Қызықты 5 сұрақ» кезеңіне өтеді. 1. Біз дем алатын қандай газдар қоспасынан балықшы құралын таба аламыз? (Ауа-ау) 2. Қандай сан оттектің аллотропиялық түр өзгерісінде жасырынған.(Озон-он) 3. Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді? (температура) 4.Қай элементтердің аттарында адамға қажетті тіршілік көздері кездеседі? (Оттегі, сутегі, көміртегі ) 5.Адам мен элементтер қасиеттерін салыстырып теңейтін мысалдар келтір. («АЛТЫН ҚОЛ»,«ТЕМІР МІНЕЗДІ»,«КҮМІС КҮЛКІ»). Мұғалімнің сөзі: Ой жинақтау кезеңін қорытындылай отырып, келесі «Әркімнің өзі шығар биігі бар»кезеңіне көшейік.Төмендегі «Сөзжұмбақтарды шешіңіздер». 1.Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі. Ал, өзі химиялық элемент. (селен) 2.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент. (неон) 3.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (азот) 4.Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң, қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы, бұл қай элемент? (боран-бор)

1

С


Е


Л


Е


Н

2

Н


Е


О


Н


3

А


З


О


Т

4

Б


О


Р


Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқасына сөз берейік. Қорытынды. Бүгінгі " Химия әлеміне саяхат " атты сайыстан сүрінбей өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз. Әрдайым биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!