Материалдар / Сабақтар тізбегі ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Сабақтар тізбегі ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезінде халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізуге ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
6784
27 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Баланың ойлау қабілетін дамыту

Тақырыбы: Баланың ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынасымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік құралдар: өзен, биік қарағаймен аласа шырша, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық.
Үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар

Дәптермен жұмыс.
- Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша ең ұзыны, Әлия – оң жақта тұр, Әнел сол жақта тұр.
- Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім?
- Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табыңдар да, олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар.
- Биік үй қай жақта? (сол жақта)
- Одан аласа үй қай жақта?(оң жақта)
- Ең аласа үй қай жақта?(олардың ортасында)
Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да одан биігі ұшы әрең көрінетін қарағай.
Суреті тақтаға ілінеді.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар?

Жұмбақтар
Үсті толы ине
Бірақта іс тігіп
Қадамайды түйме (кірпі)

Бұтақтарға секіріп
Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп
Жоғары өрлеп кетеді (ақ тиін)

Қорыққанда жел аяқ
Отырғанда томардай-ақ (қоян)

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды.
- Қоян шыршамен қарағайдың арасында отыр.
- Ақ тиін қарағайда.
- Қоян қызды көріп қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды.
- Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді.
- Шиыршықтар қарағайдың жоғары ұшына қонды.
- Ақ тиіндер төменге түсті.

Сергіту сәті. «Алыптар мен ергежейлілер»
Бұл орманда алыптар мен ергежейлілер (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.

Дәптермен жұмыс.
Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзінің себеті арқылы қос.
- Әр қыз не жинады?
Сабақты тәрбиеші қорытындылайды.

















































Бекітемін:

«Дос болайық бәріміз» тренинг-сабағы

Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суретте

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Дос болайық бәріміз» Тренингімізді бастамас бұрын танысып алайық. Ең бірінші есіміміздің бірінші әрпінен басталатын сөз айтып, мысалы Мейірімді Майра т.б. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушыларды 3 топқа бөліну үшін партада 3 сурет бар. Гүл күн кітап 3 топқа оқушыларды бөлемін. бөлемін. «Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)

1. Шаттық шеңбері.

ДОС ДЕГЕН – МЕН

МАХАББАТ ДЕГЕН – МЕН

ҚҰДЫРЕТ ДЕГЕН – МЕН

КҮШ ДЕГЕН – МЕН

2. Әңгімелесу

1. Гүл тобына: Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достық – ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2. Күн тобына: Нағыз дос – Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық дейді. Адал дос дегеніміз – адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

3. Кітап тобына: Жалған достық – ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түзеп отырады.

Оқушылар өз ойларын түсіндіреді.

3 тапсырма. Жағдаяттарды талқылау:

Күн тобына: Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

Гүл тобына: Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?

Кітап тобына: Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?

Жағдаяттарды талқылау:

4 тапсырма. Қандай ағашты таңдайсыз. (психологиялық тест)

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз — олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

Психолог: Өзіміздің қандай жан екенімізді білдік пе?

Рефлексия (ой қорытындылау)

Қатысушылар өз ойларын айта отырып тренингтен алған әсерлерін бөліседі.

Күнді тобына – күндей жайнап жүріңдер.

Гүл тобына – гүлдей құлпырып жайнап жүрулеріңе тілектеспін.

Кітап тобына – кітап білім бұлағы біілімді ақылды болыңдар

Достық ағашы

Шеңбер болып тұрып, бір қолдың жұдырығын жауып, бас бармақты жоғарыға қаратып, ағаш бейнесін жасау.













Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Ә) Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу тәсімі.
ә) психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты бекіту
Үй тапсырмасын тексеру
а) « Әдепті бала - арлы бала» тақырыбына жазып келген шығармаларын оқыту.
б) Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 ә) 2 б) 4
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 ә) 2 б) 4
3. Мәтін деген не?
а) ұзын бір сөйлем
ә) екі не одан да көп сөйлем
б) бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
4. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 3 ә) 4 б) 2
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) су - рет ә) ау - а б) қау - ын
6.«Қияр»сөзінде неше дыбыс, неше әріп?
а) 4 әріп, 4 дыбыс
ә) 4 әріп, 5 дыбыс
б) 4 әріп, 6 дыбыс

ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
- Сөйлем.
- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем неден құралады?
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Бір - бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады.

Оқулықпен жұмыс.
164 - жаттығу.
1. Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқу.
2. Қай бағандағы сөздер сөйлем?
3. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?
4. Неліктен?
Көркем жазу
СсС СсС
Сасық суды тауысқан,
Сойқан, суайт сауысқан.
166 - жаттығу.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
1 - қатар
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
2 - қатар
Ақан, сырғанады, шанамен.
3 - қатар
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.

IV Сергіту сәті
Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым - ақылды,
Бәрін осы - басқарған.
Мынау менің - оң қолым,
Мынау менің - сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Балалар, сөйлем тақырыбының тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 - қатарға
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 - қатарға
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 - қатарға
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Дыбыстық талдау жаса.
1 - қатар --------------- 2 - қатар --------------- 3 - қатар
«Сөйлем» ------------ «Нүкте» ----------------- «Үтір»

VI. Бес жолды өлең құрастыру.
Не? (1)
Қандай?(2)
Не істеді?(3)
Қайда болды?(4)
Сөйлем жаз.(5)
Қорытындылау
Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан не қойылады?
Үйге тапсырма













































Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Адамның есте сақтау қабілеті

Мақсаты: Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 7 арнайы тәсілін дайындап қойдық.

1. Мнемониканы пайдалану

Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады.

2. Жаңа нәрсе үйрену

Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды.

3. Ұйқыны қандыру керек!

Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.

4. Спортпен шұғылдану

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Бұд бірақ жаңалық емес. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.

5. Дұрыс тамақтану

Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.

6. Медитация

Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.

7. Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек.















































Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтауды дамыту жаттығулары
Сабақтың мақсаты: Есту, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Есте сақтаудың түрлерін қиял мен зейінді қалыптастыру. Жалпы оқу икемдігі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдер іздеу, қажетті нәтижеге жету қабілеттерін шыңдау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО және АКТ технологиялары.
Көрнекіліктері: түсті беттер, тіс пастасы, слайдтар, карточкалар, ұялы телефон,

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Амандасу: «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің»
• Аутотренинг: «Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет.

2. Қызығушылықты ояту кезеңі:
Сыныпты үш топқа бөлу үшін жұмбақ жасыру. Шешуін тапқан топтарға атауы беріледі.
1) Мейлі қалай лақтыр. 2) Қанаты бар ұша алмас.
Жерге тимес арқасы. Құрлықта қаша алмас.
Төрт аяқпен тақ тұр.
3) Тегі - тышқан,
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан.
Бірінші топ Айгерим __________ Екінші топ Мадина____________ Үшінші топ Қуаныш

Миға шабуыл: Ой қозғау сұрақтары: Блум таксономиясы бойынша жалпақ сұрақтар.
1. Мен сендерге не қойып тұрмын?
2. Бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
3. Қызыл түске жақын түс?
4. Қасыңда отырған саған бала кім болады?
5. Екі жағы тұйықталған түзу сызық?
6. Үлкенге құрмет, кішіге ……..?
7. Пима, шұлық, етік, бәтеңке. Бір сөзбен не деп атайды?
8. Өте жақсы оқитын оқушыны кім деп атайды?
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау. – Балала, сендер газет, журнал оқисыңдар ма? – Ал, сендер «Ералаш», «Сиқырла әліппе», «Балапан» деген теле – журналдарды көресіңдер ме? Олай болса, бүгінгі логика сабағымыз теле – журнал түрінде өтеді. Біз бүгін кітаптан емес осы теле - журналдан оқып үйренеміз. Олай болса теле – журналдың беттерін тезірек ашайық! «Ой қиял» журналы 3 - сынаптарға арналған. (1 - слайд) Тақырыбы. Есте сақтауды дамыту жаттығулары.(2 - слайд)
Мазмұны:
1. Сурет – бейнелеу айдары
2. Ауызша есептеу айдары.
3. Топпен жұмыс айдары.
4. Көңілді үзіліс айдары.
5. Математикалық диктант айдары.
6. Мультимедия айдары
7. Журнал шебершанасы
8. Пайдалы кеңес айдары.
3. Мағынаны тану кезеңі: Сурет – бейнелеу айдары тапсырмасы: Суретшінің қатесін тап!
«Тікелей эфир» ойыны. Ауызша есептеу. – Алло, ___ Мадина ____________ бола ма? Сізді мазалап тұрған 3 – сыныптарға арналған «Ой қиял» журналының студияиясы. Сәлеметсіз бе сіз тікелей эфирдесіз. Сізге сұрағымыз бар, 3 жерде 7 неше? 8 жерде 4 неше? т. с. с
Топпен жұмыс айдары тапсырмасы: «Логикалық есептер»

1 - топ есебі:
18 вафлиді тәрелкелерге былай салған: Біріншісіне 4, екіншісіне 5, үшіншісіне 2, төртіншісіне 7. Осы тәрелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тәрелкелерді қалай қоясыңдар?

2 – топ есебі:
Қасқыр, түлкі, аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал, үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар, ақ үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын табыңдар?

3 – топ есебі:
Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынадай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде – бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұрғанын табыңдар?

Сергіту сәті: Көңілді үзіліс
3. Ой толғаныс кезеңі: Математикалық диктант айдары. «Иә жоқ» диктанты.
1. 24 -ті 3-ке бөлгенде 8 шыға ма? Иә
2. 1 см 1дм - дан ұзын ба? Жоқ
3. 2 үйрек пен 2 бұзаудың аяқтарының саны тең бе? Жоқ
4. Аптаның 7 - ші күні бейсенбі ма? Иә
5. Отансыз адам ормансыз бұлбұл ма? Иә
6. Пойызда 10 вагон бар.
Бауыржан басынан санағанда 5 – вагонда отыр, ал Ұлан аяғынан санағанда 5-вагонда отыр.
Мультимедия айдарының тапсырмалары: 1 Видео сұрақ (логикалық есеп)
Журнал шеберханасы: Таратылып берілген беттерге алдарыңдағы тіс пастасының көмегімен геометриялық фигуралары бар заттар салуларың керек. Ол заттар топтарыңның атына сай болу керек. Мысалы 1 - топ құс бейнесін жасаса, 2 – жануарлардың пішінін….

Пайдалы кеңес айдары. Журнал кеңесіне құлақ асып, көзге арналған жаттығулар жасату.

4. Қорытындылау. Сабақты бекіту.








Бекітемін:

Математикадан дидактикалық ойындар

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.


«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3-нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2-нұсқа.
1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа.
2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді.
Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).
- Сендер оларды таба аласыңдар ма?

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).
- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
- Кім Буратинодан алыс отыр?
- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?
- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.
- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).
- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.
-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?

«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.

«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
- Қане, тексеріп көрейік (санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
- Кім бірінші? Кім екінші?
- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)
- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.
- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді

«Не өзгерді» ойыны №20
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
«Жеті» - көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.

«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Сөздік ойыны № 25
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.
- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).
- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
- Оларды өз орындарына қойыңдар.
Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару,
Бұл қай кезде болады?
(Ақпан)
- Ақпан айы қай айдан кейін болады?
- Қыс айларын атаңдар.
Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды















Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына тоқталып

кету. Хат жазу үлгісін меңгерту. Мәтінді дұрыс түсініп оқуға, жүйелі сөйлеуге үйрету. Ойлау, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. Үлкенді сыйлауға, достыққа, әдепті

болуға, батылдықпен батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: конверт, интерактивті тақта, суреттер, бейнебаян.

Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру кезеңі

1-слайд                Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

 

ІІ-Үй тапсырмасын сұрау: «Апаңның тілін алса егер…»

  1. Өлеңді мәнерлеп оқытып шығамыз. Әр топтан бір-бір оқушы оқып шығады.

  2. Дәптерлеріне жазып келген мақал-мәтелдерін сұраймыз.

  3. Кесте бойынша жұмыс жүргіземіз.

2-слайд

3-слайдТест

4-слайд

Құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың-әкең қымбат.

  • Балалар, айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де бізге қымбат жандар. Солардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындауға міндеттіміз. Үлкендерді тыңдасақ қандай болатынымызды білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл айтатын тағы кімдер бар? Айтыңдаршы.

  • Ата, әже, әке, аға, әпке, т.б. осылардың барлығы өзімізбен бірге тұра ма? Олармен қалай хабарласып тұрасыңдар.

  • Ия, дұрыс айтасыңдар қазір байланыс түрлері өте көп.

5-слайд

6-слайд

Ой қозғау

Аяғы жоқ жүреді,

Тілі жоқ сөйлейді. (Хат)

  • Ал балалар олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы.

ІІІ-Жаңа сабақ

«Ата-әжеме хат» Ы.Алтынсарин

  • Бүгінгі біз осы әңгімені оқи отырып, хат жазу үлгісіне назар аударайық.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып береміз.

1-сұрақХатты жазып отырған кім?

2-сұрақОл хат кімдерге арналған?

7-слайд

  • Балалар міне, бізге ата-апаларымыздан хат келіп отыр. Осы хатты оқып көрейік.

Қымбатты да, сүйкімді, кішкентай құлыншақтарым!

1-топ«Білім»

2-топ«Ақыл»

3-топ«Қайсар»

Оқулықты тізбектеп оқыту.

8-слайд

Дәптермен жұмыс

9-слайд

  • Ал, балалар енді осы үлгіге сүйене отырып, әр топ өз қалаған адамдарына хат жазып шығамыз. Әр топ жазған хаттарын оқып береді.

10-слайд

Сергіту жаттығуы

«Жүрек жылуы» шеңбері

Атасын жақсы көретіндер-көк түсті алады

Әжесін жақсы көретіндер-қызыл түсті алады

Анасын жақсы көретіндер-жасыл түсті алады

Барлығын жақсы көретін болса- ақ түсті алады.

Хормен орындау:

Біз бәрін жақсы көреміз,

Отбасымыз аман,

Еліміз тыныш болсын.

 

Сабақты қорыту:Мәтіннен Назардың хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқыңдар.

1-топХаттың басталуымен аяқталуы.

2-топНазардың оқуы

3-топНазарға айтқан атасының ақылы.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, хат жазып келу.

Бағалау:

 





























Бекітемін:

Қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

«Бала кемістігінің даму деңгейі

неғұрлым төмен болса,соғұрлым

мұғалімнің білім деңгейі жоғары

болуы керек.»

П.Шуман

Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаладың қалыптасуына, айығуына, мүмкіндіктеріне қарай білім беру, медициналық педагогикалық қажетті жағдайлар туғызу ҚР 2002ж 11-шілдеде қабылданған №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық, психологиялық, педагогикалық қолдау арқылы түзету» Заңы бойынша жүзеге асып келеді. Үйден оқытатын педагогтың іскерлігі баланың білімге деген қызығушылығын ояту мен тиянақты білім алуына бағытталады. Педагог мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балалармен жұмыс істеу барысында, алдымен олардың өзіндік ауруларының ерекшеліктері мен психикалық процестің  (қабылдау, ойлау, есте сақтау және сөйлеуін) мүмкіншіліктерін анықтау қажет. Диагностикалық тексеруден кейін баланы оқыту арнайы типтік бағдарламаға сүйене отырып, жеке бағдарлама жасалады.

Үйде оқу себептері – омыртқаның кеуде қуысының «S» тәрізді сколиозы, тірек қимыл қозғалысының бұзылуы ДЦП, көңіл – күй эмоциясының тәртіптің бұзылуы, эписиндромы т.б. диагноздар. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып,көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Үйден оқытатын педагогтың мақсаты-ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруды және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындық кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпау керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Баланың шаршауын алдыг алу және қызығушылығын әрі қарай бекіту мақсатында міндетті түрде жеке тіл табысуды қолдаңыз.Ұсақ моториканы дамыту жаттығуларын жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойые тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан бірге орындауда құиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жүйелі жүргізілген жаттығу нәтижесінде баланың саусақ қимылдары иілгіш келеді.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланыи мезі қылмауы керек. Бір өткізгенде 2-3 жаттығу түрін ғана қолданады. Саусақ жаттығулары жазу, математика сабақтарында орындатамыз. Алғашында үстелге немесе басқа затқа сүйеніп саусақ гимнастикасын жасау ұсынылады.

Саусақ жаттығулары қарапайымна күрделіге қарай ойысады. Ол екіге бөлінеді:

  1. Отырып ойнайтын саусақ ойындары. (саусақ ұштарымен қимылдатамыз);

  2. Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады.

Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасның даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.

Барлық  жаттығулар  3 топқа бөлінеді:

1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар:

  • еліктеу қабілетін дамытады;

  • бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады.

  • бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуға үйретеді.

2-топ  Саусақтарға арналған шартты статикалық жаттығулар:

Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.

3-топ  Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар;

  • қозғалыстың нақты координациясын дамытады;

  • қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;

  • бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.

Саусақ жаттығуларын орындауда:

  1. Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. Балаға бірге жасап көмектесу керек.

  2. Жаттығула ралдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастармаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.

  3. Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Бірінші ең жеңілі орындалады.

  4. Әр жапттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді. Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп, одан кейін бірге жасап үйретесіз. Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі.Сонымен қатар ертеден келе жатқан «Қуырмаш» ойынынан с аусақ атауларын бала тәрбиелеуге,оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарғы тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш.- дей келе, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар.

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес,- деп әр саусаққа тапсырма беріледі.Одан соң әр саусақтың басынан ұстап тұрып, “қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар” деп әртүрлі астың атын атай келіп, қолтыққа жеткенде “қуырмаш”, “қуырмаш” деп қытықтайды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескерт іп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болытынын уағыздайды. Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1- саусақ “Басбармақ”,2- саусақ “Балаң үйрек”, 3-саусақ “Ортан терек” 4-саусақ “Шылдыр шүмек” 5-саусақ “Кішкентай бөбек”

Зиятында ауытқуы болған қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, бала бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Қабылдау мүмкіндігіне байланысты балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. Ақыл-ой деңгейіне байланысты балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады. Саусақ жаттығуларын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығулар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үстінде үнемі жүйелі пайдаланудың нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.

Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
1. Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.

Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.

Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қызықты.

2. Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығын дамыту жаттығулары
Оқи білетін балаларға ұсынылады.

Қағазда (1-сурет) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол). Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес әріпті) және астын сызуы керек.

Табыстылық көрсеткіші – табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы.

Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз.

Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашанда ұнайды.

1 сурет

Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
1. «Дыбыстарды анықта» жаттығуы
Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.

Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады.

2 сурет

2. Геометриялық пішіндерді қабылдауды дамыту
Балаға түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер ұсынылады.

Баладан білетін пішіндердің атын сұрап, ал білмейтін пішіндердің атын өзіңіз айтып беріңіз.

Келесі жолы одан сіз атаған пішіндердің суретін салуды өтінесіз (дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, эллипс).

3 сурет

3. «Пішіндерді аяқта» қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы
Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық пішіндердің суреттерін көрсетеді, бірақ олар аяқталмаған. Оны баланың аяқтауын өтінесіз (4-сурет).

4 сурет

Ойлауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
1. «Заттарды салыстыру» ойлау тәсілдерін дамыту жаттығулары
Салыстыру үшін балаға келесі сөз жұптары ұсынылады:

1. ШЫБЫН ЖӘНЕ КӨБЕЛЕК

2. ҮЙ ЖӘНЕ ҮЙШІК

3. ҮСТЕЛ ЖӘНЕ ОРЫНДЫҚ

4. КІТАП ЖӘНЕ ДӘПТЕР

5. СУ ЖӘНЕ СҮТ

6. БАЛТА ЖӘНЕ БАЛҒА

7. ПИАНИНО ЖӘНЕ СКРИПКА

8. ТЕНТЕКТІК ЖӘНЕ ТӨБЕЛЕС

9. ҚЫТЫҚТАУ ЖӘНЕ СИПАУ

10.  ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ

Бала салыстыратынын көз алдына елестетуі керек. Оған сұрақ қойыңыз: «Сен шыбынды көрдің бе? Ал көбелекті ше?» Осындай қысқа сұрақтардан кейін, балаға жұптың әр сөзін салыстыру ұсынылады. Тағы да сұрақ қойыңыз: «Шыбын мен көбелек ұқсайды ма, жоқ па? Олар несімен ұқсайды? Қандай айырмашылықтары бар?» Баланың жауабына талдау жасаңыз. Сөздердің неше жұбын ол дұрыс салыстырды? Балаға не оңай: ұқсастығын іздеу ме әлде айырмашылығын тану ма? Балалар әсіресе ұқсастығын іздеуде қиындық көретінін байқаймыз.

6-7 жасар бала салыстыруды дұрыс жүргізе білуі керек: ұқсастық белгілерін де, айырмашылық белгілерін де айыра білуі керек, бірақ кездейсоқ, мағынасыз белгілері бойынша емес (мысалы, балға мен балта сарайда жатыр), басты белгілері бойынша.

2. «Сөзді аяқтау»ой жылдамдығын дамыту жаттығулары
Балаға мынадай ойын ойнауды ұсыныңыз: сіз сөзді бірінші буынын айтып бастайсыз, ал ол аяқтайды. «Менің не айтқым келеді, ойлап тап! Ба …» — осылай сіз ойынды бастайсыз.

Барлығы 10 буын ұсынылады: 1) ба, 2) са, 3) ша, 4) та , 5) да , 6) жа, 7) же, 8) ше, 9) ке, 10) бе.

Егер бала тапсырманы жеңіл де жылдам орындаса, оған бір емес шамасы келгенше бірнеше сөз ойлап табуын ұсыныңыз. Мысалы, ба-ла, ба-тыр, ба-қа, ба-лапан, ба-рабан және т.б.

Жауаптардың дұрыстығын ғана емес, уақытты да белгілеңіз. Бұл ойлау үдерісі жылдамдығының, тапқырлығының, тілдік, сөйлеу белсенділігінің көрсеткіші.





















































Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы :Аққала .  Мәди Қайыңбаев

Сабақтың мақсаты :Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге жағдай туғызу .

Күтілетін  нәтижелер

Пәндік нәтижелер :Өлеңнің мазмұнын түсініп оқуға ,ой түйіндей білуге үйрету ,өткен сабақтармен байланыстыру арқылы салыстыру, дәлелдеу,өзіндік ой топшалауын жасауға мүмкіндік беру .

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, танымдық білімін арттыру .

Тұлғалық нәтижелер :табиғат ананың кез-келген мезгілін жылы қабылдауға табиғат құбылыстарын зерделей білуге аялауға тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі :Интерактивті тақта ,суреттер , маркер дәптер ,тақта слайд.

Сабақтың түрі.Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі. Түсіндіріу,сұрақ- жауап ,ой-қозғау

1.Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту .

Үлкенгеде «Сіз»

Кішігеде «Сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен «Біз»

Сабағымыздың мақсатымен –міндеті

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы «5»ке қолды жеткізу

Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын тексеру «Шана « мәнерлеп оқу ,әңгімелеу

Қызық сұрақ айдарымен

1.Мәтін кім және не туралы ?

2.Қалай ойлайсыңдар Жәнібектің сөзіне әкесі неліктен сасқалақтап қалды ?

3.Жәнібектің жасы нешеде?

4.Мәтін бойынша сөздер мен сөз тіркестерімен оқыту ,ретімен мазмұнын айтқызу.

Терезе алдына келді , оянып алды ,сыртқа үңілді ,бұртиды,балаларға ілесті ,сатып алды .

 III. Мағынаны тану

Постермен жұмыс «Қыс « сөзін топтастыру

«Қыстың көркі –қар»демекші, жер дүниені аппақ қар орап жатқан олардың да өзіндік әсемдіктері бар ,өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік

Уилсон Бетрлей деген ғалым ХIХ ғасырда 46 жыл бойы «Фотомикровик»фотоаппараты арқылы қар түйіршіктерін түсіріпті ,артынан «Қар түйіршіктері»аттыкітабынжазған .Ол түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне ұқсамайтын екі суреттің кездеспегенін ,қардың түйіршігі алты бұрышты болып келетінін таңғала айтады.Осы алты бұрышты геометриялы пішінде болуында , сондай-ақ бір-біріне ұқсамауында ҰлыЖаратушымыздың құпиясы ,ғибраты жатқан тәрізді .Алты бұрышты болуынан оның ғарыштың шағын  пішінін меңзеп тұрғанынтүсінуге болады.Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі.Ал олар қалай пайда болады ,бұл әзірге жұмбағы көп мәселе

-Ендешеболашақта қар ұлпасын, болмаса араныңұясын зерттемейтін десеңдер,бұл әлі ешкімге сырын ашпаған ғылым екен .Ойланыңдар!

Қар барлық елде барма ?

Сендер  сияқты барлық елдің балалары ойнай ала ма?

Әлде қарды өмірде көрмеген балалар барма екен ?картамен глобуспен жұмыс.

Қармен ойналатын ойын түрлеріен  ата?

Қыста далада өмір сүретін жансыз адам?

Аққала

Оны жасайтын қар қандай болу керек?мамық, қасат құлпа .

 

IY.Жаңа сабақ Аққала

Өлеңді мәнерлеп оқу

Өлеңді мәнерлеп жұппен оқыту

Тірек  сөздерін түртіп алу.

Сергіру сәті

Қағазбен жұмыс.

Әр топқа парақша тарату .Өлең бойынша көз алдарына елестетіп суретін салу

Мағынаны тану

«Биопоэма»  әдісін қолдану арқылы  сұхбат жүргізу

Мысалы:

Аты –Аққала

Сипаттайтын -2-3 сөз әдемі ,суық

Жақсы көретін 2-3 заты –қыс ,өар өаяз

Қорқатын 2-3 заты –көктем,күн, ыстықтан

Басынан өткізген сезімі –балалардың қуанышы

Болашақтан күтетіні-2-3 заты көктем шықпаса,күн ысымаса

Мекен-жайы-қысқы дала

Тегі –қар

 Сабақты қорыту .Не білдік?Не үйрендік?Не қызық болды?

Бағалау.Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» арқылы

Үйге тапсырма .Өлеңді мәнерлеп оқу .

















Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
«Не өзгерді?»
Баланың ырықты зейінін дамыту
Үстелге үш-төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады.1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып,үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз.
Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.
Ойыншықтар
30-35 мин
(топпен)
15 мин (жеке)
2
«Айырмашылығын тап»
Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.
«Әріптерді мұқият қарап, олардың бір-бірімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмысты жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар»
1. АИНП 7. ЕШЩ
2. ГТПН 8. ХУКЖ
3. РЬФ 9. МНП
4. КНИ
5. ВБФР
6. ОЮС
(жеке)
3
«Корректу
ралық байқау»
Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету. Бұл арқылы зейіннің тұрақтылығын және концетрациясын дамыту.
«Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият назар аударайық. Сендердің тапсырмаларын-әріптер мен сандардың жиынтығын мұқият,әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар»
8 а б в г д 4 ж з е 2 а т у н о л 9 с т у ф ғ ы ю а т о 2 я 3 с 2 и о м 6 а б в г д 2 у м л и к а л 2 м р т 4 с н ж с т 2 а 5 и 6 м н 2 с э е т у о 2 л с у а х ғ ы я 0 л а 5 е п и а б 6 р ы 2 р о 8 л б а 7 г л п а 5 ж р 8 н г ы 2 з щ

4
«Алақан шапалақтау»
Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.
«Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»
Өлі және тірі табиғатқа қатысты сөздер
(топпен)

5 «Рұқсат етілмейтін түстер» Бала зейінінің шоғырлануын және бөлінгіштігін дамыту «Алдымен мені мұқият тыңдыңыздар! Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына тез жазып отырасыздар, және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені есте сақтауымыз керек:
1. Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
2. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.
Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық» 1.Шөптің түсі қандай?
2.Аспанның түсі қандай?
3.Күнбағыстың түсі
4.Түймедақтың (ромашка)
5.Күзде жапырақтың
6.Құрбақаның түсі
7.Қардың түсі
8.Теңіздің түсі
9.Күннің түсі

(топпен)
6 «Рұқсат етілмейтін қимыл» Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту «Балалар,қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып,менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде,сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса,сол ойыннан шығады.»

Ертеңгілік жаттығулар элементтері
(топпен)
7 «Көзбен сана» Белсенді зейінді,оның шоғырлануын қалыптастыру «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектің санын,содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз» ++ 0 0 + 0 +++ 00 + 0 +
0 + + 000 + 0 + 00 ++
+ 0 + 0 ++ 0 + 00 + 00 + 0
+ + + 0 + 0000 + + 0 +
+ 0 + 00 ++ 0 + 00 + 0
+ 00 + + 00 + 00 + + +
000 + 0 + 0 + + 000
+ 0 + + 0 + + 0 + 00 ++
(топпен)
8 «Сурет сал» Ырықты зейінді қалыптастыру «Алдымен балаға қағаз бен түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояуға кірісейік»

(топпен)
9 «Іздеп тап» Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру «Үш үлестірме қағазда әртүрлі суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап» (топпен)
10 «Сандарды іздестіру» Зейіннің жылдамдығын, бөлінгіштігін,
көлемін дамыту Балалардың алдына 1- ден 25 ке дейінгі көлемін ретсіз түрде орналасқан кесте беріледі. Бала осы кестеден 1- ден 25-ке дейінгі сандарды шапшаң тауып, көрсетіп айтып шығуы керек. Ойын барысында осы сандарды табуға неше секунд немесе минут уақыт жұмсалғаны есептелінеді.
Сондай-ақ балаларға тапсырмаларды күрделендіріп беруге де болады. Ол үшін 25 тор көзден тұратын кестеге 1-ден 35-ке дейінгі сандар ретсіз орналастырып көрсетіледі.
Арасында 10 цифр жазылмай кетеді. Міне осы кестеден балалар сандарды өсу ретімен тауып, көрсетіп, ал жоқ цифрларды қағаз бетіне түсіреді. 11 18 14 27 24
21 20 13 25 29
1 30 8 3 23
16 33 2 19 7
35 10 15 5 9
(топпен)

11
«Атауға болмайтын сандар» Шарт пен материал арасындағы зейіннің шоғырлануын, бөлінушілігін дамыту Балаларға сұрақтар беріледі, ал балалар осы сұрақтарға тез-тез жауап беріп отыру керек және бұл ойынды ойнағанда мына 2 шартты ұмытпау керек
1. 2 және 4 санын айтуға болмайды
2. бір рет айтылған санды қайталап айтуға болмайды 1. Бір қолда неше саусақ бар?
2. Итте неше аяқ ?
3. Екіні үшке көбейткенде ?
4. Тауықта неше аяқ?
5. Сен нешедесің?
6. Аспанда қанша жұлдыз бар?
7. Екіге екіні көбейткенде неше болады
8. Бегомотта неше көз
9. Үшке екіні қосқанда қанша (топпен)
12. «Байқампаздық» Қасындағы адамның айтқанына назар аударып оған зейінін аударуға дағдыландыру. Балаларға берілген тақырыпта әңгіме құрастыру жөнінде тапсырма беріледі.Ол үшін оқушы сол тақырыпқа тағы бір сөйлем жазып үшінші оқушыға жалғастырады.Бәрі жазып болғаннан кейін әр қайсысы өз сөйлемін оқиды.Сонда барлығынан аралас әңгіме шығады. (топпен)

























Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Қимылды ойындар

АЙДАПСАЛ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.

Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.

АРЫНДЫ АРҚАН - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді.

Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

АРҚАН ТАРТЫС - ОЙЫНЫ

Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.

АТҚАУМА - ОЙЫНЫ

Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.



АҚШАМШЫҚ - ОЙЫНЫ

Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды



АҢШЫЛАР - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.



АҢШЫЛАР МЕН ҚОЯНДАР - ОЙЫНЫ

Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.

Екі жерде бір-бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды.

БІЗ ДЕ - ОЙЫНЫ

Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.

Ойын бастаушы: мен көлге барамын.

Балалар: біз де.

Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын.

Балалар: біз де.

Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін.

Балалар: біз де.

Ойын бастаушы: күшігім жейді.

Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.



ДАУЫСТА, АТЫҢДЫ АЙТАМ - ОЙЫНЫ

Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.

КӨРШІ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.

Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.



МОНДАНАҚ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.

ОРДАҒЫ ҚАСҚЫР ЖӘНЕ ОРАМАЛ ТАСТАУ - ОЙЫНЫ

Алаңның ортасынан арлығы қырық елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырысады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.



СОҚЫРТЕКЕ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.



СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН - ОЙЫНЫ

Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.



ТАПШЫ, КІМНІҢ ДАУСЫ? - ОЙЫНЫ

Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:

«Секір секір» деген кім,

білгіш болсаң таба ғой.

Тауып ал да, өзің кеп,

Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.

«Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.



ТАСЫМАҚ - ОЙЫНЫ

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.

Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.



ТАЯҚ ЖҮГІРТУ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады.

ТЫМПИ ТЫМПИ - ОЙЫНЫ

«Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

ТҰТҚЫН АЛУ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.

ШАЛМА - ОЙЫНЫ

Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.

ШЕРТПЕК - ОЙЫНЫ

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.

ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

ҰШТЫ ҰШТЫ - ОЙЫНЫ

Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.



АЙГӨЛЕК - ОЙЫНЫ

Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:



ТЕҢГЕ АЛУ - ОЙЫНЫ

Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.



СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады....



ОҚТАУ ТАРТЫС - ОЙЫНЫ

Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.

АТТАМАҚ - ОЙЫНЫ

Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек.

"ЕГІЗ СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ

Ойындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Сауалнама –әдістеме. «Артық сөзді тап!»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.

2. Пеш, керосин, шырақ, электроплиткасы.

3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.

4. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.

5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.

6. Көбелек, штанггенциркуль, таразы, қайшы.

7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.

8. Ата, мұғалім, ана, әке.

9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.

10. Су, жел, көмір, шөп.

11. Алма, кітап, тоң, раушан.

12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.

13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.

14. Минут, сағат, секунд, кеш.

15. Ақерке, Айдын, Зульфина, Баубекова.

Зерттеу дербес жүргізілді.

Нұсқау: Берілген төрт сөздің ішінен үш сөз ортақ белгілеріне байланысты бір ұғымға біріктіріледі, ал бір сөз бұларға қосылмайды, сол артық сөзді алып тастау керек. Мағынасына қарай сай келмейтін сөзді қатардан тап та сызып таста. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек. Бала берілген нұсқауды ұқпаса, бір-екі мысал келтіріліп түсіндіріледі, онда да түсінбесе мұғалім баламен бірлесе отырып жұмыс істейді. Балаға жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Психолог уақытты және тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын хаттамаға түсіріп отырады. Тапсырма балдық жүйемен бағаланады. Дұрыс жауап екі ұпай, қате жауап нөл ұпай.

Сараптаманың жауап парағына сүйенетін болсақ.

1. Кітап 2. Шырақ 3. Көзілдірік 4. Қайық 5. Ара 6. Көбелек 8. Ағаш 9. Шаң. 10. Жел 11. Алма 12. Ана 13. Жеміс 14. Кеш 15. Баубекова.









«Көріп, есіңе сақта!»

Балаға суреттер беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.

Мюнстенберг әдістемесі

Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған.

Құрылымы:Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-1 минут

(Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек).

Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол

ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк

міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат

Дұрыс жауаптар:

Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт,

басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім.

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің диогностикасы.

Қалампыр сөзі беріледі.осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет. (3 минут)Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы - 9 және одан көп сөз. Орташа - 7,8 сөз. Төменгі деңгей - 6 оданда аз.

(Сөйлемдердің мазмұны болуы керек, сөйлемдегі сөздер дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру 5 минут)

Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.

«Кім тез!» Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша)

1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар

2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал

3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.

«Мен өзіме ризамын» (өздеріне ризашылықтарын сурет арқылы бейнелеу)

«Менің қолымнан бәрі де келеді»(қағаз, қайшымен бір нәрсе шығарып жасау).

«Бала дарындылығы» туралы ведиоролик көрсетіледі.

Слайд «Сен білесің бе?» (бала дарындылығы туралы)

«Мен бүгіннен бастап...»(кітап оқимын) сөзді аяқтау.























































Бекітемін:

Тақырыбы: Сөз таптары.

Мақсаты: Өткен сөз таптарын қайталай отырып, білімдерін тиянақтау.

Міндеттері: 1. Мазмұндағы байланысты міндет:

Оқушының білімге қызығушылығын артады, өз бетімен іздене жұмыс істеуге үйренеді.

2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:

Тіл байлығы артады, шығармашылық қабілеті қалыптасады.

3. Топтық жұмыс:

Топпен бірлесе отырып, жұмыс істеуге үйренеді.

Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, кесте, дидактикалық материал.

Қолданылатын стратегия: топтастыру, семантикалық карта, ортадағы қаламсап.

Сабақ барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1.«Қазақ тілі» пәнінде қандай жұмыстар орындалады?

2. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, өткен ережелерді еске түсіру.

II. Мағынаны тану.

1. 4 топқа бөліп, «Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша әрбір топ өздерін қорғайды. «Зат есім», «Сан есім», « Сын есім», «Етістік» топтары.

2. сөздерді оқып, қай сөз табына жататынын тұстарына топтап жазады.

Зат есім --------- Сын есім --------- Етістік

Түлкі ------------ Тар ---------------- Шақырады

1. зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп, 2 - 3 сөйлем құрап жаздыру.

2. Сергіту сәті:

«Сөз қуаласпақ» ойыны.

Қағаз - зығыр - радио - орақ.

3. Көркем жазу.

зат е. -------------- сын е. ------------------ сын е. ----- зат е.

Бақыт ------------ бесаспап --------------- шебер ------- бала. (тақтада орындайды.)



4. Семантикалық карта.

Зат е. ---------- Сын е. ---------- Сан е. ----------- Етістік.

Бақыт

үшінші

сыныпта

оқиды



IV. Ой толғаныс.

1. Үлестірмелі материалға сөздер жазылған, әр топ өзіне тиесілі сөзді алады. « Шаншылған сөздер».

Қасқыр, киік, құралай, айлалы, жүгіргіш, ақсақ, құтылады, күтеді, қашты, алдады, он, бір, бір - екі.

2. Сабақты қорытындылап, бағалау







































ТShape1

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

үсінік хат

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:

мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады

Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер

1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

Тәсілдің жақсы жақтары Тәсіл кемшіліктері

Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге болады Ұйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.

Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.

2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)

Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.

3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды Белсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін міңдеттейді

4. Жұптық жұмыс

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге жағдай туады Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі

5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай туады Танымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар

6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы

7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек. Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады

9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

Кедергілерді жеңе білу Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады

10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата – аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы

Мақсаты:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;

оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;

сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;

үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, тарих пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Міндеттері:

әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау

мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;

үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

оқу бағдарламасына сай білімді өз дәресенде меңгереді;

пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;

ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

Негізгі принцип:

нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;

нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;

жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

жазбаша жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

сөздік жұмыстарын жүргізу;

оқушылардың оқыған ғылыми мақалаларға байланысты реферат жазу.



Shape2

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгерімі төмен

оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы

1 Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы. Қыркүйек

2 Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту Қыркүйек

3 Қосымша сабақтар өткізу.

Аптасына бір рет

4 Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру.

Үнемі

5 Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу. Үнемі

6 Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интеллектуалды ойын өткізу. Үнемі

7 Тоқсан сайын байқау тестілеудің қорытындысы бойынша мониторингін жүргізу. Тоқсан сайын

8 Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыста болу. Үнемі

9 Оқушыларға психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету. Үнемі

10 Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу.

Үнемі

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты.

Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.

2. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.

3. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Берілетін тапсырмалар Орындауға берілетін жұмыс

1 Жаңа тақырыпты игерту Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.

2 Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу

1.Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу

2. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау

Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.

3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту 1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.

2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Сөзжұмбақ жасау.Тест құрау

4 Шығармашылық жұмыстарға баулу Әр тарауды ең маңызды тақырыптары бойынша реферат жаздыру

2.Пайдалы құралдарға сипаттама жасату

Реферат жазу

5 Сөйлеу қабілетін дамыту 1.Үй тапсырмасын сұрау

2. Ауызша сұрақтар қою .Ауызша жауаптарын талдау

































Бекітемін:

Тақырыбы: «Қуана, шаттана білейік!»

Мақсаты: Түзете-оқыту: ойын-жаттығулар арқылы оқушылардың білім дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу;

Түзете-тәрбиелеу: жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру;

Түзете-дамыту: ойын-жаттығулар арқылы оқушылардың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал ету, психикалық процестер, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Өтілу түрі: тренинг-ойын сабақ.

Көрнекілігі: доп, суреттер, дәйек сөз, дидактикалық тапсырмалар.

Өтілу барысы:

1.I. Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

1.II. Тренинг.1.«Менің есімімді ата» жаттығу.

Нұсқау: Қазір мына кішкентай доп қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған оқушы өз есімін айтуы тиіс.

1.«Сәлемдесу» жаттығу

Нұсқау: Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз, «жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.

1.«Радио»

Нұсқау: Балалар шеңберге отырады.

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бір кішкентай қыз бала жоғалып кетті (шашы, түсі, киімі, бойы айтылады)». Балалар жан-жағына қарап кім туралы айтып жатқанын айтып, атын атауға тиіс.

1.Тапсырма: «Жоғалған санды тап».

Нұсқау: Суреттен жоғалған сандарды табу.

1.III. Тренинг.1.«Мен күнмін»

Нұсқау: күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.

2. «Қате айна»

Нұсқау: Қазір біздер айна сияқты ойнап көрейік. Екі-екіге бөлініп, біреуің адам, екіншісі айна боласыңдар (орындарын ауыстырады).

3. «Жыл мезгілдері» жаттығу (сергіту сәті).

Нұсқау: Ойынға қатысушылар рет-ретімен жыл мезгілдерін айтып шығады. Әр топтан бір жүргізуші сайланады. Жүргізуші бір би қимылын жасайды, қалғандары қайталайды.

4. Тапсырма: «Суреттерді аяқта».

Нұсқау: Берілген үлгі бойынша суреттерді тез аяқтау (1-2 секунд).

1.- Қуаныш, шаттық дегеніміз не?

- Не үшін қуана білу керек?

- Қуаныш, шаттық неден басталады?

- Неліктен адамдар қуанып жүруді ұнатады?

«Күлкі түрлері» ойыны (2 топқа бөлінеді).

1-топ. Көңілді түр жасаймыз.

2-топ. Көңілсіз түр жасаймыз

- Ендеше, балалар, қараңдаршы бізге қай топ көбірек ұнайды?

Дәйек сөз: «Қуаныш-өмір шаттығы» (халық нақылы).

1.V. 1.«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.

Нұсқау: Балалар белгі бойынша допты бір-біріне береді. «Тоқта» деген белгі берілген кезде тоқтатылады. Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтата алмаған балалар ойыннан шығады.

2.«Мен бақытты боламын!» (баяу музыка жіберу)

Бетімізден самал жел лебі еседі.

Кенеттен баяу жел соғады (қолдарын жан-жаққа шайқалтады).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп жаңбыр жауа бастайды (қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).

Бір кезде күн шығады (қолдарын жоғары көтереді).

Гүлдер құлпырып, жайнап ашыла бастайды (шеңбер құрып, гүл шоғына айналады).

Міне, осы иісі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, жақсы достарымызға сыйлаймыз.

1.Қорытынды.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да (өзін көрсетеді)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да (досын көрсетеді)

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)

Көңілді кетті көтеріп (шапалақтайды).

Импульсті өткізу.

Нұсқау: балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп, мына сөздерді айтады:

«Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз!»









































Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары.

Қоғамымыздың болыпжатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді.

Ең алдымен білім мазмұнын жаңартуды оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді қажет етіп отыр.

Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер инновациялық тәжірибе – бұл жаңалықты ендіру емес, бұл педагогикалық, шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.

Оқыту прцессі екі жақты болғандықтан, тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетін дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс.

Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технология түрлерін өз сабағымда қолданып, баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыруға жаңа технология түрлерімен де жұмыс жүргізіп келемін.

Қазіргі заманғы оқу орындарында жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасын және мақсаттарын оқыту процессінде Ильинше айтсақ «Әрбір сабақ – жаналық» болуы шарт дегенді қалайды.

Орыс аудиториясында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Осы орайда жүргізілетін жұмыстардың түрлері әр алуан. Соның бірі ойын. Интеллектуалдық, грамматикалық және дидактикалық ойындар сабақтық тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы ол қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін калыптастырады.

Жаңа сөздерді қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын ғана арттырып қоймайды, сөзді жандандыра түседі.

Жаңа сабақты түсіндіргенде де, өткенді қайталау кезінде де, сабақты пысықтау – қорытындылау кезеңінде де ойын элементін қолдану жөн. Мысалы, бастауыш сыныптарда мынадай ойындарды қолдануға болады.

«Керекті сөзді тауып айт».

Ойынның мақсаты – ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді тауып айтуға жаттықтыру. Әуелі ойын тәртібі түсіндіріледі, содан кеәін басқарушы «Киім» дейді. Оқушылар киімдерді атауы керек. Ал басқарушы көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар жөне тағы басқа сөздерді атаса, оқушылар сол топқа заттарды атауы тиіс.

«Қатеңді тап».

Ойынның мақсаты: сауаттылықты, сауаттылық ережесін қалыптастыру.

Сөздердің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Бұлойынды бастауыш сыныптардада, жоғары буындарда да қолдануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Дайындық кезінде мұғалім мәтін құрастырады. Бұл мәтінде арнайы қателер жіберілуі керек. Қателер өтілген тақырыптар бойынша болады.

5-6 сыеныптарда пайданылатын ойындар:

1. Көп әңгімем, олеңім

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

(Кітап, книга, book)

2. Түнде бармын, күндіз жоқпын

(Жұлдыз бен ай, звезды и луна, moon and stars)

3. Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң екеусің.

(Айна, зеркало, mirror)

4. Қыста келген, көктемде еріген.

(Қар, снег, snow)

5. Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз, лук, onion)

























Бекітемін:

«Лингвист» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша сөздік қорын, сөздердін дұрыс жазылуын және дұрыс айтұлуын тексеру.

Ойынның шарты: Балаларға әр түрлі тақырыпқа сүреттер ұсынылады. Ол суреттерге осы тақырыпқа байланысты заттар бейнеленген. Әрбір заттың немесе нәрсенің тұсында сандар көрсетілген. Оқушы осы суреттегі заттарға, тұсындағы сандарға қарап, қағазға олардың атауларын жазады. Әрбір суретке 15 сөз жазу керек. Оқушы білген сөздердін жазып болғаннан кейін монитордан сол суреттер бойынша жазған сөздерін тексере алады. Мониторда тақырыптық сурет, суреттің жанында берілген сандар бойынша дұрыс нұсқаларды, ал курсорды сол заттың тұсындағы санға апарса, оның дұрыс жазылуы, айтылуы және аудармасы шығады.

Ал жоғарғы сынып оқушылары арасында «КВН», «XXI ғасыр көсбасшысы», «Алғырлар мен тапқырлар», тағы басқа әр түрлі сайыс ойындарды өткізуге болады.



«Алғырлар мен тапқырлар» ойыны.

Ойынның мақсаты: Қазақ ұлттық дәстүрлері төңірегіндегі ұғым – түсініктерін кеңейту, ойлау дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін өрістету, дамыту.

Ойынның шарты: 3 ойыншы қатысады. Әр ойыншы асық таңдайды, асықтың түсіне байланысты жолға барып тұрады. Тақырып таңдайды.

Сары жолға тұрған ойыншыға жеңіл сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға орташа сұрақтар, қызыл жолдағы ойыншыға күрделі сұрақтар беріледі. Сары жолдағы ойыншыға 5 сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға 3 сұрақ, қызыл жолдағы ойыншыға 2 сұрақ қойылады.

Сонымен, қорыта келгенде, қазақ тілі сабағында осындай ойын технологиясын қолдану өте тиімді. Оқушылардың тіл байлығы, ой - өрісі, белсенділігі артады. Осындай ойындар – оқушылардың жан - жақты білім алуына, өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниетанымын жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Ойын оқушыларға қызықты әсер қалдырады.



















Мақсаты: оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Амандасу рәсімі.

ІІ. Кіріспе сөз.

Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріміздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға, жолдастарыңызға байланысты. Өз мінез-құлқына басқалар тарапынан баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазіргі шақтан өздеріңізді жоғалтып алмас үшін, алдыңызға айқын мақсат қойып, қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек.



Бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз. Жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут беріледі. Бірнеше қатысушыдан ойлаған ойлары сұралады.

Өмірде тыныштық болса екен

Балалығым бақытты кезеңдерге толы болса екен.

Міне осындай жағымды ойлар өмірге, болашаққа үміт пен сенімділік әкелетінін әркез ойымыздан шығармайық.



Екінші тапсырма: «Менің мейірімді істерім». Өздеріңіздің соңғы кездерде жасаған мейірімді істеріңіз туралы баяндап бересіздер. /Мейірімді істері жайлы талдау. Мейірімді істеріңіз басқаға және өзіңізге не берді?/



«Түрлі қасиет сататын базар» ойыны

Жаман қасиеттерімізді сатып, жақсы қасиеттерді сатып аламыз. Жақсы қасиеттерімізді ақшаға емес, жаман қасиеттерге айырбастаймыз.



Сатып аламын Сатамын

(жақсы қасиеттер) (жаман қасиеттер)

«Күн шуақты алаңқай…» /баяу музыка үнімен/

Көздеріңізді жұмып, 3 рет терең демалыңыздар. Сіздер Күн шуақты алаңқайда жүрсіңдер. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Олардың жұпарын кеудеңізді кере дем алып, бойыңызға сіңіріңіз. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі, гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Көбелектер сіздердің, қуанышқа толы көңіл-күйлеріңізді гүлден гүлге хабарлап жүргендей. Сіздердің қуаныштарыңызды, өмірге деген талпыныстарыңызды сезген гүлдер, одан әрі жайқалып, сіздермен өз жұпарларын бөлісуде. Алаңқайдағы сан алуан гүлден әркім өзіне ұнаған, ең әдемі гүлдеріңізді таңдаңыздар. Ол гүлдің түрін, жұпар иісін (есте сақтап), жүрегіңіздің жанында сақтаңыздар. Ал енді тізеден тобыққа дейін баяу созылып, көздеріңізді ашыңыздар. Енді әркім өзінің таңдап алған гүлінің суретін салып, біздің күн шуақты алаңқайға ілеміз.

Осы жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезінесіңдер? Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Олай болса, әркім өзінің таңдаған гүлінің суретін салып, алдына қойған мақсат тілектерін жазып, біздің Күн шуақты алаңқайға ілейік.



«Сыйлық» жаттығуы

Оқушыларға 3 кішкене қағаз таратылып беріледі. Адамның жақсы қасиеттері жазылады. Ол мөлдір пакетке салынады. Оқушылар бір-бірлеп қағазды алып, оқып, осы мінез-құлық қасиет кімге тән деп ойласа, сол оқушыға апарып береді. Барлық қағаз біткенше ойнала береді.

Рефлексия:

Сізге өзіңіз ойламаған қасиет түсті ме?

Берілген пікір орынды ма?

Қандай сезімде болдыңыз?



«Мен өзіме тілейтінім…»

Қазір өзіңе тілейтін тілектеріңді жазуға болады, бірақ «қазіргі уақытқа» емес, «болашаққа» бағыттайсыздар. Бұл хаттарды дауыстап өз қалаулары бойынша оқытылады.



Әрқайсыңыз бір-бір үйдің, отбасының жайқалып өсіп келе жатқан гүлісіздер. Олай болса, сіздердің осы өмірде өз орындарыңызды тауып, дұрыс жолды таңдап одан әрі жайқалып өсе беріңіздер.

Данышпан философ Фалес айтқандай,

Дүниедегі ең үлкен нәрсе-Кеңістік,

Бәрінен жүйрік-ой,

Бәрінен дана-уақыт,

Бәрінен жеңіл-басқаға ақыл айту,

Бәрінен қиыны-өзіңді-өзің тану.

Қорытынды: біз өзімізді, өз іс-әрекеттерімізді, істеген ісіміз бен ойлаған ойымызды үнемі бақылап отыруымыз керек. Өздеріңе дұрыс баға бере алатын адамдар, өздерінің дұрыс бет бейнесін білетіндер. Әр адам өз өзін тануға, білуге ұмтылуы керек, сол кезде ғана ол өз ішкі дүниесінің әміршісі бола алады.













Бекітемін:

Тақырыбы : Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

Мақсаты: Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).



«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!



«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).



Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.



















Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:«Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан

геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

  2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

  3. Үй құрастыру;

  4. Жалауша құрастыру;

  5. Жұлдызша құрастыру;

  6. «Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

Саусақ жаттығулары



  1. Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

  2. Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

  3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

  4. Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.



Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Саусақтар жүреді :

Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.























































Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Жануарларды жақсы көремін»

Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.

Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Жануарларды қорғауға, оларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сабаққа қажет құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: балалар ақын - жазушыларының кітаптарынан көрме, жан - жануарлардың суреттері, нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:

1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. ПДТ сыныптары арасында

« Жануарларды жақсы көремін» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.

2 - жүргізуші:

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем

1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,

1. Ақындардың өлеңдерінен тақырыпқа сай бір шығарма болу керек.

2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.

3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

4. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

2 - жүргізуші:

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,

1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары –

2. Мектеп кітапханашысы –

3. Координатор -



1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар

4 - сынып оқушылары

-------------------------------

3 - сынып оқушылары

-------------------------------

2 - сынып оқушылары

-------------------------------

Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.



1 - Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.



2 - жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен байқауымыз аяқталды!

Назарларыңызға көп рахмет!

















«Бекітемін»___________________


Тақырыбы: Достық жылы күлуден басталады

Мақсаты: жағымды эмоциялық көңіл-күйді орнату,қарым-қатынас дағдысын дамыту, оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру, психологиялық жетелеу.

Күтілетін нәтиже: құрбылармен жағымды қарым-қатынас қалыптасады, мектепке бейімделу кезеңі жұмсарады

Сәлемдесу: 5 мин

Қане, балалар, бір -бірімізге күлімдеп қарап, көршіміздің есімін айтып, мен сенімен дос болғым келед,і деп айтамыз. Мысалы: «Сәлем, Алмас , мен сенімен дос болғым келеді !»

Балалар бір- біріне күлімдеп қарап амандасады


Негізгі бөлім ұйымдастыру-іздену

«Аңшы» жаттығуы

10 мин

Мақсаты: оқушылардың бұлшық еттерінің босаңсуына көмектеседі.

Бір күні аңшы аң аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын алады...

Жол бойымен жүреді (аяқтарыңмен еденді ұрады)

Құмнан өтеді (алақандарын уқалайды)

Көпірден өтеді (төсін жұдырықтап ұрады)

Батпақтан өтеді (қол шапалақтайды)

Өткелден өтеді- («У-ф-ф» шаршадым) Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан аюды көріп, қорқып кейін қарай қашады.

Балалар сендерге аңға шығу ұнады ма? Егер балалар шаршамаса жалғастыруға болады.

оқушылар жүргізушінің нұсқауы бойынша сөзбен қимыл- қозғалысты қайталайды.

Оқушылар өз ойын айтады.

«Тоты құс» жаттығуы.

10 мин

Мақсаты: қысқа мерзімді есті, зейінді, фонетикалық естуді дамытуға көмектеседі (жақсы нәтиже болып - 5 буыннан көп есте сақтау б.т).

Өту барысы: Бір ыстық елде сиқырлы тоты құс өмір сүрген,ол барлық дыбыстарды жатқа білген. Енді балалар менің артымнан қайталаңыз тоты құс сияқты:

То-ца

То-ца-му-дэ

То-ца-му-дэ-ни

То-ца-му-дэ-ни-зу

То-ца-му-дэ-ни-зу-па

То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки

То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки-ча

Оқушылардан жаттығу туралы ойын сұрау қажет. Балалар сендерге буындарды қайталау қиын болды ма? Егер ия болса қай буындар қайталауға қиын болды? Оқушылар ойы әр кезде ескерілу қажет. Жаттығу барысында оқушыларды жалықтырып алмау керек.


Қорытынды.






«Бекітемін»___________________

«Паровоз» жаттығуы

5мин

Мақсаты: Баланың зейінің анықтауға көмектеседі.

Өту барысы: Оқушылар екіге бөлінеді. Жүргізуші қолын көтергенде оң жақта отырған оқушылар қол шапалақтайды, сол жақта отырғандар алақандарын «қайықша» жасап қол соғады. Екі қолды көтерген балалар «ту-ту!!» деп айқайлайды. Мұнда балаларға сіз жазғы демалысқа бара жатып жолда болған оқиғаны айтып бастауға болады.

«Асқардың қатесі» жаттығуы 5 мин

Мақсаты: оқушылардың зейінің дамыту. Балалар ,менің үстелімде сөмке жатыр. Оны маған қоңырау кезінде 1 сынып мұғалімі әкеліп берді. Оның сыныбында Асқар деген оқушы мектепке оқуға кейбір керек емес заттарды әкеліпті. Осыны анықтау үшін сөмкені бәріміз бірге тексерейік. Мектепке керек зат болса сендер алақандарыңмен шапалақтаңдар, ал егер керек емес зат болса аяқтарыңмен еденді ұрасыңдар. (Әліппе, доп, қаламсап, жұмсақ ойыншық, дәптер, секіргіш, санау таяқшалары, математика, түрлі-түсті қаламдар және т.б.)

Оқушылар заттарға зейінін аудара отырып, қимылдарды орындайды

Жаттығу «Күн шуақты

алаңқай»

5 мин

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: Елестетіңдер, күн шуақты көк шалғын алаңқайда демалып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңе қарайды. Көздеріңен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайларыңа, мұрындарыңа, ауыздарыңа, беттерінің ұшына, иектеріңе түсті. Одан кейін мойындарыңнан, қолдарыңнан, денелеріңнен, арқаларыңнан сипап өтті. Күн шуағы сендерді жылытты.

«Күн шуақты аланқай» қызыл - сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді түйіп, жылы лебіздеріңді, тілектеріңді білдіріңдер.

Баяу музыка қосылады

Рефлексті-қорытындылаушы

Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау

Балалар сендерге не ұнады? Не ұнамады? Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар? Ал енді ,балалар ,осындай жақсы көңіл-күймен тренингімізді аяқтаймыз.

Балалар жауаптары





















































































«Бекітемін»___________________


Түзете-дамытушылық: Қабылдаудың таңдамалылығын, тұтастығын, бейнелі-логикалық, көрнекі-бейнелік ойлауын, зейін тұрақтылығын, шоғырлануын, бөлінуін дамыту, бейнелік, сөздік есте сақтауын, қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға баулу. 

Білімділік: Көктем туралы білімдерін-біліктілігін әрі қарай жетілдіру. Көктемгі өзгерістерге мән беріп, табиғат құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Айналада болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін тиянақтау. Сабақтың мақсаты. Балалардың көктем туралы ұғымдарын бекіту.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық

- Сәлеметсің бе! Бүгін бізде ерекше сабақ болмақ, себебі бүгін біздің сабаққа қонақтар келді. Қане, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

Орнынан тұрып, келген қонақтармен амандасады.


















Негізгі бөлім

- Бүгінгі тақырыппен таныспастан бұрын, үстел үстіндегі жатқан қиынды суреттерді құрастырып көрейікші.

- Қандай сурет пайда болды?

- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көктем» деп аталады.

- Суретте не нәрселер бейнеленген?





- Енді, назарымызды слайдқа бұрайық (слайд бойынша көктем мезгілінде болатын өзгерістерді, ерекшеліктерді атау).

- Бізге қонаққа тұмсығына хат қыстырған қарлығаш келіпті. Бұл хатта не бар екенін көрейік.

- Қарлығаш бізге тапсырмалар әкеліпті, егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, қарлығашқа бұл тапсырмаларды кім бергенін білетін боламыз (әр тапсырманы орындаған сайын көктем ханшайымының келбеті бөлшекпен шығады).

1 тапсырма: «Көктем ерекшеліктері»



2 тапсырма: «Сөйлемдегі қатені тап»



Ойын: «Ұшты-ұшты»



3 тапсырма: «Әңгіме бойынша боя»



4 тапсырма: «Әріптерді орналастыр»

Үстел үстіндегі қиынды суреттерді құрастырады (көктем мезгілінің суреті шығады).



- Көктем мезгілінің суреті.







- Күннің көзі, бүршік атқан ағаш, гүл теріп жүрген қыз, жылғада қайықпен ойнап жүрген бала, ұя салған құстар.

Слайд тамашалайды.





































Көктем мезгіліне қатысты суреттерді тақтаға іледі.



Мағынасы бойынша дұрыс құрылмаған сөздерді тауып, дұрысын айтады.

Орнынан тұрып, ойын ойнайды.

Әңгіме ішінде кездесетін түстерді есінде сақтағаны бойынша бояйды.

Әріптерді өз орнына қойып оқиды.

Қорытынды бөлім

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін слайдта көктем ханшайымының бейнесі шығады.

- бізге тапсырмаларды жіберген көктем ханшайымы екен.

- бүгін біз сабағымызда не туралы айттық?

- көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

- Бүгін сабақта шаршаған боларсың, олай болса тынығып алайық.

Релаксация «Көктемгі табиғат»

- Көктем ханшайымының саған арнаған сыйлығы бар екен, қабыл ал.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, келген қонақтармен қоштасайық.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!












Сұрақтарға жауап береді.













Орындықта отырып тынығады.







Қонақтармен қоштасады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ