Материалдар / Сабақтың тақырыбы: §4.9 Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық айна және сфералық айна
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: §4.9 Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық айна және сфералық айна

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1161
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Picture 2
Қосбармақова Бибігүл Ақсырғақызы
№112 орта мектеп
физика пәні мұғалімі







Сабақтың тақырыбы: §4.9 Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық айна және сфералық айна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жарықтың шағылу құбылысын түсіндіріп түсінік қалыптастыру. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналар. Жарықтың сыну құбылысы жайлы мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық және сфералық айналар. Жарықтың сыну құбылысын күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Келешек мамандықтарын дұрыс таңдауға ықпал жасауБірін-бірі бағалауға баулу Сабақтың түрі: аралас , жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дискуссия, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс, зертханалық жұмыс жасау ,есептер шығару,бейнетаспа көрсету
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,суреттер,интерактивті тақта,айна,шыны,май шам,сіріңке,сызғыш. су. стакан .карандаш.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Сәлемдесу

1.2 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3 Түгелдеу

ІІ. Топқа бөлу (Сурет бойынша топқа бөлінеді )

І. топ ТОЛҚЫН

ІІ топ ҚОЗҒАЛТҚЫШ

ІІІ топ АНТЕННА

Бағалау парағын тарату

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Геометриялық оптика нені зерттейді?

  2. Жарық сәулесі дегеніміз не?

  3. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Жарықтың тәуелсіз таралу заңы қалай тұжырымдалады?

Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Ремер жарық жылдамдығын қалай анықтайды?

  2. Жарық жылдамдығын Физо қалай анықтады?

  3. Жарық жылдамдығын вакуумде қалай анықтады?

ІV . Топтық жұмыс Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Топ пікірлерін тыңдау. Топ басшысы жобаны қорғайды. Бірін-бірі бағалауға баулу

V . Ой қозғау .

«Қара жәшік» ішіндегі затты тап

1.Қалайыны бояуды берік ұстап тұру үшін қолданады

2. Осы затты жасауда құмды пайдаланады

3. Осы затты жасау өндірісінде күміісті қолданады

4 Ол затты қолданбайтын адам жоқ

Бейне таспа көрсету 1. «Айнаның жасалуы» өндірісінен көрініс

2. «Қолданатын орны » туралы көрініс

Ашық сұрақ: Бейне таспадан не көрдіңдер?

Түрткі сұрақ : Бейне роликтен қандай мәлімет алдыңдар?

Сынама сұрақ : Айнаның жасалу жолдары қандай?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

§4.9 Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық айна және сфералық айна

Тарихи деректерге сүйенсек 1240ж еуропа шыны айна өнертабысы итальяндық Friar Джон ал,1835 жылы [1] күмісті пайдалану және айқынырақ суретті салу, неміс химигі Юстуса фон Либиха әкелді. Бұл технология өзгеріссі бүгінгі айналар өндірісінде пайдаланылады.Айналарды алғаш медициналық тәжірибелерде қолданған.

VІІ Топтық жұмыс (постер қорғау)

Оқулықпен жұмыс жасалады

  1. Жазық айнадағы кескін

  2. Дөңес айналардағы кескін

  3. Айнаның ұлғайтуы.

Топтық жұмысты бағалау . бағдаршам әдісі

VІІІ Жұптық жұмыс .

« Тәжірибе жасау»

Жұптық жұмысты бағалау парағын тарату . Әр топқа тапсырмалар беріп

нәтижелерін дәлелдеу



  1. Жанып тұрған шамның көлеңкесін алу.

  1. Жарықтың сыну қасиетін көрсету.

  2. Айнаның көмегімен суретті сал

  3. Жарықтың түзу таралу қасиетін көрсе

  4. Жарықтың көмегімен дисперсия құбылысын көрсет

  5. Жарықттың тұтылу құбылысын көрсет

Биыл еліміздің үлкен мерекесі тәуелсіздігімізге 25 жылдығын атап өтпекпіз, ендеше қазақ халқы тәрбиеге , ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген ендеше

кезең Мақал мәтел мағнасын ашу

А . Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме

Б. Айна айна емес халық айна

В . Адамның жүзі ақылдың айнасы

VІІ Жеке жұмыс жасау : Есептер шығару

  1. ЕСЕП Сәуле күнбағыс майының бетіне 60 бұрыш жасап түседі майдың сыну корсеткішін тап ауаның сыну көрсеткіші 1 ге тең

  2. ЕСЕП 1м кесіндіге жиілігі 600 ТГц монохраматты сәуле шығарудың қанша толқын ұзындығы салынады?

  3. ЕСЕП Жарық сәулесі судың бетіне 40 жасап суға түседі сыну бұрышы бірінші жағдайдағыдай болуы үшін шынының бетіне сәуле қандай бұрышпен түсуі керек?

Өзін өзі тексеру. Шығарған есепті тексеру

VІІІ Қорытындылау

  1. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?

  2. Жазық айна шын кескін бере ала ма?

  3. Сфералық айнамен жазық айнаның айырмашылығы?



Қорытынды : «Қызылорда шыны» заводы бейне таспа көрсету . «Қызылорда шыны» заводына мамандар жайлы мағлұмат беру .Бүгінгі күні Алматы технологиялық Университетінде шыны цех операторларын дайындайтын факультетімен және Ресейде Д:И: Менделеев атындағы химико-технологилық университет барын айта отырып, мамандыққа баулу керек.

Үйге тапсырма беру: §4.9 Жарықтың шағылу құбылысы. Жазық айна және сфералық айна .

Өз бетінше шығаратын есептер тапсырмасын беру 4.9 1 тапсырма «Біздің тұрмысымыздағы айнаның орны» жоба қорғау

Оқушыларды бағалау.

Рефлексия Кері байланыс :

  1. Сабақта мені ... тапсырманы орындау ерекше қызықтырды

  2. Тапсырманы орындауда ..... қиын болды

  3. Бір- бірімізді бағалау ұнады ,себебі ....

Көбелек туралы әңгіме айт








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!