Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтың тақырыбы ; " Сақ , Үйсін ,Ғұн ,Қаңылы тайпалары "
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән:Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғасырларда Қазақстанның
оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы алғашқы мемлекеттердің
дамуын,олардың қоғамдық құрылысын,алып жатқан аймағын
көрсету,мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін
түсіндіру.Ғұн тарихына тоқтала отырып, мемлекеттік құрылымы мен
олардың жаулап алу соғыстары кезіндегі Мөде мен Аттиланың
ерлігі,қаhармандығы,ақылдылығы мен алғырлығы туралы түсінік
беру. Оқушыларға Oтан тарихын оқыта отырып қазақ
халқының ататегі болған тайпалардың бірі – үйсіндер,қаңлы,ғұндардың
мекендеген жері, археологиялық ескерткіштері және олар жөніндегі
деректер туралы мәлімет
беру.
Дамытушылық:Интерактивті тақта арқылы қосымша деректер
пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамыту,тарихи танымын
кеңейту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке,
адамгершілікке, ізгілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Шығармашылықпен
жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:СТО,«Джигсо» әдісі.«Ыстық орындық» әдісі.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,түсіндіру,талдау,ізденуге ой қозғау,өз бетімен шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:«Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырындағы Қазақстан картасы»,атлас10 сынып,Қазақстан тарихы оқулығы 10 сынып, кесте толтыру,
Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті, бейнелеу.
Сабақ кезеңдері:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытынды
VI.Оқушыларды бағалау
VII.Үйге
тапсырма
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:«Отан өз іргеңнен,тарих өз көкірегіңнен бастау алады» Ә.Кекілбаев.Сабақты бастамас бұрын студенттерді 3 топқа бөлеміз.
1.Үйсіндер
2.Қаңлылар
3.Ғұндар
Психологиялық
жаттығу:«Уақыт
шеңбері»(күй жіберіледі).Бәріміз көздерімізді
жұмамыз,әдемі әуенді тыңдаймыз,біз сіздермен бірге
уақыт «Уақыт шеңбері» машинасы арқылы ерте темір
дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген мемлекеттерге
аттанамыз.Дайынсыңдар ма? Ендеше көздерімізді ашамыз.Әсерімізбен
бөлісеміз.
II.Үй тапсырмасын тексеру,
Сақтар – біздің бабамыз,
Ақыл – ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын
Терең іздеп табамыз, - деген өлең шумағымен сабақты бастаймыз.
Блиц турнир сұрақтары:
1.Мына суретте кім бейнеленген? (Сақ-сармат мәдениетінің ерекше ескерткіштері:«Алтын Адамдар» болып табылады.1.« Алтын адам»(б.з.д V-IV ғ.ғ)-К.А Ақышев 1969-1970 жж.Есік қорғанынан тапқан сақ көсемінің қаңқасы).2.«Алтын адам»(б.з.дIIғ. -I ғ.б)-З.Самашев басқарған археологиялық экспедиция 1999 жАралтөбе қорғанынан тапқан сармат көсемінің қаңқасы.3. «Алтын адам»(б.з.д VIII ғ.)-профессор А.Т. Төлеубаев 2003 ж № 1 Шілікті қорғанынан тапқан сақ патшасының қабірі.
2.Сақтар туралы Азиялық скифтер деп атаған ежелгі грек ғалымы?(Геродот)
3.Сыр бойында Шеткі Александрия қамал-қаласын салдырған ұлы Жиһангер жаулаушы,грек патшасы (А. Македонский)
4.Сақтардың колөнерінде жиі кездесетін стильді ата?(аңдық стиль)
III. Жаңа сабақ.Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттер
Сабақ жоспары: 1.Үйсіндер мемлекеті
2.Ғұндар мемлекетінің құрылуы
3.Қаңлылар
Қазақ мемлекеттілігінің оқып үйренуді сақ тайпалары,үйсіндер мен ғұндар дәуірінен бастаған жөн.Бұл тайпалардың көшпелі қоғамында (б.з.д VIII- б.з.д V ғ.) малға жекеменшіктің пайда болуы нәтижесінде әлеуметтік жіктелу қатар жүрді.Мындай өзгерістер мемлекеттік құрылымдардың алғашқы белгілерінің пайда болғанын көрсетеді.Қазақстан аумағында кейінгі темір дәуірінде көшпелі үйсін,қаңлы, ғұн тайпалары қоныстанды.Олардың ішінде ерекше аталатыны үйсіндер.
Ерте темір дәуірінде сақтардан кейін Жетісу жерінде үйсін тайпалары мекендеген.Олар Орта Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі.Үйсіндер Жетісу мен Тянь - шанда, Қытайдың Солтүстік батысында, Шығыс Қазақстанда, Тарбағатай тауы бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Үйсіндер б. з. б. 3 ғ. мен б. з. 5 ғ. аралығында өмір сүрген. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.Олар “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” болып бейнеленеді.Үйсіндердің ордасы Қызыл Аңғар қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.Жетісу өңіріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан европеоидтер.Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидтық белгілер барлығы да анықталған.Ертедегі қытай деректерінде көрсетілгендей “үйсіндер шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге,бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді” табиғаты жерлері тегіс,шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Өкінішке орай, үйсіндердің мәдениеті,тілі мен жазуы жөнінде де толық дерек жоқ.Деректерде “Үйсіндер де 120 мың отбасы бар, 630 мың тұрғыны бар, әскерлерінің саны 188 мың 800 жауынгерлерден құрылған” деп жазған.Ертедегі үйсіндердің түсінігінше,өлген адам тіріледі деп есептеген.Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады - ау деген заттардың бәрін қоса көмген.Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын жанына қоса қойған.Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген.
(Үйсіндер слайд,бейне жазба)
Ал, студенттер ғұн тайпасының шығу тарихы жөнінде деректер не дейді екен, соған назар аударайық! (интербелсенді тақтаны қолдану).
Ал, біздің ақын аталарымыздың бірі Мағжан Жұмабаев атамыз ғұндарды өзімізге тартып өлең арнаған.
«Пайғамбар өлеңі» өлеңі. М. Жұмабаев
Ерте күнде отты Күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар!
Міне, студенттер ұлы ақын өзін ғұндардың ұрпағымын деп есептей отырып, «ғұн – түркілердің арғы атасы дейді».
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.Ғұндар келген кезде «Халықтардың ұлы қоныс аударуы болды». Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады.Ғұндар бес ғасырға жуық кең далада билік жүргізді.Б.з.б. 204-б.з216 жылдарда. Қытайлар ғұндарды «хунну» деп атаса, еуропалықтар «гуни» деп атаған. Тарихи деректер бойынша ғұндар 24 тайпаға біріккен.Олардың билеушісін шаньюй деп атаған. Б.з.б 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды.
«Джигсо» әдісі.Топтарға мәтін таратылып, білімін толықтырады. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді толықтыр.(3минут)
Ғұндар негізінен __________________тұрды. ______________________төсек және күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған.Киіз үйдің төріне_____________________________________т.б. іліп қоятын болған.Ғұн әйелдері құлағына___________________________, саусақтарына_________, шашына ___________________________________________________,таққан.
Қаңлылар туралы видео материал көрсетіледі.(2 минут)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(бейне-сұрақ)
Қазақстан тарихы пәні оқытушысы:Ләззәт Шаңбасова Сақтағанқызы
1.Қытай деректерінде:«Оларда жылқы көп,ең бай адамдарында 4-5 мың жылқы болған »,- деп қай мемлекетті айтқан?(Үйсін)
2.Сырдария өңірі мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеп,астанасы Битянь қаласы болған мемлекет? (Қаңлы)
3. Үйсін,қаңлы,ғұн тайпалары мекендеген қазіргі жерлерді картадан көрсет.
4. «Ыстық орындық» әдісі бойынша бүгінгі сабақта белсенділік көрсеткен бір студент шығады да жаңа тақырып бойынша хронологияны топтарға қояды.
Хронологиялық кесте:
б. з. б. 3 ғ. мен б. з. 5 ғ. Өмір сүрген мемлекет? |
үйсін |
қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі |
үйсін |
б.з.б 4 және 3 ғасырларда қай тайпа бірлестігі құрылды? |
ғұн |
Б.з.б. I ғ.соңында Қазақстан жеріне Орталық Азиядан келген тайпа? |
ғұн |
б.з.б. ІІІ-ІІ ғ. б.з. 5 ғасыр қай мемлекеттің өмір сүру хронологиялық шеңбері. |
қаңлы |
б.з.д. 2 ғ. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен айтылған мемлекет? |
қаңлы |
VI. Қорытынды.Көшпелілердің әлемдік тарихқа елеулі үлес қосқанын атап өту қажет.Қазақстанның ежелгі тұрғындары сол кездегі әлемнің ірі мемлекеттерінің – Грекияның,Рим империясының,Персияның,Египеттің шекараларында тұрып саяси оқиғаларға белсене қатысты,дүние жүзіндегі жалпы жағдайларға ықпал етті.Ғұндар жаппай қоныс аударуды бастады, Еуропаны Рим үстемдігінен құтқарды.Халықтар Шығыстан Батысқа жылжи отырып, жаңа жерлерді игерді, жаңа қоныстар мен қалалар салды.
Студенттер,тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, ең алдымен дерек жинаудан бастайды.Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректер жаңа өздерің айтып өткен көне парсы, көне грек, латын, қытай тілінде бізге келіп жетті. Ата-баба тарихын білу - біздің парызымыз.
VI.Оқушыларды бағалау:
Бағалау бетшесі
Студенттердің аты-жөні |
Топқа бөлудегі қайталау сұрақтары 1 сұраққа 4 ұпай |
«Джигсо» әдісі топтық жұмысқа қосқан үлесіне қарай 5 ұпай
|
«Ыстық орындық» әдісі 1 жауапқа 3 ұпай |
Жаңа сабақты бекіту 1 жауапқа 4 ұпай
|
Картамен жұмыс. 4 ұпай |
5-10 ұпай «Қанағаттанарлық»
|
10-15ұпай «Жақсы» |
20- жоғары «Өте жоғары»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шығу парағын толтыру. Бүгінгі сабақ бойынша шығу парағын толтырайық: