Сабақтың тақырыбы: "Ағаш тілу негіздері"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: "Ағаш тілу негіздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағаш өңдеу көбінесе ағаш талшықтарын қию арқылы жүргізіледі, оның үстіне өңдеудің бұл түрінің негізгі әдісі-тілу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


«БЕКІТЕМІН»

Директордың өндірістік

оқу жұмыстары жөніндегі

орынбасарының м.а:

__________ /Есқалиева А.Қ. /

«16» ақпан 2023 жыл




Т а қ ы р ы б ы:

«Ағаш тілу негіздері»

















Дайындаған:

өндірістік оқыту шебері

Ашангалиев А.М.







2022-2023 оқу жыл



Ашангалиев Айдын Махсотович

Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері БҚО Қаратөбе ауданы



Тақырыбы: «Ағаш тілу негіздері»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ағаштарды тілу, ағаштарды тілуде қолданылатын жабдықтар жөнінде түсінік беру, оларды қолдану әдістері мен мінездемесі және қолданудағы қауіпсіздік ережелерін оқыту.

Тәрбиелілік: оқушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттырып, еңбекке деген жауапкершілігін жақсарту.


Сабақтың оқу-материалдық жабдықталуы

Плакаттар: қауіпсіздік техникасы талаптары жөніндегі стендтер.

Материалдар: әр түрлі ағаш қиындылары.

Құрал-саймандар: аралар, бұрғылар, қашаулар, сүргілер, электрлік қолмен тілу аспаптары.

Өлшеу аспаптары: циркуль, металл сызғыш.

Оқу-өндірістік база: ағаш ұсталық шеберхана.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

1. Оқушыларды түгендеу

2. Оқушылардың сыртқы түрлерін тексеру (арнайы киімдерін тексеру)

ІІ. Кіріспе нұсқау (45 мин)

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Оқушыларға өткен тақырыптарды меңгерту (сұрақ-жауап түрінде өткізіледі).


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 Ағашты механикалық жолмен өңдеуағаш талшықтарын қию арқылы аралау, сүргілеу, фрезерлеу, қашау және талшықтарды бүлдірмей-ақ ию, престеу бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ағаш өңдеу көбінесе ағаш талшықтарын қию арқылы жүргізіледі, оның үстіне өңдеудің бұл түрінің негізгі әдісі-тілу.

Тілу түрлері былай ажыратылады: жаңқа шығарып өңдеу, аралау, сүргілеу, қашау, бұрғылау, үгінді жаңқа шығармай тілу, сынаны кесу, сынаны қайшы түрінде кесу, ағашты жару, отын жару, бөшкені тойтармалау, шабылған және тарамдалған шаттама дайындау. Ағашты механикалық жолмен өңдегенде үгінді жаңқа шығарып кесу өте жиі қолданылады.

Ағашты тілу арқылы өңдеу бір кескіші бар пышақ, бірнеше кескіші бар фрезерлер, көп кескіші бар ара, кесетін құрал-саймандар арқылы жүргізіледі.

Тілу әдісі үстінде сына тәрізді кескіштің жүзі сыртқы күштің әсерінен ағашқа ену арқылы талшықтарды қиып, оларды үгінді және жаңқа түрінде бөліп шығарады. Кесу кезінде ағаштың тілінген жақтары тегіс алынбай ұзын жаңқалар пайда болады. Ағаш тегіс тіліну үшін арнай жасалған жаңқа бөлгіш сүргідегі дөңес жоңқаларды сындырып отырады.

Сына тәрізді кескіш қырынан алдыңғы артқы және бүйір жақтаулардан тұрады. Кескіштің жүзі түзу жылжып отыратын жазықтықтың беті кесу жазықтығы деп аталады. Кескіштің алдыңғы және артқы жақтаулар арқылы жасалатын β бұрышы немесе қайрау бұрышы деп аталады. Кескіштің алдыңғы жақтауы мен кесу жазықтығының арасынан жасалатын α бұрышы немесе кесу бұрышы деп аталады. Артқы бұрышы кескіштің артқы жақтауы мен кесу жазықтығының арасынан жасалады.

Ағашты сапалы өңдеу үшін бұрышты дұрыс таңдаудың үлкен мәні бар. Өткірлену бұрышы кішірейіп кеткенде кесу тұрақтылығы дереу төмендейді, яғни кескіштің жүзі тез мұқалады, кертіліп немесе сыналады. Сүргі пышағы үшін өткірлену бұрышының (25+-2,5) алдыңғы бұрышы аспаптың қолданылуына, жадығаттық сипаты және өңдеу түріне қарай 43-500 С аралығында ауытқып отырады.


ІІІ. Ағымдағы нұсқау

Оқушыларды аралап шығып өндірістік жұмыстарын қадағалау.

  • Түсінбеген сұрақтарына жауап беру

  • Жасалып жатқан жұмыстың сапасын тексеру.

  • Тілу жұмыстарын орындауда қолданылатын құралдарды дұрыс пайдалана алуларын қадағалау.


ІV. Қорытынды нұсқау

  1. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айтып өту.

  2. Оқушылардың жұмысын бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2023
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі