Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық
әдісі
(Бір оқушы алдыңғы
жақта, орындықтар оны айнала қоршай
орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Б ір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып
бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу
үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей
алады.
•
Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр
бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне
мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр
едіңдер?
Киіз үй.
Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін
қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып,
бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан
жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен
көркемделген.
Күнжанның қонақтары.
Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді
кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы
болған сәттері осы бөлімде анық
айтылған.
Абай шаңырағы.
Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері
бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек
төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап
кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген
қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл
мәтінде Абайды қайта тірілткендей.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» бөлімі бойынша жұмбақтар
шешіледі.
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
/Кереге/
Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. /Кереге;
Шаңырақ/
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар - қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді. /Уық/
Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар
көрінеді.
(киіз үй)
•
Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған
кім?
•
Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Ол қай
бөлімде айтылған?
•
Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер
едің?
•
Мәтіннің әр бөліміне ат
қой.
•
Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып
бер.
І топ Шаңырақ 3-тапсырма
ІІ топ Кереге 4-тапсырма
ІІІ топ Уықтар 6-тапсырма
Әр топ ым ишарамен көрсетуі
тиіс.
Кері байланыс
Баспалдақ әдісі
Әр оқушы сабаққа қатысу деңгейін бағалайды. Өз ойын
жазады.
Үйге тапсырма 6-тапсырма
36-бет
|