Материалдар / "Сәбит Дөнентаев" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сәбит Дөнентаев" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары. Жаңартылған білім беру мазмұнын кірікітіріліп әзірленген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2018
1242
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев шығармалары «Заман біздікі», «Бозторғай» өледері
Сабақтың мақсаты: 

а) Білімділік: Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.

ә) Тәрбиелік: Ақын өлеңін оқи отырып, Отанға, тілге, халыққа деген  сүйіспеншілігін арттыру.

б) Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу  дағдысын одан әрі қалыптастыру.
Сабақтың түрі:  дәстүрлі
Сабақтың әдісі:  Мәнерлеп оқу, сұрақ- жауап, «Амандасу» әдісі
Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтар, слайдтар

Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру(2 мин)

II. Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)

III. Жаңа сабақ (13 мин)

IV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

V. Сабақты қорытындылау (2 мин)

VI. Үйге тапсырма беру(1 мин)

VII. Бағалау (3 мин)

VIII. Рефлексия (2 мин)


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Кезекші мәліметі

3.Психологиялық дайындық

«Амандасу» әдісі

Оқушылар жұптарымен қызыл қол, сары қол, жасыл қол арқылы амандасады.

Қызыл қол – қол алысу

Сары қол – төс қағысу

Жасыл қол – арқа түйістіру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ

С.Дөнентаев «Заман біздікі», «Бозторғай» өлеңі
А) Ақын өмірі, шығармашылығы туралы.
1894 жылы Семей обылысы Павлодар уезінің Ақсу болысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1907-1908 жылдары ауыл молдасынан қара таниды. 1902 жылы білімін жетілдіру мақсатымен Павлодар қаласына келеді.Осы кезеңдегі ақынның білімін кеңейткен «Шора», «Уақыт»,»Айқап» атты қазақ, татар тілдеріндегі басылымдар, Абай және татар әдебиетінің классигі Ғ. Тоқайдың шығармалары болды.
1915 жылы Уфада алғашқы бұқарашылдық бағытта «Уақ- түйек»деп аталатын өлеңдер жинағы шықты.
Ақын халық соты, мұғалімдік,және газетте қызмет атқарған.Ақынның өз қолымен тапсырған өлеңдер жинағы 1935 жылы басылып шықты. Бірақ ақын бұл кітабын көре алмай кетті.
Қысқа өлеңнің шебері, мысалшы, сатирик, сыншы ақын Сәбит Дөнентаев 1933 жылы 23 мамырда қайтыс болады. 
Ә) «.Заман біздікі»
В) Мәнерлеп оқу, талдау

Құл еркі қожайыны-тақсырдікі,
Құр қалмақ , әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара бақырдікі
Даулы мал-ебін тапқан шешендікі.
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі
Еті мол, қымызы мол қалтасы тоқ,
Мінеки, мені-ақ кісі дегендікі.

Сұрақ:
-Өлең не туралы? Ақынның айтпағы не?
-Өлеңдегі ақын пікірімен келісуге бола ма?

IV. Жаңа сабақты бекіту

Өлең құрылысына талдау.
Бұл заман /байқағанға/ күштінікі,/ 11 а
Азулы ,/тырнақты мен/ тістінікі/. 11б
Дүниенің /патшалығы,/ батырлығы-/ 12а
Тыпырлап, /тыныш жатпаған/ істінікі/ 12а.
3 бунақты, 4тармақты, 6 шумақты қара өлең ұйқасымен жазылған өлең.
«Бозторғай» -таптық көзқарасты бейнелейтін өлең .Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап ,арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен.Шырылдаған бозторғай мұңын айтып әлді құстарға жүгінгенімен ,ешбірінен көмек көрмейді.Қайта өзіне ұрсып,әлімжеттік жасамақ болады. Сөйтіп «,Бозторғай «заман байқағанға қүштінікі» екенін мойындайды. 
Жоспар құру:
1.Тұрымтайдан қорлық көрген торғай.
2. Бөдененің қырғиға жем болуы.
3.Торғайдың қаршығадан әділдік іздеуі.
4.Қаршығадан қиянат көрген шүрегейлер.
5.Қаздың етін жеген лашын
6.Бұл заман байқағанға әлдінікі
-Өлең не туралы? 
- Идеясы не?
-Өлең қандай тәсілмен жазылған? -Аллегория деген не?
Өлең құрылысына талдау.
Бозторғай/ зорлық көріп /тұрымтайдан,/ 11а
Таяныш/ таба алмапты /қырдан, ойдан./ 11а
Болыпты/ мұңын шақпақ,/зарын айтпақ/ 11б
Қырғиды /жолықтырып/ көрсе қайдан./ 11а
3бунақты,4 тармақты, 1шумақ, қара өлең ұйқасымен жазылған.
V. Сабақты қорытындылау
Қорытынды. Өлеңге түйін жазу.
«Иә, Сәбит Дөнентаев өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты –халқына адал қызмет ету еді.
Сондықтан С.Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды.»
Қ.Ергөбеков

VI. Үйге тапсырма беру өлең мазмұнын айтуға дайындалып келу.
VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
VIII. Рефлексия. Өзара талдау



Бекітемін:_______

Әдіскер: Калиева С.С.

Баға:_________





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!