Материалдар / Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
10-11 сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ШИЯНБИНА АЙНУР МАРАТБЕКОВНА

Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы

ШҚО Тарбағатай ауданы

«Тарбағатай колледжі» КММ




Сабақ жоспары


САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖОБАСЫ:

- Жаңа материалды меңгеру сабағы.

- Жаңа материалды меңгеруде оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, түрлерін қолдану;

- Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру;

- Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту, шығармаларының сюжетін, тақырып идеясын таныту .

Тәрбиелік: Мұқанов шығармалары арқылы еліне, тілге, табиғатына деген ұлтжанды сезімін ояту. Адами қасиетті оқушы бойына дарыту.

Дамытушылық: шығарманы талдай білу дағдысын, өз ойларын айта білу, ізденпаздықты қалыптастыру;

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тіл дамыту, түсіндіру, тест.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, слайд.

Пәнаралық байланыс: Тарих.


Сабақтың барысы:

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

2 топқа бөлу, зейіндерін сабаққа аударту


Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жыр алыбы Жамбыл туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

  2. «Сұраншы батыр» дастаны


ІІІ. Жаңа сабақ:

Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.

Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.

1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының председателі болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.

С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды. Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі.

Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды.

1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

1960 жылы халқымыз 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап өтті, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады.


ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ БЕКІТУ (СЛАЙД БОЙЫНША СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ)

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...

  1. Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясына қай жылы оқуға түсті? 1918ж

  2. Сәбит Мұқановтың шығармаларын ата? «Ботагөз», «Шоқан Уәлиханов», «Өмір мектебі», «Сұлушаш» , т.б.

  3. 1920 – 1930 жылдары жазылған өлеңдері мен поэмаларын атаңыз? «Батырвқ», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш», «Ақ аю», «Адасқандар», «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз», т.б.

  4. Ауылдың ішінде қандай бала болып аталды? Жыршы бала

  5. Қай жылдары мұғалімдік атқарды? 1918 – 1919 жылдары

  6. Әке – шешесінен айырылғаннан кейін, Сәбит кімнің қолында тәрбиеленді? Ағасы Мұстафаның

  7. Романның басты кейіпкерлері ? Алтай мен Ботагөз

  8. Ботагөз” қай жылдары жарық көрді? 1920 – 1930 жылдары

  9. Сәбит Мұқановтың туған жері? Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар ауылы

  10. Кімнің шығармаларын оқығаннан кейін ақын болуды армандады? Ғ. Тоқай, А. Құнанбаев


Дәптермен жұмыс: Оқушылар С.Мұқановтың прозасын, драматургиясын жазады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың шығармаларын оқиды

Ойталқы: Берілген сұрақтар бойынша өз ойларын айтып қорғайды:


Қорытындысында осы кестені толтыру

Не білемін

Не білдім

Нені білгім келеді

Оқушыларды бағалау:

Үй тапсырмасы: С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын оқып келу.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!