I.
Кіріспе
1999 жылдары еліміздің
түпкір-түпкіріндегі ауылдар көптеген өзгірістерге тап болды:
совхоздар жекеменшік иелеріне өтіп, мал саны азайып, жұмыссыздық
белең алды. Бұл жағдай менің туған ауылыма да соқпай кетпеді.
Еңбекақы берілмей, орнына тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.
Біздің ауыл қаладан шалғайда орналасқан, тұрмысқа қажетті
ұсақ-түйек заттар ауыл дүкендерінен табылмайтын. Сондықтан ол
заттарды қолдан жасауға тура келетін. Әлі есімде бір күні әжем
қойдың майының шыжығын пайдаланып қара сабын жасап жатқанын көрдім,
және ол процесс мені қатты қызықтырды.Биология пәнінің мұғалімі
Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы сабын қайнату және сабын қайнату
технологиялық әдістері туралы түсінік беріп, осы тақырыпқа «Кім
ғылыми жұмыс жазады?» деп ұсыныс айтқан кезде мен бірден келісе
кеттім. 2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мұғалімнің
көмегімен күнделікті тұрмыста сабын жасау әдісін зерттей
бастадым.
Ең басты керекті әдебиеттерді
оқып, материалдар жинай бастадық. Сабын жасап көрген әжелермен
сұхбаттасып, материалдарымызды толықтырдық. Сабын жасайтын керекті
заттарды: май түрлерін, өсімдіктерді танып-білуге арналған
материалдарды оқып, өсімдіктерді жинап, кеппе шөп жасадық. Күзде
алабота шөбін жинап, кептіріп, өртеп, күлін жинап алдық. Күл неден
тұрады, сақар дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап іздеп, біраз
химиялық тәжірибелер жасадық. Қыс бойы соғым етінің сүйектерін
жинаймыз. Сөйтіп теория жағынан түгелдей дайын болып, тәжірибелік
жағын жасау қалды. Жоспар бойынша наурыз айында сабын қайнатып,
дайын өнім жасай аламыз деген үміттеміз.
Адамзаттың даму жолында әр
түрлі қажеттіліктерге байланысты көптеген заттарды өздері табиғатты
пайдалану арқылы жасап шығаруға тура
келді. Қазіргі кездерде ғылыми
жобаларға, өзге мемлекеттердің соны жаңалықтарына қарап қызығушылық
білдіретініміз хақ. Бірақ, тарихқа үңілсек, барлық адамзат секілді
қазақ ұлты да өз өмірлерінде табиғатты дұрыс пайдаланудың арқасында
мақтанышпен айтуға лайық заттар жеткілікті жасаған. Ең бастысы
бүгінгі заманда да маңызды және сұранысқа ие боларлықтай дүниелер
баршылық. Ұлтымыз табиғатты, табиғи заттарды өте ұқыпты пайдалануға
ерекше назар аударған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы
тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын жетік меңгерген. Өнімдерді
қалдықсыз, үнемі пайдаланған. Біздің ата-бабаларымыз ерте кездің
өзінде-ақ жаратылыстану ғылымдарының бірі химияның негізгі күрделі
ұғымдарын үй тұрмысында кең түрде қолдана білумен қатар
ұрпақтан-ұрпаққа үйрету арқылы келешекке жеткізіп отырған. Бүгінгі
күнде олардың тұқымдарын тиімді пайдалана білу, үйрену, қажетіне
қарай қолдана білу әрбір жас ұрпақтың өз халқына деген мақтаныш
сезімін арттырады және бұл ғылымды оқып білуге деген құштарлығын
оятары хақ.
Солардың кейбірі бүгінгі
тұрмысымызда сабын жасау ісі ұмыт болып бара жатыр, сол себепті
халқымыздың бұл өнерін қайта жаңарту үшін пайдалы жақтарын және
өнімнің табиғи таза екенін жарнамалау арқылы күнделікті тұрмысқа
еңгізсек деген оймен осы жұмысты жасауға бел
будық.
ІI.Теориялық
бөлім
2.1 Сабынның шығу
тарихы.
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден
белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында
жазылған; Әбу Әли ибн
Сина өз қолжазбаларында шығыс
елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы
мәліметтер бергені белгілі. Ал скифтердің жуғыш заттар
қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда
Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын
сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда
сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған.
[1]
Сабын – тілімізге арабтың «сабун» [2.244] деген
сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың
қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе
қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын
өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар
дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты әлемге әйгілі
болды. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ
ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі
болды.
Ал біздің ата-бабаларымыз да
сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін
білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері
малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы
тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтардың малдың
жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын
болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған
алабота шөбін өртеп,оның күлін жинап, қазандағы
сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып
тастап,дайын алабота күлін салып әбден қоюланғанша оқтаумен
бұлғап
отырып қайнатады.
Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан
алып, салқындатып, сабынның пішініне
келтіріп
жасаған. Мысалы,екі алақанның
ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын "алқынды"сабын деп
атаған. Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды "бүзаубас"сабын
деп атаған. Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы
және көпке жететіндігі болған. [3]