Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шағын жинақталған мектеп педагогінің жұмысындағы заманауи білім беру технологиялары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақала тақырыбы:
Шағын жинақталған мектеп мұғалімінің жұмысындағы заманауи білім беру технологиялары.
Авторы: Павлодар облысы Аққулы ауданы Шақа жалпы орта білім беретін мектептін мұғалімі Шайзатова Актоты Болатовна
Шағын жинақталған мектеп мұғалімінің жұмысындағы заманауи білім беру технологиялары.
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің басты мәселесі- сабақ форматы мен мазмұның оңтайлы ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда заманауи білім беру технологиясын таңдау мен оны іске асыру аса маңызды. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техгологиясын шағын жинақталған мектеп базасында қолдану ерекшеліктері мен өзектілігі басты назарға алынып, қарастырылады.
Главной задачей учетеля МКШ- это оптимальная организация урока в новом формате. Очень важно правильно выбрать и применить обучающии технологии на уроке. В данной работе рассматривается вопрос критического мышления через чтение и письмо в условиях малокомплектной школы.
The main task of a small-scale school teacher clerk is the optimal organization of the lesson in a new format. It is very important to choose and apply teaching technologies correctly in the classroom. This paper discusses the issue of critical thinking through reading and writing in the conditions of a small- scale school.
Қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы шағын мектептер санының көп болуына тіреп отыр.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, шағын жинақталған мектептерге ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы базасында ШЖМ дамытудың республикалық орталығының, тірек мектептері мен ресурстық орталықтардың ашылуы, мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушыларды тегін әрі қауіпсіз түрде тасымалдау стандартының қабылдануы. Осы аталған іс-шаралар республикамыздағы шағын жинақталған мектептердің сапалы білім беру үрдісін іске асыруға арналған игі іс-әрекеттер екені даусыз.
Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады. Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.
Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу. Шағын жинақты мектеп мәселесін оңтайлы шешудің тағы бір жолы – бұл жаңа білім беру кеңістігін құру болды. Ол үшін материалдық-техникалық базасы мықты толық білім беретін мектептерден ресурстық орталықтар ашылды. Ресурстық мектеп – бұл шағын жинақты мектеп оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп сатылы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие дамуын бағыттап отыратын ауыл мектебі. Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) байланыс орната отырып, сессияаралық кезеңде олардың білім қорларын пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады. Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады. Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектептерде оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықта оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
-
оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
-
ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
-
деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады . Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» — деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні. Дамыта оқыту жүйесі сияқты, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімділігі негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамыта-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған. Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, əсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар адам танымастай өзгерді. Ал озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бəрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға (шығу парақтарында) берген өз жауаптарында жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу нəтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.
Осы бағдарламамен жұмыс істеу арқылы мынадай жетістіктерге жеттік: «Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында білім беріп, икем-дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық шығармашылық іс-əрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тəрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады екен. Əр баланың танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық жəне тəрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады.Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір- біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Осы жобаның пəн мұғалімдері ретінде білім сапасын көтеруге қызығушылықтарын арттыруға тигізген əсері туралы нақты мысалдар келтіріп тоқталғымыз келеді. Бұл — жалпы сыныптар бойынша берілген басты сипаттар. Сабақта оқушылар мəтіннің өзімен бірнеше жұмыс жүргізе алуларына болады. Мысалы: жалпы, СТО ойлау бағдарламасында мұғалім жұмысында көбіне топтық, жеке, жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім əр оқушының білім алуға бағытталған іс-əрекетін бақылауға алады. Оқушы жұмыстары жеке жинақ, папкаларда көрсетіледі. Мұғалім тек бағыттаушы ретінде қызмет жасайды, оқушылар жаңа сабақ, ақпараттарды өз бетінше меңгереді. Білім сапасы бұл сыныптарда көтеріліп келеді. Сабаққа нашар деген оқушылардың да көзқарасы өзгерген, оларда талпыныс, құштарлық, ынта-жігерлері қалыптасып келеді. Мұғалім ретінде қол жеткізіп жүрген жетістіктерді осы сыныптар арқылы көрсетіп жүрміз.
Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [4]. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады. Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
-
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-
оқыту-тəрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
-
дайын бағадарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-
ойлау қабілетін дамыту;
-
ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пəндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.
Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту жəне дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың əрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Сабақ арасында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, əрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі — Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, əрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:
-
сұраныс бойынша ақпарат алу;
-
Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау;
-
пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;
-
сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;
-
тақырыптық жобалар дайындау;
-
шетел авторларының шығармаларымен танысу;
-
электронды сөздіктерді қолдану;
-
электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу;
-
аудио-, бейнематериалдар қолдану.
Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, мұғалім қазіргі кезде мазалап жүрген мəселелерді Интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мəселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Əр мəселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-, видеобағдарламаларды оқушыларға сабақта тыңдатуға, талқылауға болады (мысалы, президенттік сайлау, əлемде болып жатқан оқиғалар, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар т.б). Бұндай жұмыс түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.
Өз тəжірибемізде сабақтағы теориялық білімді сабақтан тыс шаралармен ұштастыра отырып, оның өткізілу түріне, тəрбиелік, білімділік, мазмұнына баса көңіл бөлеміз. Себебі оқушылар бойында белсенділік, мақсат көздеушілік, ұйымшылдық, намысшылдық, жауапкершілікті сезіне білу сияқты саналы көзқарас, жақсы қасиет осындай тəрбиелік іс-шараларда қалыптасатыны белгілі.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламаның ұтымды жағын көре отырып, былтырғы оқу жылынан оқушылар шығармашылығын дамытумен айналыстық. Сабақ барысында СТО бағдарламасының стратегияларын қолдана отырып əр түрлі міндеттерді шешіп, проблемалық сұрақтарды талқылап, дискуссия ұйымдастырдық. Оқушылардың жазған эссесін оқығанда оқуға деген мотивациясы артып, ойлау қабілеті белсендендіріліп, креативті, сын тұрғысынан ойлауы дамыды деп айтуға болады. Оқушылардың пікірі бойынша, сабақта алынған білімдері терең бекітіліп қалды.
Қорыта келе, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын дер кезінде қолға алынған, уақыт талабына сай көтерілген іс-шара деп есептейміз.
Əдебиеттер тізімі
-
Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар — талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. — 2011. — № 4.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. — № 41–42 (27114). — 28 қаңт.
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2–5