Сыныбы: 6 «Ә»
Күні: 17.11.2017
ж.
Тақырыбы: «Төл
теңге» /
сайыс/
Мақсаты: Оқушылардың ұлттық
теңгеміз туралы білімдерін жетілдіру. Өз ойларын ашық, еркін айтуға
үйрету. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін көтеру. Отанға, елге, туған
жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін
шыңдау.
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ тілінде еркін айтуға үйренеді.
Теңге туралы, басқа елдердің валюталары туралы кеңінен біліп
танысады.
Іс-шараның
түрі: сайыс
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер мен
құрал-жабдықтар: презентациялық слайдтар,
суреттер.
Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі
әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және
гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә.
Назарбаев)
Сайыстың өткізілу
барысы:
Жоспары:
І
бөлім:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2.ҚР
гимні.
3. «Ұлттық валюта» кіріспе
сөз.
ІІ
бөлім:
1.«Кім жүйрік
атты» кезеңінде әр топ 12 сұраққа
жауап беруі тиіс . Әр жауап 1
балл
2.«Әр елде — өз валютасы »
(әр мемлекеттің валюталарын табады)
3.Теңге туралы мақалдар
сайысы.
4. «Тақпақшылар» сайысы (ақша
туралы өлең шумақтарын айту)
5.« Кім жылдам»
сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді экономикалық
мәнді сөз шығатындай етіп жазу
керек.
6. «Кім көп біледі?» атты топ
басшылары сайысы .
ІІІ
бөлім
Қорытынды
сөз
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, сайысқа қатысушылар! Бүгінгі
өткізгелі отырған іс-шарамыз «Ұлттық валюта» күніне байланысты.
Бүгінгі іс-шарамыз сайыс түрінде
өтеді.
Қазақстан Республикасының
Гимні орындалсын.
2-жүргізуші: Қайырлы күн,
оқушылар!
«Төл
теңге» атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Теңге туралы презентация
көрсетіледі.
Кіріспе
сөз:
Тәуелсіздік алған елдің ең бір
айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының
төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР
Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша
күні таңертең сағат 8:00 ден бастап
енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар
4,75 теңге болып бекітілді.
Тарихи
толғау
1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың
желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес
мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта —
теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің
экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала
бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы
жасақталды. Теңгенің авторы болу
бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам
шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин
мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне
тиді.
2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған.
Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр
билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда
жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің
мәнеті айналыста
болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар
қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және
Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың
«тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан.
Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы
шеберханаларда жасаған.
2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық
банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші
бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай,
Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде
ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур
Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла
Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД
елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның
әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын
банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия
қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау
технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия
белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай
алмайсыз.
2-жүргізуші: Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы
Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі
Монета сарайында
шығарылады.
1-жүргізуші: Біз не туралы тыңдадық, қандай
презентациялық слайдтар тамашаладық? ..... Олай болса, бүінгі
сайысымыз ұлттық валютамыз теңгеге байланысты болмақ. (презентация
арқылы сайыс кезеңдері
таныстырылады)
Енді қазылар алқасын сайлап
алайық.
Қазылар
алқасы:
1.
2.
(Қатысушы топтар: сынып
екіге бөлінеді)
Әрбір топ өзінің
қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің
ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені. Біз топтарға ат
қоямыз.
Жүргізуші: Жеңістерден көріну ұрандары,
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі.
Өнерлерін ортаға шығармақшы,
Ортамызда «Тиын» және «Табыс»
қырандары.
1.Күй Орындайтын Онгарбеккызы
Шолпан
Сайыс 6 кезеңнен
тұрады.
1.«Кім жүйрік
атты» кезеңінде әр топ 12 сұраққа
жауап беруі тиіс . Әр жауап 1
балл
2.«Әр елде — өз валютасы »
(әр мемлекеттің валюталарын табады)
3.Теңге туралы мақалдар
сайысы.
4. «Тақпақшылар» сайысы (ақша
туралы өлең шумақтарын айту)
5.« Кім жылдам»
сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді экономикалық
мәнді сөз шығатындай етіп жазу
керек.
6. «Кім көп біледі?» атты топ
басшылары сайысы .
І кезең «Кім
жүйрік?»
«Кім жүйрік
атты» бірінші кезеңіміз басталды. Бұл кезеңде әр топ 12 сұраққа
жауап беруі тиіс . Әр жауап 1
балл
«Табыс»
тобына
1.Казақстан Республикасының
влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан —
Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені
білдіреді-Бартер
10. Теңгенің авторлары
- Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін,
А.Дүзелханов
11. Ең бірінші теңгенің долларға қарағанда
бағамы - 1 АҚШ $ 4,75
теңге
12.«Теңге» сөзі қайдан шыққан?
(Орта ғасырдағы түрік күміс монеталарының «таньга» атауынан
)
«Тиын»
тобына
1.Мемлекеттік банк шығаратын ,
айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы
жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі
Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Туған айы, күні, жылы -
15.11.1993
10. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген
Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай,
Әбілхайыр, Абылайхан
11. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда
бағамы - 1доллар-370
теңге
12.Қазақстанда банкноттық фабрика қай жылы салынды?
(1995жылы)
ІІ
кезең «Әр елде — өз
валютасы »
а) «Табыс»
Италия
– лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/
Ресейде
-/рубль/
Германияда —
/марка/
Америкада — /
доллар/
б) « Тиын»
Ұлыбританияда-/фунт/
Украинада
—
/гривна/
Қытайда —
/ юань/
Тәжікстанда —
/манат/
Өзбекстанда —
/сум/
Түркияда -/ лира
/
Латвияда — / лат /
Кореяда — / йена
/
ІІІ
кезең: Теңге туралы мақалдар
сайысы.
1.Жүз теңген
болғанша,
Жүз досын
болсын.
2.Мал баққанға, ақша адалдан
тапқанға бітеді.
3.Тегін тапқан
теңгеден,
Тер шығарған тиын
артық.
4.Ақша санағанды, ал нан
шақтап турағанды ұнатады.
5. Ақша төлегеннің алқымы
үлкен.
6. Алаған қолым –
береген,
Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп
аласыз.
7. Ақылмен алтын
табылар,
Алтынмен ақыл
табылмас.
8. Фәнидегі басты парызың –
қайырым садақа,
Оны ұмытсаң өзің де
ұмытыласын.
ҮІ кезең: «Тақпақшылар»
сайысы
«Теңгемін,
теңгемін!»
Қазақ деген
елденмін.
Тәуелсіздік –
тұғырым,
Жарқын менің
ғұмырым!
Теңге, теңге,
теңгелер,
Теңге адамға дем
берер.
Тіршіліктің
арбасы,
Теңгеменен
дөңгелер.
Түні нұрлы, ақ
таңы,
Жері гүлдей
бақтағы.
Ел ырысы –
тайқазан,
Төл теңгеміз
қақпағы.
Қазынамыз
толығып,
Болсын дәйім жолы
құт!
«Төл теңге – ел
тірегі!»
Деп құрметтер оны
жұрт.
Міне, бүгін
теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан
«олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге
арқасында келешек,
Елге келер
тойымшылық, берекем.
Теңгемнің
беттерінде данышпандар,
Халқының қамын
ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби,
Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да
теңгемізге бауыр басқан.
Әр адамның
жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын
тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз
теңгеміз болады,
Өз теңгемнен
құралады үлкен іс.
Түні нұрлы, ақ
таңы,
Жері гүлдей
бақтағы.
Ел ырысы –
тайқазан,
Төл теңгеміз
қақпағы.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш
рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі
деп.
Бейнеленген хан, ақын,
ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды
сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге
деген,
Құт береке болшы бір елге
келген.
Өз туы елтаңба, гимні
бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде
неден.
Алла берсін берекесін
теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла
пендеңнің.
Ел
басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз,
Қазақ деген елденбіз.
Ү
«Кім
жылдам»
сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді
экономикалық мәнді сөз шығатындай етіп жазу
керек.
«Табыс»
тобына:
1.АРБСЙЫА –
АЙЫРБАС.
2.ЫҚАНР –
НАРЫҚ.
3.УШЫТНҰЫТ –
ТҰТЫНУШЫ.
4. ЕНСИЕ –
НЕСИЕ
5. ІШӨІУНДР -
ӨНДІРУШІ.
6. ЕГТҢЕ – ТЕҢГЕ
.
«Тиын»
тобына:
ТІКҚЕЖАЛІТ –
ҚАЖЕТТІЛІК
МКЭНОАКОИ –
ЭКОНОМИКА
ЛҚАЫС –
САЛЫҚ.
АУСДА –
САУДА
АЮВТЛА-
ВАЛЮТА.
ҰАСНРСЫ –
СҰРАНЫС.
ҮІ кезең «Кім көп біледі?»
атты топ басшылары сайысы
«Табыс» тобының
жетекшісіне:
1) Ақша тарихын зерттейтін
ғылым? (Нумизматика)
2) Мемлекеттен қарызға алынған ақша не деп
аталады? (несие)
3) Қазақстан Республикасының валютасы.
(теңге)
4) Теңгеде неше қорғаныш белгісі бар? (16
қорғаныш белгісі)
«Тиын» тобының
жетекшісіне:
1) Теңгенің ең алғашқы нұсқасы қай елде жасалынып
шықты? (Англияда)
2) Еліміздегі ең жоғарғы банк қай банк?
(Қазақстан Ұлттық Банк)
3) Инфляция дегеніміз не? (ақшаның
құнсыздануы)
4) Сауда түрлері? (ішкі, сыртқы
сауда)
Әр кезеңнен кейін ұпай сандары хабарланып
отырады.
Қорытынды кезең: Жеңіскерлерді анықтап
хабарлау. Қорытынды (мұғалім
сөзі): – Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық
валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен
қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра
түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22
жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар
асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан
республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп
тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі
бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір
тілеймін. Назарларыңызға рақмет!