Шахмат нотациясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шахмат нотациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шахмат нотациясы арқылы шахмат үйірмесінде оқушылар шахмат фигураларының жүрістерін қағазға түсіріп жазуға үйренеді.Оның негізгі мақсаты ойыннан кейін оқушылар партия барысында жіберген қателерімен жұмыс жасау үшін.Осы сабақ барысында балалар шахматтағы толық және қысқа нотация жазып үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шахмат нотациясы.

Сабақтың мақсаты:


1. Жүрген жүрісті жазу ережелерін меңгеру

2.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас

Керекті құралдар:шахмат тақтасы,дәптер


Ұйымдастыру:

1.Өткен сабақтарды қайталау(сұрақ-жауап)

2.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсат, міндеттерін айтып ,жаңа сабақты түсіндіру


Сабақтың барысы:

Өткен сабақтарда біз шахмат ойыны туралы терең мағлұмат алғанбыз,бүгін қайталап өтейік сосын жаңа сабақты бастаймыз.


Шахмат ойынының шығу тарихына тоқталып кетейік:

Шахмат ойыны алғашқы рет Үндістанда шыққан , Шах(патша), мат(құлады)немесе патша тақтан құлады деген мағынаны білдіреді.


Сұрақ:


-Шахмат ойынының мақсаты не?

Шахмат ойыны адамның ойлау қабылетін арттырып ,ой-өрісін дамытады.


-Шахмат тақтасы туралы не білесіздер?

Шахмат тақтасы 64 кішкениай шаршыдан құралған үлкен шаршы оның 32- ақ, 32-қара шаршы ;вертикаль, горизонталь, диагональ шаршылардан тұрады


-шахмат тақтасында неше ойыншы ойнайды?

2 ойыншы: біреуі ақ,екіншісі қара түсті фигурамен ойнайды.

-Әр ойыншыда қанша фигура бар?

16-ты фигурадан,оның 1 Кр,1ферз,2Ладья,2Піл,2Ат,8пешка

-сонда шахмат тақтасында неше фигура ойналады?

-32фигура.

-Шах дегеніміз не?

- Шах дегеніміз қарсылас ойыншының корольға пешкамен немесе фигурамен тікелей шабуыл жасауы.


-Мат дегеніміз не?

-Мат дегеніміз қарсылас фигуралардің шабуылынан кейн корольдің қорғану мүмкүндігі жоқ жағдайды айтамыз


-Рокировка дегенді кім біледі?


-Бір жүрісте 2 фигурамен (король,ладья)жүрген жағдайды айтады.оның 2 түрі бар: қысқа, ұзын.


-алғашқы позиция дегенді қалай түсінесіздер?

Шахмат тақтасында фигуралардың алғашқы орналасуын айтамыз.


Енді осы фигуралардың жүрісін,жеу жолдарын,олардың қысқаша белгілерін тақтада көрсетейік:

Кр-король,Ф-ферз,Л-ладья,П-піл,А-ат,пешкалар.

Демек, шахмат ойыны столда шахмат тақтасында 64 шаршыдан тұратын(32-ақ,32-қара)әр адамда 16 фигурасы бар(ақ және қара түсті)ойын. Шахмат ойыны бір ойыншы екінші ойыншыға мат қоюмен немесе патпен аяқталатын 2 адамдық ойын.


Өткен сабақты қайталап ,еске түсірдік енді жаңа сабақтың тақырыбын жазайық

ШАХМАТ НОТАЦИЯСЫ.


Жасалған жүрісті жазу ережесін шахмат нотациясы деп атайды.

Мысалы, сіздер аталарыңмен немесе папаларыңмен шахмат ойнап отырсыздар,ойын енді қызып келгенде ұйықтайтын уақыт болады немесе тамаққа шақырады және шахматты жинауға бұйрық береді. не істейсін? Жинап тастасаң- ойын аяқталмады,жинамайын десең анаң ұрсып жатыр. Осы кезде бізге нотация көмек береді немесе фигуралардың орналасып тұрған орнын жазып қоюымызға болады және келесі күні осы ойынды әрі қарай жалғастыруымызға болады.

Тақтаға қараңыздар: көлденең әріппен белгіленген-оларды көше деп алайық және олар вертикаль шаршылар деп аталады,шахмат тақтасының вертикаль бойымен сандар көрсетілген олар горизонталь шаршылары деп аталады. Вертикаль шаршыны көше, ал горизонталь шаршыны үй№ деп алатын болсақ , әр шаршының өзінің ұясында аты болады.Мысалы , осы отырған бәріміздің азан шақырып қойған атымыз, тұратын уйіміздің көшесі,№ бар.Сол сияқты шахмат тақтасында әрбір фигураның өзінің орналасу орны бар(Кр е1,е8;Фd1,d8;ладья h1,h8;).

Тақтадан әрбір фигуралардың орналасу орындарын көрсету (пешка а-көшесі 2-үйде тұрады )т.с.с

Енді осы фигуралардың жүру ,жеу т.б жолдарын қысқаша белгілеу ережелерімен танысайық:


- жүру

: жеу

+ шах

++ қосалқы шах

0-0қысқа рокировка

0-0-0 ұзын рокировка

! - әдемі жүріс

!!-өте әдемі жүріс

?- нашар жүріс

??-өте нашар жүріс

X- мат.

Мысалы: а2 тұрған пешканы а4-ке жүрдік делік, оны толық қағазға түсіру үшін былай жазамыз а2- а4; d4 тұрған пешка е5 тұрған пешканы алады оны қысқаша былай жазылады d4:е5 немесе de ;

Фа4+ ферзь а4-ке барып корольге Кр-ге шах қойды дегенді білдіреді.

Тақтадан фигураларды көрсетіп, орналасқан орнын ,жеү,жүру, шах қою, рокировка жасау ережелерін ауызша қайталау.


Есте сақта!


20-шілде шахмат күні.


Сабақты бекіту сұрақтары:


1. Нотация дегеніміз не?

2. Нотация не үшін қажет?

Тапсырма: 1. оқушылар бір-бірімен ойнап ,жасаған жүрістерін дәптерге түсіріп отыру.


Үйге тапсырма:1) Қысқа нотация ережелерін жаттау.

2) Толық жазу ережелерін жақсы меңгеру үшін әрбір ойнаған партияны жазып отырып үйрену.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2021
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі