Материалдар / Шахмат ойыны – патшалар әлемі.Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шахмат ойыны – патшалар әлемі.Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Шахмат әлеміне жасөспірімдерді баулу , балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы деп білемін. Зеректілікпен қатар жылдамдықты талап етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
620
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК қосымша білім беру педагогы

Шахмат ойыны патшалар әлемі

Шахмат әлеміне жасөспірімдерді баулу , балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы деп білемін. Зеректілікпен қатар жылдамдықты талап етеді.Ойын барысында тез шешім қабылдап, қарсыластың қақпанына түсіп қалмауы керек. Шахмат логикалық ойды дамытатын спорт түрі десек қателеспейміз. Терең ойлаумен есептеуді қажет ететін шахмат жасөспірімдердің жаратылыстану пәндерін игеруге пайдасы мол.Мұндай ойынды игерген балалардың көбісі сабақты жақсы оқыйды. Бұл спорт түрі есте сақтау қабілетін арттырып, сабырлы болуға үйретеді.

Шахматты үйрену қыйын емес қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы видеосабақтар, компьютермен ойнап меңгеруге болады , әйтседе жетістікке жету үшін бағыт бағдар беретін жаттықтырушының орны бөлек болып келеді.Ол сіздің мүмкіншілігіңізді байқауға көмектеседі. Шахматта өз форманда сақтап тұру үшін күніне 40минут ойнау жеткілікті деп есептеймін, ал оданда зор жетістікке жетуді қаласаңыз көбірек жаттыққан дұрыс. Әр баланың ойлау қабілеті әр-түрлі сол себептен шахмат ойынын әрі қарай алып кету ойлау қабілетіне тікелей байланысты болып келеді. Алғыр балалар тез үйренеді. Ойлау қабілеті төмендеу балалар көбінесе фигуралардың жүрістерін жетік меңгеріп, патшаға мат қоюды түсінбей фигуралардың салыстырмалы күшіне қарамастан ауыстырып, көп фигура алып жеңіске жеттім деп ойлайды. Осындай балаларға қызықтыратындай материалдар дайындап мұқият түсіндіру қажет. Балаларды жалықтырып алмауымыз керек. Балалардың қызығушылығын арттырып, есептер және дебюттермен көбірек жұмыс жасаған дұрыс. Практика жүзінде көбірек дайындалған жөн деп ойлаймын. Балаларды әр-түрлі турнирлерге қатыстырып тәжірибе алмастырғаны дұрыс. Себебі балалар тәжербие арқылы шындалады.

Шахмат ойынының шығармашылық мазмұны бай, оның үлкен тәрбиелік маңызы зор. Балдырғандардың ақыл-ойы дамыған, салауатты өмірдің лайықты азамат пен азаматшалары болып өсуіне шахмат ойынының үлесі зор деп білемін.



Сметова Н.А



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!