Материалдар / "Шайдың адам ағзасына пайдасы мен зияны" ғылыми жоба (3-сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шайдың адам ағзасына пайдасы мен зияны" ғылыми жоба (3-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба. Шайдың адам ағзасына пайдасы мен зияны деген тақырыпта.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2576
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Кіріспе


І.Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Су жер бетінде ең көп тараған сұйық зат. Біздің жершарымыздың 3/2 бөлігін, мұхит, теңіз, өзен түрінде алып жатыр. Адам ағзасының да 3/2бөлігі судан тұрады. Ол тірі ағзалардың барлығының өмір сүруі үшін қажет болып табылады. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай шай да пайда болды.                                           

Қазақ – шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен емдік қасиеті аз емес көрінеді. Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Бірақ біз шайды сонау ерте заманнан бері ішіп келе жатсақ-та , бұл  сусын туралы тым қарапайым  нәрсенің өзін, мысалға,  оны қалай дұрыс демдеуді де біле бермейміз.  Бұл онша жеңіл-желпі  қарайтын мәселе емес . Менің достарым шайды әр түрлі бағалайды. Шөлді басатын сусын десе, біреуері шай дастарханда бас қосу белгісі деп есептейді. Шайдың өзінің ерекше бір тарихы бар. Ол Қытай елінен келген.

Менің зерттеу жұмысыммен толық таныссаңыздар, онда шайдың адам өміріне деген қажеттілігі және пайдасы мен зияны туралы білесіздер.

Мынадай екі гипотеза ұсынамын:

Шай – адам денсаулығына пайдалы.

Шай – адам ағзасына зиян.

Зерттеу кезеңдері:

  • Зерттеуге алынған тақырыпқа анықтама беру;

  • Ғылыми теориялық әдебиеттер мен ғаламтор дерек көздерінен алынған мәліметтерді жүйелеу, жинақтау, талдау;

  • Талдау нәтижелеріне қарап, зерттеу жүргізу;

  • Ғылыми жобаны жазу;

Зерттеу объектісі: қара шай, көк шай, каркаде ( фито шайлар)


Зерттеу пәні: қолданбалы биология.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер:


Теориялық әдістер

Әдебиеттермен жұмыс

Сауалнама жұмыс түрлері.

Тәжірибе жұмыстары.

Бақылау.

Компьютерде әрлеу.
• сауалнама нәтижелерін өңдеу;

Зерттеу жұмысының практикалық бағыттылығы: Шайдың адам ағзасына пайдасы мен зияны қандай деген сұраққа жауап қарастыруымызда. Мектеп оқушыларының функцианалдық сауаттылығын арттыруға үлес қосуымызда.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Ауылдық жердегі оқушылардың функцианалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер, дәйектер беру.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы : Адам денсаулығына шайдың әсері мен салдарын білудің маңыздылығын ашу;

Жобаның зерттеу кезеңдері:

Жобамызды жазу үшін келесі кезеңдерден өттік. Алдымен таңдалып алынған тақырыптың тірек ұғымына жалпы түрде анықтама береміз.

Содан кейін ғылыми теориялық әдебиеттер мен ғаламтор дерек көздерінен алынған мәліметтерді жүйелейміз, жинақтамыз, талдаймыз.

Осы талдау нәтижелеріне қарап, зерттеу жүргізу үшін мектеп оқушылары арасында сауалнама аламыз, шай туралы қорытынды жасаймыз.

Тәжірибе ретінде зерттеу жүргіземіз.

Зерттеу жұмысының практикалық бағыттылығы: Шайдың пайдасы мен зияны қандай деген сұраққа жауап қарастырамыз. Мектеп оқушыларының функцианалдық сауаттылығын арттыруға үлес қосамыз.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:. Сауалнама нәтижесі бойынша қарпайым халыққа жеңіл тілде кеңестер мен ұсыныстар топтамасын құрамыз.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы : Адам денсаулығына шайлардың әсері мен салдарын білудің маңыздылығын ашу;






















I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ШАЙДЫҢ ТАРИХЫ


1.1. Шай тарихын білу.

Шайдың отаны-Қытай делінген. Шай-мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын.  Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда  «ақ кірпікшелер» дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта    байха сөзі үгітілген денег мағынаны білдіреді.

Алдымен Қытай  шай өндірушілерден жалғыз  ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген.  Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған. 

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен.

Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

 

 


































1.2. Шай түрі, құрамы                          

Бүкіләлемдік шай өнідірісінң 95 пайызы қара шай үлесіне тиеді. Оның хош иісі, тіл үйірер дәмі болады, сондықтан, көпшілігі осы шайды ұнатады.

Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылады деп есептеңіз.

Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300 – 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті. Жапы-рақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәр-демдеседі.

Қызыл шай – (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы.

Қара –пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасынды жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған!

Пуэр – уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.

Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі.

Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады.

Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп, 3-5 грамнан түйіршіктеп престейді.

Шай өсіру орнына қарай: қытай, үнді, цейлон, грузин және краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындалады. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды










































II Бөлім. Адам денсаулығы мен шайдың пайдасы мен зияны.

2.1. Шайдың адам ағзасына әсері. 


Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады.

Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады.

Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай қа-сық мөлшеріндегі жүзім шарабы) тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, коньюктивит кезінде көзді жууға болады.

Жас шай жапырағының шы-рынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы кө- мектеседі.

Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді.

Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа  пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылған-да, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы.

Кешегі шаймен көзді сүрт-се, қызарғаны басылады. Та-ңертеңгі және кешкі тіс таза-лар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.

Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді.

Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады.

Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.

Жақсы өскен шай жапы-рағында С,В1,В2,А,Р дәрумен-дері бар деп, оны бет – алды іше берсең, шай өңінді өзгертіп, ұйқыңды қашырады.

Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамын-дағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қы-сымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады, Сізге онша әсер етпейді.

Шайды асықпай, ұрттап іш-се ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды.

Шай тұнбасындағы Р дә-румені адам ағзасына С дә- руменінің жақсы сіңуіне көмектеседі.

С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.

Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Көк шайдың пайдасы Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуі- не ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

2.2. Біздің мектептегі оқушылардың шайдың адам ағзасына пайдасы мен зиянын білесіңдерме? Соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.


Біз мектеп оқушыларының қанша бөлігі газдалған су ішеді екен соны анықтау үшін, 1-4 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргіздік.

68 оқушыдан сауалнамалар алынып, оның қорытындысы шығарылды.


Сен қандай шайды ішесің?

Қара шай – 62

Көк шай – 6

Каркаде-0


Шайды қалай ішкенді ұнатасың?

«Қою қылып» - 60

«Сұйық қылып» - 8



Күніне қанша кесе ішесің?

1 - 2 кесе – 12

3 - 4 кесе – 26

Көп – 30


Шайды қалай ішкенді ұнатасың?

Өте ыстық – 18

Орташа – 36

Салқын - 24


Шайды ішу пайда әкеле ме жоқпа??

Иә – 25

Жоқ – 10

Білмеймін-33



Біздің мектептегі оқушылардың шайдың қандай түрлерін пайдаланады және шайдың адам ағзасына пайдасы мен зиянын біледі ме?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Ғылыми жоба жұмысын бастағаннан кейін 1- 4 сынып оқушылары арасында, осы сұраққа жауап табу мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, шайдың адам денсаулығына ешқандай пайдасы мен зияны бар екенін білемей тұрса да, оқушылардың 93% шайды , қара шайды пайдаланады екен.



2.3. Шайды даярлау әдісі                    

        5 мың жыл бұрын Қытай императоры орманда демалып жүріп, ішу үшін су қайнатуын бұйырады.  Кенеттен жел тұрып кесеге бірнеше шайдың жапырақтары түсіп кетеді. Император сусынды ішіп, өзін сергек сезінді. Осылай шай ішу дәстүрі басталған.

ірлеудің ең басты құпиясын білетін адам туралы мынадай бір шай анекдоты бар. Шай әзірлеу құпиясын ашуға мәжбүр болған ол не бәрі: «Шайды көбірек салыңыздар» деген үш-ақ сөз айтыпты.

Шай шығарғанда ерекше бап керек. Ең алдымен, шайдың өзі жақсы болсын, бірақ жұрт ойлайтындай, оның үнді шайы болуы міндетті емес. Ең бастысы-дұрыс сақталған шай болсын. Үшіншіден, шай қайнатуға ерекше су керек.

Шайнекті қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стакан суға 1 шай қасық) салып үстіне қайнап тұрған суды, әуелі шайнектің 1/3 мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып, бұқтырып алғаннан кейін шайнекті бүркеп, (сүлгімен), 5-7 минутта тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шайдың түбіне толық тұнса, онда оның әзір болғаны. Бұқтырылған шайды қыздыруға не қайнатуға, келесі күні шамасына шай қосып шығаруға болмайды. Шайға ас содасын не күйдірілген қант қосуға болмайды, себебі одан дәмі нашарлайды. Егер  шайға жаңадан қайнатылған судың орнына, тұрыңқырап қалған жылы су құйса да дәмсіз болады.

Шайды фарфор не фаянс шәйнекте шығарған жөн. Металл шәйнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды.

Дұрыс қайнатылмаған шай тек пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды болады.

Орыс халқында басқадай қайнаған тұнбаларды (итмұрын, бүлдірген, таңқурай) шай деп атайды. Олардың көпшілігі емдік-дәрі-дәрмек ретінде қолданылады (суық тигенде-кептірілген таңқурай тұнбасы, бүйрек ауырғанда-ти бүлдірген жапырағының тұнбасы.












2.4.  Шай тыйымы       

Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.

  • Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды.

  • Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.

  • Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

  • Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

  • Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыны аяғы болады.














2.5. Шайдың пайдасы мен емдік қасиеттері.


Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршаған нан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем.

Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.
Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспала рының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.
Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.
Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.
Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.

Көк шайдың пайдасы

Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жан- ын сергітіп сейілтеді.Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәру мендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретін- де емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұн – ба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін поли – фенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы.

Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықты – рады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

 

 

















ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.


Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Өз сыныптастарымнан шай туралы не білетіндрін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Дүниетану сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға шайдың өте маңызды сусын екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын.

Осы тақырыпты таңдамай тұрып,мені мазалағаны неге шайды адамдар жақсы көреді,оны ішпесе неге бастары ауырады деген сұрақтар.Осы тақырыпты алып,оны зерттеу барысында осы сұрақтарыма жауап таптым.  «Шай тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін» қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар.  Шәй – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, күткенде уақытты азайтатын пайдалы құрал да болып саналады екен.. Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шәй ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шәй ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады.

Әрбір адам және бала үй жағдайында шәй ұсынудың қыр-сырын жақсы білу керек.. Ол үшін ең бастысы: таза әрі бүтін ыдыс, қыртысы жазылған дастархан, қант, лимон, сүт немесе қаймақ, тәтті бәліштер мен жылы шырай керек. Сіздің үйіңізде аталғандардың барлығы болса, кез-келгенге «шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен» деуге болады.

Жұмысымның соңында Қадыр Мырзалиев « Қызыл шай және қызық әңгіме» –деген өлеңімен аяқтағым келеді.

Қызыл шай және қызық

Шайдың көркі — қаймақ емес,

Шынында,

Шайдың көркі — қызғылықты әңгіме.        



Қолданылған әдебиеттер.


1. Ғаламтор материалдары: АСТАНА. Қаз Ақпарат;Сауле Диханбаева

2. Тамақ өнімдерінің технологиясы : оқу құрал / Айтбек Қалиевич Какимов,

Нурлан Оразханович Тусипов, Аман Еренгалиевич Еренгалиев, Сергей

Львович Масленников. – Семей : Шәкәрім атын. СМУ, 2008. – 204 б. ; 20 см. –

500 дана. – ISBN 9965-887-34-9.
3.  Валеология : оқу құрал / Әділханов Әлмұхамед Сәрсенбаевич, Жаңабердиева

Күлзифа Әбілқасымовна, Брусенко Зора Григорьевна. – Алматы : Алматы

кітап. ААҚ, 2004. -134 б. 20 см. – 10 000 дана. ISBN 9965 – 24 -247.]

4. «Экология в мастерских». Белова Н.И., Наумова Н.Н.

5. Журнал «Биология мектепте», № 3,2001 г.

6. Газета «Биология», № 44, 2002 г.,статья «Информированность населения о

пищевых добавках»

7. Статиялар жинағы «Искусственная пища».

8. Научно – методический журнал «Классный руководитель», № 4, 2004 г.,

ст. «Как сохранить здоровье».

9. Бастауыш мектеп №6, 2013жыл

10. Республикалық «Ойла» балалар журналы №1, 2015ж

11. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

12. Булдаков А.С. Пищевые добавки, Москва 1999 г

13 .Матюхин З.П. Тамақтану.гигиена және физиология негіздері Просвещение 1999 ж

14. «Айқын» газеті №233. 2010 ж. 15 желтоқсан

237. 2010 ж. 29 желтоқсан

179. 2010 ж. 23 желтоқсан

227. 2010 ж. 7 желтоқсан

15. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 8 том Алматы, 2006 ж

16. Череватова Н.К. «Экотоксикология»

17. Болотов В.М. «Пишевые красители: классификация,свойства, анализ, применение» Гиорд, 2003 г

18. В.П. Исупов «Пищевые добавки пряности», Гиорд, 2000 г

19. Рогов И.А. «Химия пищи», Колос. 2002 г

20. Сарафанова Л.А.»Применение пищевых добавок в кондитерской промышленности», Профессия, 2003

21.  В. В. Похлёбкин.  Шай және оның тарихы,құрамы,

22.Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

 23.Ана тілі хрестоматиясы 3-сынып

 24.«Мөлдір бұлақ» журналы 3/2010ж

 25.«Айгөлек» журналы 5/2008ж

 26.«Ұлан»газеті беттерінен

 27.Интернет көмегі




ҚОСЫМША


Дәрігер апаймен бірлесіп жұмыс істеудеміз.

Picture 1

Picture 2





Кітапханада ізденіс жұмыстарымен айналысқан сәт!

Picture 4 Picture 3

16


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!