Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі» хикаяты. Аян бейнесі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі» хикаяты. Аян бейнесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға хикаяттың негізгі оқиға желісін меңгерту, шығарманы жазуға себеп болған жағдайлар арқылы басты кейіпкердің бейнесін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы,Темір ауданы

2 Шұбарқұдық қазақ- орыс орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Көптілеуова Күнсұлу Сабитовна.

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі» хикаяты. Аян бейнесі.

7а-сыныбы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хикаяттың негізгі оқиға желісін меңгерту, шығарманы жазуға себеп болған жағдайлар арқылы басты кейіпкердің бейнесін ашу.

Күтілетін нәтижелер:

Жазушы шығармасы туралы мәлімет алады;

Шығарманы өздігінен талдай алады:

Өздері осы тақырып төңірегінде ойларын топтастырады

Басты кейіпкердің бейнесін аша алады.

Бағалау дағдысы қалыптасады;

Сабақ кезеңдері:

Ұйымдастыру бөлімі. . Топқа бөлу. «Майдан»,» «Ауыл тұрғындары» , «Балалар» деп қағаз қиындыларына жазып, әрқайсысына таратады.

Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындылары бойынша , бірыңғай топтасады.Топ басшысы сайланады.Бағалау парақтары үлестіріледі.

Тренинг.

Әр топ қолдарынан ұстап,шеңбер құрады да,жақсы тілек айтады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жетекші сұрақ қояды. Не себепті топтар осылай аталған? Топтың атауын шығарма мазмұнымен байланыстырады. Ауыл тұрғындарының өмірі , соғыс кезі, жазушының балалық шағы қамтылады.

Қызығушылықты ояту

Суреттегі бейнеленген оқиға желісі сіздерге таныс па?

Хикаяттың мазмұны бойынша салынған иллюстрациялар ұсынылады. ( Аянның алғаш ауылға келгендегі бейнесі.Балаладың ортасында ертегі

айтып отырған суреті ,пештің түбінде жатқан аянышты халі, балалар үйіне кетіп бара жатқандағы Есікбайдың соңынан жүгіріп бара жатқан суреттері).

Мағынаны тану. 1-тапсырма. Сценарий жазылған тапсырмалар.

Хикаяттың мазмұны бойынша көрініс сценарий ұсынады,оқып танысып,көрініс қою беріледі. Аянның ағасының пальтосынан жусан иісі не себепті шығатынын баяндайды.Асылбек қартқа келуі, Балалардың колхоз жұмысында еңбену сәттерін бейнелейді. Бейнелерді сомдайды.

2-тапсырма.Ұлы Отан соғысы туралы бейнежазба( хроника) көрсетіледі. Шығарманың тарихи оқиғамен байланысын талқылайды, айтады.

3-тапсырма. Майданға хат жазу. Оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай, жеке орындайды. Берілген уақыт аяқталған соң, талдайды,оқиды.

4-тапсырма. Мұғалім: Оқушылар, Аян хатпен бірге майдандағы ағасына туған жерден сәлемдеме салды, ол не деп ойлайсыңдар? - деп үшбұрышты хат көрсетеді. Балалар өз ойларын айта келе табады, хаттан бір түп жусан шығады.Балалар бұл нені білдіретінін талдайды.



Ойтолғаныс.

Қиыстыру кілттері стратегиясы. Үйдің суреті, күннің суреті, ұшақтың суреті беріледі. Күн бейбітшілікті бейнелейді,ол кезде бейбіт өмір болмады, соғыс болды, Аянның үйі жоқ, үй отбасын,қамқорлықты,қорған болуды бейнелейді,ұшақ

ты бала арманымен, қиялымен, Аянның қиял- ғажайып ертегілерімен байланыстырады.

Бағалау. Топ басшысы жауап берген баланың тұсына қатысымына қарай кезең сайын белгі қойып отырады . Топ басшысы бағаларын кезеңдер бойынша жинақтап, бағаларын қойып, хабарлайды.

Үйге тапсырма: Шығармадағы Аянның тағдырын өз беттерінше аяқтау. « Баяғыда бір жетім бала болыпты...»











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі