Материалдар / Сайыс 1-4 сыныптар Тақырыбы:Қызықты грамматика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс 1-4 сыныптар Тақырыбы:Қызықты грамматика

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Қызықты грамматика» Мақсаты: - оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; - тілдерін дамыту; - оқушыларды қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру. Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, тіл туралы мақал-мәтелдер, үнтаспа, үлестірме материалдар, тақта.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2020
1829
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қызықты грамматика»

Мақсаты: - оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау;

-   тілдерін дамыту;

-  оқушыларды қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, тіл туралы мақал-мәтелдер, үнтаспа, үлестірме материалдар, тақта.

Сабақтың түрі: сайыс.

 І.Ұйымдастыру кезеңі. Әрсыныпты өз топтарымен сәйкес орналастырып, қолайлы жағдай туғызу.

 

Сайыстың барысы:

 1-жүргізуші:.

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

    Ана тілі – қазақ халқының мемлекеттік тілі, яғни дамыған, бай, икемді тілдің бірі – қазақ тілі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас, - деп, Байділда Сарноғаев сіздерді ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

     Осымен «Қызықты грамматика» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Біріншіден, ойынды бастамас бұрын, сіздер өздеріңізді таныстырып кетсеңіздер.  Әр қатысушы өзін мемлекеттік тілде таныстырады.

 

1-жүргізуші: Жақсы, жарайсыңдар! Ал енді мен сіздерді әділ қазылармен таныстыру

 ІІ.Ойын шарттары.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ойыншылар, ойын шарттарымен таныс болайық:

1. Ойын 7 кезеңнен және жүлде ойыннан тұрады;

- 1-кезең «Жарыса 25 сұраққа жауап беру;

- 2-кезең «Құрастырушы» - мақал-мәтелдердің сыңарын табу керек;

- 3-кезең»Екі жақтылы мағыналы сөз» уақытқа (есек-кесе) сөздерді жазу;

- 4-кезең «ҚОНАҚЖАЙЛЫҚТАРЫҢЫЗБЕН» сөзінен  тек зат есімдерді құрастыру.

- 5-кезең «Сөз баспалдағы» - сөздердің аудармасын жазу;

- 6-кезең «Бұл кім?» мәтіннен кім екенін анықтау;

- Жүлде ойыны «Абайдың қара сөзінің мазмұнын айту».

2. Әр тапсырма 5 ұпай бойынша бағаланады;

3. Әр тур сайын ең аз ұпай жинаған 3 ойыншы ойыннан шығуға мәжбүр болады;

4. Берілген сұрақтарға қолдарыңды көтеріп жауап беру керек;

5. Сайыстың жүлдегеріне жүлде ойыны ұсынылады, ол ойыншының қалауы бойынша.- Міне шарттарымен де таныстық, сіздерге айтарым, қатысушылар, сәт-сапар!

 ІІІ. Ойынның жүру барысы:

1-жүргізуші: Ал, сайыскерлер берілетін сұраққа жауап дайындаңыздар.

 1-кезең. «Жарыс» 25 сұраққа жауап беру.

- Мемлекеттік тіліміз қандай және қай жылы қабылданған?

- Үш бәйтерек кім?

- Абай қай руынан?

- Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы?

- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

- Буынның неше түрі бар? Ата.

- Балалар әдебиетінің атасы?

- Жақсы сөз - ......

- 11 «А» сынып жетекшісі?

- Тіл ғылымының атасы?

- «Білімді» сөзіне антоним?

- Құмайда бар, суда жоқ.

   Тұманда бар, буда жоқ. (Ұ - әрпі)

- Биікте бар, ойда жоқ,

  Киікте бар, қойда жоқ. (иі-дыбыстары)

- «Ер жүрек» тұрақты сөзіне антоним?

- Сын есім дегеніміз не?

- Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата?

- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Алфавиттегі алтыншы әріпті ата?

- Грамматика нешеге бөлінеді, ата?

- Қай әріптерден, дыбыстардан сөздер жазылмайды?

- «Дәптер,гүл, күл» осындағы омоним сөзі қайсысы?

- Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері?

- Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

- Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар, ата?

 

    Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.

 2-кезең. «Құрастырушы» - мақал-мәтелдердің сыңарын табу.

 

1.     Жақсы сөз жан семіртеді.

2.     Сөз тапқанға қолқа жоқ.

3.     Тіл – қылыштан да өткір.

4.     Тілін білмеген – түбін білмейді.

5.     Оқу – инемен құдық қазғандай.

6.     Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.

7.     Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

8.     Жақсы сөз – жарым ырыс.

9.     Аталы сөз – баталы сөз.

10. Өнер алды – қызыл тіл.

 

     Әділ қазыларға сөз беріледі. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығып кетеді.

 

3-кезең. «Екі жақтылы мағыналы сөз».

    Мысалы: надан-надан, алаш-шала, есек-кесе, т.б. Бірақ ата, ана, апа, т.с.с. сөздер жатпайды.

2-жүргізуші: Ойыншылар жазып жатқанша, көрермендеріміз тақтағы мақал-мәтелдердің мағынасын талдасын.

 Мақал-мәтелдер:

    Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл,

Ең қатты да тіл, ең жұмсақ та тіл.

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Тіл – халқының жаны.

Ақылдасының сөзін сыйласа, жасы үлкеннің өзін сыйла. т.б.

 

4-кезең: «ҚОНАҚЖАЙЛЫҚТАРЫҢЫЗБЕН» сөзінен тек зат есімдерді құрастыру.

   Мысалы: қонақ, жал, қожайын, жалақы, жаңа жылыңызбен! т.б.

1-жүргізуші: Ойыншылар жазып жатқанша, біз сіздерден, құрметті қонақтар, келесі сұрақтарға жауап берейік:

- Сөйлем дегеніміз не?

- Синонимге мысал келтір.

- Сөйлемнің мүшелерін ата.

- Антонимнен мысал келтір.

- Абайдың неше қара сөзі бар?

- Етістік дегеніміз не?

- Көре-көре көсем боласың, ... ...

- Сөз тапқанға... ...

- Сөз тіркесінің құрылысы?

- Сөз таптарын ата.

- Мақал дегеніміз не?

- Жарайсыңдар, ойыншыларымыз жазған тапсырмаларды әділ қазылартексеріп те үлгерген сияқты, нәтижесін тыңдайық.

 

   Әділ қазылар нәтижесін айтып, кейбір ойыншылар ойыннан шығуға мәжбүр болады.

 

5-кезең. «Сөз баспалдағы» орыс тілінде сөздердің жазып сөз баспалдағын толтыру.

2-жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда (сөз баспалдағын әр ойыншыға үлестіреді) сөз баспалдағы бар, сол баспалдақ қазақ әліпбиінің алғашқы әріпінен басталады, қалғандарын аудармаларымен толтыру керексіздер.

1. Первая буква казахского алфавита      1. *

2. Лошадь                                                   2. **

3. Дедушка                                                 3. ***

4. Яблоко                                                    4. ****

5. Небо                                                        5. *****

6. Груша                                                     6. ******

7.Желудок                                                  7. *******

8. Больница                                                8.********

9. Шестигранник                                       9. *********

10.Казахская нац-я игра «Скинь меня»  10.**********

       Сіздер аударып жатқанша, біз көрермендермен ойын ойнаймыз, яғни жұмбақ жасырамыз бір-бірімізге.

 6-кезең. «Бұл кім?» - берілген мәтіннен кім екенін табу.

1-жүргізуші: Сіздерге көмек ретінде сөйлемдер оқылады, сіздер оларға сүйенңп мен кім туралы айтып жатқанымды табуыңызға тиістісіздер. Егер жауабын 1-ші сөйлемнен кейін тапсаңыз, 5 ұпай, 2-ші сөйлемнен ке»ін – 4 ұпай, 3-ші сөйлемнен кейін – 3 ұпай, 4-ші сөйлемнен кейін – 2 ұпай, ал 5-ші сөйлемнен кейін – 1 ұпай аласыз. Ал, сәт-сапар!

 1-ші мәтін: Оның әкесі ерте қайтты. Болғожа бидің қамқорлығына болған. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ балалары үшін, мектептерді ашып, жаңа мектептерді салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог.

                                                                                               (Ы.Алтынсарин)

 2-ші мәтін: Ол «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірген. Жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түскен. Қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

                                                                                         (Ш.Уәлиханұлы)

 3-ші мәтін: Ол орыс мектебінде үш  жыл оқып, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын оқып шықты. Шыңғыстау өңіріндегі тобықты руынан шыққан. Балалық кезінде Зере әжесі мен Ұлжан анасының әңгімелерін ұнатқан. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,аудармашы, философ.

                                                                                            (А.Құнанбаев)

 4-ші мәтін:  Қостанай өңірінде туылған. Қостанайда осы кісінің атында филормония бар. Қазақтың тұңғыш филімінде басты рөлді ойнаған. «Амангелді» рөлін ойнаған актер және әртіс.

                                                                                                    (Е.Өмірзақов)

 

5-ші мәтін: Ол қабандарға (доңыздарға) қарсы ұмтылған. 1691-1769 жылы өмір сүрген. Шын аты – Ерасыл. Әйгілі батыр, қолбасшы.

                                                                                               (Қабанбай батыр)

 

ІҮ.Марапаттау кезеңі.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ойыншыларымыздың жинаған ұпайларын білу үшін және де ойынның қорытындысымен танысу үшін әділ қазыларымызға сөз берелік.

    Әділ қазылар жеңімпазды құттықтап, өз тілектерін айтады.

 

Суперойын. Жүлдегерге жүлде ойыны ұсынылады.ойынның шарты: берілген Абай сөзінің мазмұнымен танысып, өз сөзімен түсіндіру, ойын түйіндеу. Абайдың айтқысы келген ойын басқаларға жеткізе білу. Бұл жүлде ойынын жүлдегеріміз ойнаймын десе ойнайды, яғни өз қалауында.

 

Ү. Қорытынды: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, жүлдегелерді құттықтап, барлық қатысушыларымызға және де қонақтарға тілейтініміз: алдағы өмірлеріңіз сәтті болсын, өнерлерің, білімдерің көбейіп, биіктен көріне біліңдер!

    «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - дейді Г.Гегель.

   Жақсы  сөзді жанына азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді. Тіл өнерін қадірлеп, құрметтеді. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

   Осымен, сайысымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет, келесі де кездескенше, сау-саламат болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!