Алматы
облысы
Еңбекшіқазақ
ауданы
«Талдыбұлақ орта мектебі –
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
География
кеші
Тақырыбы: «Білімдінің ойы
алтын»
География пәнінің мұғалімі:
А. Р. Досанова
2016-2017 оқу
жылы
Тақырыбы: «Білімдінің ойы
алтын»
Мақсаты:
Білімділік: ХХІ ғасыр – білімділік ғасыры
болғандықтан, бүгінгі танда заманына сай, ой – өрісі дамыған,
білімді ұрпақты қалыптастыру.
Дамытушылық: Материктер туралы сабақта
алған білімін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру, әр
метерикті жете тануға қызығушылығын ояту, шығармашылық ізденістерін
дамыту.
Тәрбиелік: Сұрақты тез шеше алу қабілеті
мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілік: Қанатты сөздер,
слайдтар.
1 –
жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін таратады
баршаға,
Шын пейілмен құрметімізді
көрсетіп,
Бас иеміз ұстаздар мен оқушы
толған ортаға.
Құрметті көрермен! Армысыздар,
өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын, жеңіске жүрегі жарыла қуанатын
жанкүйер қауым! «Білімдінің ойы алтын» атты сайысына қош
келдіңіздер!
2 –
жүргізуші: Жер шарында тіршілік етіп,
географиямен таныспай кету «Египетте болып пирамиданы көрмей кету
немесе Астанада болып Бәйтерекке қарамай кетумен тең» - деп айтсақ
артық айтқандық болмас. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы
география саласы бойынша оқушыларымыздың ой – өрісін, білімдері мен
ептілігін сарапқа салатын боламыз.
1 –
жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу
артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар
жарады.
Жаршы заңы ежелден, жеңімпазды
анықтау,
Озат болу шарты сол –
еңбектену, жалықпау. Ендеше ортамызға география пәні бойынша
ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр
оқушыларымызды шақырайық.
2 –
жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын,
оқушыларымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
танысыңыздар.
1. Ағылшын тілінің мұғалімі:
Мүсілімова Жадыра апай
2. Қазақ тілі және әдебиет
пәнінің мұғалімі Сағымбекова Шолпан апай
3. Тарих пәнінің мұғалімі:
Қараева Гүнар апай
Құрметті қатысушылар қазір
сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырып
өтейін:
1.
Таныстыру
2. Жұлдызды
сәт
3.
Математик
4. Бұл
кім?
5.
Полиглот
6. Кім
жылдам?
7.
Қорытынды.
1 –
жүргізуші: Бәйге қуып жігіттер өтер
деймін,
Бір басына өнері жетер
деймін
Бәске түскен үш топ
кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер
деймін! «Сәлем – сөздің атасы» демекші сайысымызды сәлемдесуден
бастаймыз. Әр оқушы өзін таныстырады. (Сәлемдесу 5 балға дейін
бағаланады)
Өтілетін сайысымыз материктер
жайында болғандықтан, 7-сыныпта өткен «Материктер мен мұхиттар
географиясын» еске түсіру үшін ортаға 7-сынып оқушыларын
шақырамыз.
Серуен:
Еуразия
Орасан зор
материкпін,
Төрт мұхит, төрт
қабырғам.
Алуан түрлі
тірлігімен
Көп халық менен
табылған
Исландия - аралым
бар,
Фенноскандия –
орманым.
Балқан таумен
таралынған
Гималай, Альпі
қорғаным.
Арабия – үлкен
түбек,
Месопотамия – жазық
ойпат.
Орта Азия шөлді
өлкені
Жылқы, түйе жүрер
жайлап.
Тынық мұхит
жағасында
Вулканым бар отты
алып.
Ұлы Қытай
жазығында
Ырзығын терген көп
халық.
Архипелаг
Малайзия
Тұрады бес мың
аралдан.
Күріш пенен шәй
бұта
Бұл жерге тән
таралған
Аяжан:
Африка
Мен Африка! Қос мұхит
арасында
Еуропадан 3 есе үлкен
құрлықпын.
Түп атым «Еуразия»
тайпасында,
Белімді экватор кескен
құрлықпын.
Маймыл, піл, жираф, зебра
мекен еткен,
Какаодан жетістікке жеткен
құрлықпын.
Мадина: Солтүстік
Америка
Өзім жайлы менде айтып
берейін,
Құнды-құнды мәліметтер
терейін
Ағаларым өзін айтып
мақтанды
Байлығымды мен де мақтап
көрейін
Қалың тонды қойбұқам
бар,
Қылқанды шырша орманым
бар.
Бұлғын, құндыз ондатра
–
Ең бағалы аңдарым
бар.
Ниагара алып
құламадан
Энергия
аламын.
Үлкен Антиль, Кіші
Антиль
Бағамдай бар
аралым.
Гольфстрим ұлы
ағысым,
Кордильер таулы
тізбегім
Иеллоустон – ұлттық
паркке
Барудың жолын
іздегін.
Гейзер суы көкке
өрлеген,
Секвоялы жасыл
орман.
Міне, осы барым
менің
Маған мәңгі мақтан
болған.
Жасмин: Оңтүстік
Америка
Шығысым менің кең
жазық,
Анд тауы батыс
жағында.
Амозонка ең сұлу
өзен,
Биік таудан
соғылған.
Өсімдігім
мимоза,
Кебрачо,
кактустар.
Мекен еткен
жерімді,
Пума, ягуар
жыртқыштар.
Жиырмадан астам елім
бар,
Титикака көлім
бар
Байрам:
Антрактида
Шынымене мінезім сәл
қаттылау
Жақтарым да бар ғой бірақ
жақсылау
Мысалы менде ғалымдардың
ғылыми
Станциялары жұмыс жасайды
бақылау.
Жануарларым тюлень, теңіз
мысығы,
Пингвиндердің көрдіңіз талай
қызығын
Салихат:
Аустралия
Айтар болсам
өзімді
Тыңдаңыздар
сөзімді
Ағалардан
шалғайдамын
Құрғақшылық бар
аймағым.
Қос мұхитпен
қоршаулымын,
Қалталы келеді
жануарым
Әлем бойынша қой
өсіріп,
Ең бірінші орын
алдым
2 –
жүргізуші: Ал, балалар, сайысқа
қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын
бар,
Білімді бір тексеріп көрейік
біз
Жауап қатсаң сұраққа
жарайсыңдар! – деп сайысымыздың келесі «Жұлдызды сәт» кезеңін
бастаймыз. Бұл жерде әр командаға 10 сұрақ беріледі, әр дұрыс жауап
10 ұпаймен бағаланады. Егер топ жауап бере алмаса басқа топ жауап
беруге болады.
І –
топқа:
1. Дүниежүзінде неше материк
бар? (6)
2. Жер шарындағы барлық 4
мұхит сулары шайып жатқан материк?
(Еуразия)
3. Титикака көлі қай материкте
орналасқан? (Оңтүстік Америка)
4.
Иеллоустон – ұлттық паркі қай
материкте орналасқан? (Солтүстік Америка)
5. Дүниежүзіндегі ең биік
сарқырама қай материкте? (Анхель. Оңтүстік
Америка)
6. Килиманджаро тауы қайда
орналасқан? (Африкада)
7. Солтүстік Америкадағы ең
суық жер? (Греландия)
8. Қазақстан қай материкте
орналасқан? (Еуразия)
9. Солтүстік Американың
батысындағы тау? (Кордильер тауы)
10.
Ең биік материк ?
(Еуразия)
1 –
жүргізуші: ІІ –
топқа:
1.
Ең ыстық материк ?
(Африка)
2. «Ұлы көлдер» қайда
орналасқан? (Солтүстік Америкада)
3. Ең халқы көп материк?
(Еуразия)
4.
Африка аралдарының ең үлкені?
(Мадагаскар)
5. «Ұлы Қытай жазығы» қай
материкте? (Еуразия)
6. Оңтүстік Америкаға ең алғаш
аяқ басқан саяхатшы? (Х. Колумб)
7. Дүниежүзіндегі ең кішкентай
материк? (Аустралия)
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен көл
қай материкте? (Еуразия)
9. Еуразия материгіндегі ең
ыстық шөл? (Тар шөлі)
10.
Меринос қойын өсіруде н
алдыңғы орындағы материк? (Аустралия)
2 –
жүргізуші: ІІІ –
топқа:
1.
Еуразия мен Солтүстік
Американы бөліп тұрған бұғаз? (Беринг
бұғазы)
2. Оңтүстік жартышарда
қалыптасқан ежелгі материк? (Гондвана)
3. Беллинсгаузен мен Лазарев
ашқан материк? (Антарктида)
4.
Қалталылар ғана тіршілік
ететін материк? (Аустралия)
5. Дүниежүзіндегі ең ылғалды
материк? (Оңтүстік Америка)
6. Оңтүстік Америкадағы ең суы
мол өзен? (Амазонка)
7. Антарктидада пингвиндердің
неше түрі таралған? (17)
8. Солтүстік Американың
байырғы халқы? (Үндістер)
9. Тек ғана ғалымдар тұратын
материк? (Антарктида)
10.
Жираф, зебра қай материкте
тіршілік етеді? (Африка)
1 –
жүргізуші: Келесі кезең
«Математик». Есепті жақсы шығаратын топ
алға шығады. Мына «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды
орындауларын қажет. (Бір оқушы келіп сандықшадағы тапсырманы алады,
есептеп береді)
1-есеп: Бір тәулік ішіндегі
температура: 50,
-30,
60,
40. Тәуліктік орташа
температураны тап.
Жауабы: 5 + 6 + 4 – 3 =
12
120
: 4 =
30
Тәуліктік орташа температура:
+ 30
2-есеп: Литосфералық тақталар жылына 5
см жылжыса, 10, 20, 30 жылда қанша см
жылжиды?
Жауабы: 5 * 10 = 50
см
5 * 20 = 100
см
5 * 30 = 150
см
3-есеп: Алматы мен экватордың ара
қашықтығы градус бойынша анықта. Алматының еңдігі
430
с.е.
10
меридиан доғасы 111 шақырымға
тең.
Жауабы:
430
* 111 шақырым = 4773
шақырым.
2 –
жүргізуші: Біздің тек қана
қатысушыларымызбен ғана емес, көрермендермен де ойынымыз бар.
Экранға назар аударамыз. Ситуациялық сұрақтар, әр сұраққа дұрыс
жауап берсеніздер сыйлықтар бар.
1-сұрағымыз: Көңіл – күй болмаған адамның
бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
материгі.
2-сұрағымыз: Сіздер бейтаныс жерге
кемемен жүзіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға
әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Олар сіздерге «кенгуру» деген
сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және
адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікті
халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағынаны
білдіреді.
3-сұрағымыз: Сіздер бұл материкте оқымысты
ғалым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ,
ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және
қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай
халық?
Жауабы: Антарктида материгі және
зерттеушілер.
4-сұрағымыз: Италияда «ит үңгір» деп
аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып
тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай – ақ
сенделіп барып құлайды. Неге?
Жауабы: Газ жерден 1 метрден артық
биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлайды.
1 –
жүргізуші: 22 жасында Орыс география
қоғамына мүше болған қазақ саяхатшысы Шоқан Уәлиханов туралы
бәріміз білеміз. Біздің қатысушыларымыз шетелдік саяхатшылар туралы
қаншалықты біледі екен, тексерейік.
Ұлы саяхатшылар. (экранда
көрсетіледі)
2 –
жүргізуші: Үш тілді білу заман талабы.
Келесі кезеңіміз «Полиглот» бұл кезеңде сіздерге жұмбақ жасырылады,
сол жұмбақтың жауабын үш тілде айтасыздар.
І-топқа:
1. Ешбір тірексіз
күмбез,
Ешбір сүйексіз
күмбез.
Ешкім көтере алмайтын
күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез.
(Аспан – небо – the sky)
2. Жылт – жылт
еткен,
Жылғадан өткен. (Су – вода –
water)
3. Бетін адам
ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап –
книга – book)
4. Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын.
Биіктен қайта
түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр –
дождь – rain)
ІІ –
топқа:
1. Ол келсе орман
шулайды,
Толқып теңіз
тулайды.
Қуса өзін
қуады,
Ешкім оны қумайды. (Жел –
ветер – wind)
2. Ай үстінде асыл
тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз
– звезда – star)
3. Бір нәрсе бетіңде жоқ ой
менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып
жүр.
Өзіңе назар салып,
қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп
тұр. (Глобус – глобус - )
4. Үлкен – үлкен
түйені,
Тастапты адам
шөгеріп.
Өркеші бұлтқа
тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (Тау –
гора - )
ІІІ –
топқа:
1. Кең әлемді
кернейді,
Көзін бірақ көрмейді. (Ауа –
воздух – )
2. Ақ боз атым
орнында,
Ақ көбікке
малынды.
Тұяқпен тас
атқылап,
Таудан түсті шапқылап. (Өзен –
река – )
3. Жер көрдім қаласы
бар,
Үйлері жоқ
мекендейтін.
Көл көрдім, өзен
көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (Карта
– карта - )
4. Бүгін киген ақ
тоным,
Ертең болар қара
тон.
Қара тоным аздан
соң,
Болып кетер ала тон. (Жер –
земля - )
1 –
жүргізуші: Алдарыңызда 10-сынып оқушысы
Байзақ Сымбат өз шығармашылығынан сіздерге
«Қазақстан картасы» атты өлеңін қабыл
алыңыздар.
Астана – құт қазақтың
қонысы,
Алматы – ғасырлардың
тарихы,
Ақтөбе – өлке, ақ тарысы-мол
ырыс.
Атырау – мол Қазақстан
мұнайы.
Жамбыл – жайлау, қазыналы
шұрайлы.
Жезқазған – кен, бұзылмаған
қаймағы.
Көкшетау – көп көгілдір көл
аймағы
Қарағанды – қара алтынның
қоймасы.
Қостанай – құт, қызыл бидай
қамбасы.
Қызылорда – күрішті Сыр
сағасы
Орал – көне Ақ Жайықтың
жағасы.
Өскемен – өр, шығыста Алтай
саясы.
Павлодар – Қара Ертістің
аясы.
Петропавл – солтүстігім
орманды.
Семей – аңыз, Шығыстаудай
қорғанды.
Талдықорған – жер жаннаты, көп
бағы.
Шымкент – ыстық оңтүстігім
мақталы.
2 –
жүргізуші: Жылдамдықпен талай нәрсе
өлшенеді,
Жігерлі жас, болсаң егер
белсенді
«Кім жылдам?» бұл кезеңі
сайыстың,
Сұрағыма жауап беріп көрші
енді - құрметті қатысушылар сіздерге бір
географиялық обьектіні оқимын, сіздер сонын не екенін айтуларыңыз
керек. Кім бірінші қолдарындағы таяқшаны көтереді сол жауап береді.
Мұнда сіздердің білімдеріңізбен қатар шапшандықтарыңызда сыналады.
Мысалы: Анд – тау деген сияқты.
1. Қазақстан –
мемлекет
2. Амазонка – өзен,
(ойпат)
3. Ине –
мүйіс
4. Игуасу –
сарқырама
5. Суэц –
канал
6. Байкал –
көл
7. Мадагаскар –
арал
8. Пассат –
ағыс
9. Беринг – бұғаз, (саяхатшы,
теңіз)
10. Ориноко –
өзен
11. Маракайбо –
көл
12. Кариб –
теңіз
13. Сахара –
шөл
14. Намиб –
шөл
15. Тасман – арал,
(теңізші)
16. Аден –
шығанақ
17. Тынық –
мұхит
18. Кордильер –
тау
19. Лабрадор –
түбек
20. Батыс Сібір –
жазық
1 –
жүргізуші: Әділқазылар алқасы нәтижесін
дайындағанша 5-сынып оқушыларының «Әсем әнін»
тындайық.
2 –
жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға
берейік.
Арамызда тапқыр достар көп
екен.
Солардың біз нәтижесін көрейік
- деп сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
1 –
жүргізуші: Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына!
Дарындылық пен
тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді, география
сырына, - дей отырып сайысымызды
аяқтаймыз.