Материалдар / Сайыс: Кітап оқитын адам – табысты адам
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сайыс: Кітап оқитын адам – табысты адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Бүгін сендер кітаптан өздеріңе пайдалы мағлұмат, біраз кеңес алдыңдар. Олай болса, Абайды Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма» деп кітапты оқуға үйреткен екен. Кітапты көп оқиық. Оқырмандарымыз көбейе берсін. Ендеше, кітап – біздің рухани байлығымыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
79
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кітап оқитын адам табысты адам» байқауы


Сайыстың мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту.

Сайыстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: «Кітап оқитын адам – табысты адам», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Кітап – сенімді сырласың», «Кітап – ғажап дос» т.б. кітап туралы нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Бағыты: «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында кітапханашының баяндамасы. Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.


Кітапханашы:- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кітап апталығының «Кітап оқитын адам – табысты адам» бөліміне қош келдіңіздер!

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар – еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр. Біздің бүгінгі байқауымыз кітапты жандарына серік қылған, білім мен ғылымды бойларына жинаған оқырмандарымызға арналмақ.

Білесің бе, кітап – білім ұясын,

Келесің мұнда өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар: «Кітап – білім бұлағы»,

Кітапхана – сол ойшылдар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық-тағы білімпаз боп шығары.

Олай болса, 7-8 сыныптың оқырмандарын ортаға шақырайық.

Ал, ендеше, шалқытып ән салайық,

Білімпаз оқырманға қол соғайық.

Дәстүрін халқымыздың қастерлеген

Әр сыныптың оқырманын қарсы алайық, - деп байқауға қатысушы оқырмандарымызды қарсы алайық. Әр сыныптан қатысып тұрған оқырмандардың білімдеріне әділ баға беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап

-7-

алайық.

- Бүгінгі оқырман байқауы мынадай бөлімдерден тұрады:

1. «Мен – оқырманмын» (өздерін таныстыру)

2. «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы» (оқыған кітабы туралы әңгімелеу)

3. «Мына кітапты оқуға міндетті түрде кеңес беремін» (бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітапты оқу керектігі жайлы жарнама жасайды)

І бөлім: «Мен – оқырманмын»

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп ұлы Абай айтқандай, сырты күміс, іші алтын сөздермен оқушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.

ІІ бөлім: «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы»

Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз саған жол басшы,

Біздің ғасыр – білімділер ғасыры,

Деп айтқандай Нұрсұлтандай Елбасы.

Ендеше, кітап – менің шамшырағым, серігім деп оқырмандарымыз бұл бөлімде өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімелеп береді. Әр оқырман дайындап келген шығармаларын слайд арқылы қорғайды.

ІІІ бөлім: «Мына кітапты оқуға міндетті түрде оқуға кеңес беремін»

Өмір мәні – өнер менен білімде,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың, рухани қазынаң,

Құнды байлық, баға жетпес бұл өте, - дей отырып, келесі «Мына кітапты оқуға міндетті түрде оқуға кеңес беремін» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітаптар оқу керектігі жайында жарнама жасайды (слайдпен).

- Бір ұмытшақ адам көп кітап оқыған екен. Бірақ оқыған кітабының, шығармаларының авторларын ұмытып қалыпты. Енді осы кітаптың, шығарманың авторын табуға көмектесейік.

1) «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы» кітаптарының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

2) «Қызыл жебе» кітабының авторы кім? (Шерхан Мұртаза)

3) «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

4) «Он бес жасар капитан» кітабының авторы кім? (Жюль Верн)

5) Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)

-8-

6) Халықаралық кітап қашан атап өтіледі? (23-сәуір)

7) Кітаптың суреті қалай аталады? (Иллюстрация)

8) Кітап кім үшін жазылады? (Оқырман үшін)

9) «Балуан Шолақ» кітабының авторы кім? (Сәбит Мұқанов)

10) «Күй», «Құлагер», «Күйші» поэмаларының авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)

11)«Көшпенділер» романының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)

12) «Қорғансыздың күні» кітабының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

13) «Дауа» кітабының авторы кім? (Фариза Оңғарсынова)

14) Қазақ елінің ғұлама авторы кім? (Абай Құнанбаев)

15) Қазақтың бес арысын ата. (Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов)

16) «Ақбілек» кітабының авторы кім? (Жүсіпбек Аймауытов)

- «Мақал – сөздің мәйегі» дегендей, кезекті кітап туралы мақалға берейік.

1) Кітап – көп ақылдың құйылған көлі.

2) Кітапсыз өткен бір күн – орны толмай бос кеткен күн.

3) Кітап ғылым – тілсіз мұғалім.

4) Кітап – көптің ұстазы.

5) Жақсы кітап – жан азығы.

6) Кітап – алтын қазына.

7) Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.

8) Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

9) Кітап – оқығандыкі, білім – тоқығандыкі.

10) Күш білімде, білім кітапта.

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелеп кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

- Міне, оқырмандар, кітап оқысаңдар қызыққа кенелесің, тауды жарып, тасты бұзасың, бүкіл әлемге саяхат жасайсың. Кітап ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Бүгін сендер кітаптан өздеріңе пайдалы мағлұмат, біраз кеңес алдыңдар. Олай болса, Абайды Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма» деп кітапты оқуға үйреткен екен. Кітапты көп оқиық. Оқырмандарымыз көбейе берсін. Ендеше, кітап – біздің рухани байлығымыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!